Page 330 - Ежелгі шығыс философиясы

Basic HTML Version

330
Егер [мәселені] осылай қарасақ, онда мәдениеттілік пен борыш сезімі практикалық
қызметтің жиынтығының нәтижесі ретіңде адамның туа бітті қасиеті бола ала ма?! Цзе
мен Чжи надан адамдар секілді өздерінің туа бітті қасиеттері мен сезімдеріне еріп, бетімен
кеткені және еркінсігені үшін іші күйіп қызғанады, соның нәтижесінде олжа мен тонауды
аңсау жолына түсті. Адамның өз табиғатында қатыгез екендігі және оның ізгілігі
[практикалық] іс-әрекеттен пайда болатыны осыдан анық көрініп тұр!
Цзэн Цан, Минь Цзы-цянь және Сяо И басқа адамдардан аспанның оларды құмарлыққа
бөлегендігіне байланысты ерекшеленген жоқ! Онда тек қана Цзэн Цан, Минь Цзы- цянь
және Сяо И-лардың ата-аналарына шынайы құрмет таныта алуының және құрметті
адамдардың жоғары дәрежедегі даңқына еңбегі сіңуінің себебі неде? Бұл олардың рәсім
ережелерін сақтауға және борыш сезімін орындауға бағытталған күштерінің көрінісі
болып табылады! Цинь патшалығының адамдары Ци және Лy патшалығының
адамдарынан аспанның өздерін құмарлыққа бөлегендігінің арқасында ерекшеленбеген!
Онда Цинь патшалығы адамдарының әкесі мен баласының өз борыштарын сақтауы және
ері мен әйелі арасындағы айырмашылық мәселесінде Ци және Лy патшалығының
адамдары секілді соншалықты мәдениетті еместігінің және құрметті еместігінің себебі
неде?! Бұл Цинь патшалығы адамдарының өз есімдерін басшылыққа алып, бетімен
кетуіне, еркінсігеніне және мәдениеттілік пен борыш сезімін менсінбегеніне байланысты
орын алған! Мұнда мәселе олардың табиғи қасиеттерінің айырмашылығы туралы болып
отыр ма?!
...Кейбіреулер былай дейді: "[Практикалық әрекетті жинақтай отырып], кемеңгер болуға
болады. Онда адамдардың барлығы солай істеп, неге солай болмайды?" Жауап берейін: өз
ықтиярыңмен [практикалық әрекеттерді] жинақтай отырып кемеңгер болуға болады, бірақ
күштеп [бола] алмайсың! Сондықтан надан адам кемеңгер болуы мүмкін, бірақ [мұны
істегісі] келмейді; кемеңгер надан болуы мүмкін, бірақ [мұны істегісі] келмейді. Надан
адам мен кемеңгер әрқашанда орындарын ауыстыра алады, алайда [мұны] істемейді! Олар
[осылай істесе де], бірақ оларды [бұлай істеуге] мәжбүрлей алмайсың! Сондықтан
көшедегі қарапайым адам Юй бола алады, дұрыс та болады деп [айтады], бірақ көшедегі
барлық қарапайым адамдар Юй бола алса, бұл сенімді болар ма еді [дейді]. Барлығы да
Юй бола алмаса да, алайда бұл олардың өздері бола алатын [жағдайды] мүлде өзгертпейді.
[Адам] аяғымен бүкіл Аспан астын айналып шыға алады, алайда ешкім ешқашан осыны
істеген жоқ. Шебер, ұста, шаруа және саудагер әрқашанда істерін алмастыра алады, бірақ
ешқашан да осылай жасай алмады. Егер [мәселені] осылай қарайтын болсақ, онда [біреу]
"болу мүмкіндігі" әлі де міндетті түрде осыны істеу "қабілетін" білдірмейді! Бірнәрсені
істеу "қабілетсіздігі" мұны "істеуге болады" деген [жағдайды] өзгертпейді! "Қабілеттілік"
пен "қабілетсіздік" және "мүмкіндік" пен "мүмкін еместік" араларында үлкен айырма бар
екендігі осыдан көрініп тұр! Мұндай жағдайда олардың бір-бірін алмастыра алмайтыны
толықтай анық көрініп тұр... Жоғары [деңгейдегі] батылдық бар, орташа [деңгейдегі]
батылдық бар және төменгі [деңгейдегі] батылдық бар. Аспан асты жүруі [тиіс] жолдың
ортасына нық түру керек; ван-бабалар ұстанған принциптерді батыл ұстану керек;
жоғарыда бүлік пен тәртіпсіздік тудырған монархтардың жолын тұтынбау керек; төменде
бүлік себуші адамдардың жолын ұстанбау керек; адамгершілік бар жерде кедейшілік
[туралы айтпау] керек; адамгершілік жоғалған жерде байлық [туралы айтпау] керек;
Аспан асты, олармен қуанышы мен қайғысын бөліссе, өзіңді түсінеді; егер де Аспан
астындағы адамдар сені түсінбесе, әлемдегі өз орнында жеке және бағынышсыз қалса
және үрей күйін сезінбесе — жоғары [деңгейдегі] батылдық сол! Рәсімді құрмет тұтып, өз
ойларында ұстамды болса, байсалды, шынайы жөне байлықты елемесе; талантты
адамдарды алға шығарып, оларды қызметте өсірсе; қабілетсіз адамдар батыл іркіп, оларды