Page 329 - Ежелгі шығыс философиясы

Basic HTML Version

329
алып келеді. Мұның артынан Аспан астында дереу хаос орнайды және бірінен соң бірі
күйреу басталады! Егер [адам] табиғатын осылай қарастырсақ, онда адамның өз
табиғатында қатыгез екендігі және оның ізгілік [практикалық] іс-әрекеттен пайда
болатыны анық көрінеді.
Сондықтан көне заман туралы шебер әңгімелейтін адам өз сөздерін] осы заманғы
[мысалдармен] растауы тиіс; аспан туралы шебер әңгімелейтін адам [өз сөздерін] адам
өмірінің [мысалдарымен] растауы тиіс. Барлық ілімнің құндылығы онда айырушы және
топтастырушы және [дәлелдеу] фактілеріне жауап беретін [пайымдаулардың] келтірілуіне
байланысты. Сондықтан отырып алып қандай да бір теорияны ұсынатын адам орнынан
тұрып, [тыңдаушылардың алдында] өз теориясының барлық ережелерін ашуы және содан
кейін оны өмірде іске асыра алуы тиіс. Мэн-цзы былай деген: "Адам өз табиғатында ізгі".
Бүл ілімде айыратын және топтастыратын және [дәлелдеу] фактілеріне жауап беретін
[пайымдаулар] жоқ. [Мэн-цзы] бүл туралы отырып айтқан, тұрған кезде өзімнің барлық
ережелерін ашып, оларды омірде іске асыра алмаған. Бұл елеулі қателік емес пе? Осыдан-
ақ көрініп тұр: егер адамды оз табиғатында ізгі деп санасақ, онда кемеңгер вандардан
және рәсімдер мен борыш сезімінен бас тарту керек! Етер де адамды оз табиғатында
қатыгез деп санасақ, онда кемеңгер вандарға бой ұсынып, рәсім мен борыш сезімін
бағалау керек! Ағашты түзету үшін қысымның пайда болуы қисық ағаштың болуына
байланысты екені анық көрініп түр. Ұста жібінің пайда болуы қисық заттардың болуына
байланысты. Адамдар арасында билеушінің [билігін] құру және оларға рәсім ережелері
мен борыш сезімін түсіндіру адамның оз табиғатында қатыгез болғанына байланысты
болып отыр! Егер [адам] табиғатын осылай қарасақ, онда адамның оз табиғатында қатыгез
екендігі және оның ізгілігі [практикалық] іс-әрекеттен пайда болатыны анық болады!
Түзу ағаш өзін түзету үшін қысымды қажет етпейді; бұл осы ағаштың оз табиғатында түзу
болуына байланысты. Қисық ағаш сөзсіз қысым мен қызудың көмегімен өңделуі тиіс, тек
осыдан кейін ғана ол түзу болады; бұл осы ағаштың оз табиғатында қисық болуына
байланысты. Адам оз табиғатында қатыгез болғандықтан, ол сөзсіз кемеңгер вандар
тарапынан басқарылуды және рәсім ережелері мен борыш сезімі арқылы тәрбиеленуді
қажет етеді — тек сонда ғана барлық адамдардың тәртіпті сақтауына және ізгілік
[ережелері] жауап беруіне қол жеткізуге болады. Маған былай дейді: "[Практикалық]
қызметтің нәтижесі ретінде мәдениеттілік және борыш сезімі — мұның бәрі адамның туа
біткен қасиеті. Сондықтан да кемеңгерлер оларды өмірге шақыра алды!".
Жауап берейін: бұл дұрыс емес. Көзеші қалыптың көмегімен саздан көзе бұйымдарын
жасаса, осы бұйым мен саз көзешінің туа бітті қасиеті бола ала ма? Ұста ағашты сүргілеу
арқылы одан бұйым жасаса, осы бұйым мен ағаш ұстаның туа бітті қасиетін құрай ма?
Кемеңгерлердің рәсім мен борыш сезіміне қатысты қандай қарым-қатынасы барына
келетін болсақ, онда мұнда да саздан қалып арқылы көзе бұйымдарын жасайтын көзешіге
қатысты [жағдай] байқалады! Мұндай жағдайда мәдениеттілік пен борыш сезімі
практикалық іс-әрекеттің [жинақталуының] нәтижесі адамның туа бітті қасиеті деп қалай
айтасың?! Яо мен Шунь өзінің туа бітті қасиеттері бойынша Цзе мен Чжиден
ерекшеленбейді, ал кемеңгер — надан адамнан ерекшеленбейді. Егер де мәдениеттілік пен
борыш сезімі практикалық әрекеттің жинақталуы ретінде адамның туа бітті қасиеті деп
санасақ, онда Яо мен Шуньді, кемеңгерді кіммен салыстырып бағалаймыз?! Яо мен
Шуньді кемеңгер ретінде олардың өздерінің туа бітті қасиеттерін өзгерте алғандығы үшін
бағалайды, соның нәтижесінде рәсім мен борыш сезімі пайда болды. Мұндай жағдайда
кемеңгерлер рәсім мен борыш сезіміне көзеші саздан көзе бұйымдарын қалай жасаса,
[олардың практикалық] әрекетінің жинақталуының нәтижесі секілді оған солай қарайды.