Page 32 - Ежелгі шығыс философиясы

Basic HTML Version

32
14. Бірақ ол [қашан] тоқтаусыз ұзақ уақыт бойына және лайықты ілтипатпен
қолданылса [тек сонда] нық қалыптасуға аяқ басады.
[Тәжірибе], ұзақ уақыт бойына қолданылғанда және тоқтаусыз қолданылғанда оны
құштарлық, сабырлылық, білім мен сенім арқылы жүзеге асырады, [демек тиісті]
ілтипатпен, берік қалыптастырылған болады. [Басқаша сөзбен,оның| мақсаты демек сана
тұрақтылығы] кенеттен пайда болатын санскарлармен басылуы мүмкін емес, —
[сутраның] мәні осындай.
15. Қызықпаушылық дәстүрмен түсіндірілетін, сезімдік объектілер мен мақсаттарға
құштарлықтан кім еркін болса, соның толық жеңісті жағдайы болады.
Сана мынандай сезімдік объектілерге: әйелдер, ас, ішімдік, билік [т.с.с.] және [ведалық]
дәстүрлермен түсіндірілетін мақсаттарға — аспандағы өмірге ие болуға, денесіздікке және
алғашқы себепке қосылуға, құштарлығынан айрылғанда,— керек десеңіз олардың
жетілмегендігін көретін құдайлық немесе бұқаралық объектілермен байланысы бар
болғанының өзінде жоғарғы ажырату қабілеті арқасында, сезімдік тәжірибенің
жоқтығымен сипатталатын, немесе меншіктелуі керек болатынның барлығын, лақтырып
тастайтын, еркін толық жеңу санасы болады. Қызықпаушылық осы болады.
16.Пурушаны аңдау арқасында [қашан] гундарға құштарлық жоғалғанда, ол — жоғарғы.
Сезімдік және дәстүрмен түсіндірілетін объектілердің жетілмегенін көруші оларға
талғаусыз [болады]. Практика арқасында Пурушаның [йогқа] көрінуінен, [жетілген]
ажырату арқасында оның парасатының кеңеюінен, осы [көріну] тазалығына [еліктеуден]
ол, гундардың қалай көрінген және солай көрінбеген мәндеріне талғаусыз болады.
Қызықпаушылықтың екі түрі осындай. Оның ең жоғарғысы — білімнің анық жарығы
есебіндегіден өзгеше еш нәрсе емес. Осы [жарық] пайда болуымен ажыратуды түсіну
қабілеті пайда болған [сол йог]: "Нені тауып алу керек болса бәрі табылды; көп болуы
керек аффектілер жеткілікті; туылудың соңынан келетін өлім, ал өлімнің соңынан [жаңа]
туылу келетін үздіксіз өмір сүрудің шешілмейтін шынжыры үзілді" — деп ойға шомады.
Тек қана қызықпаушылық ақиқат білімнің жоғарғы мақсаты және абсолюттік
жекеленушілік онымен бөлінбейтін тығыз байланыста болады. Одан әрі. Неге екі әдістің
жәрдемімен табылатын сана қызметінің тоқтауы саналы жинақталу деп аталады?
17.[Ол] — саналы, өйткені оған іріктеу, рефлекстік, шаттану, өзіндік түрлері еріп
жүреді.
Іріктеу сана объектісіне қатысында "дөрекі" тәжірибе болады, рефлекстік — "нәзік".
Шаттану [ішкі] көтерілу болады. Өзіндік [жеке] "мен" мен сана бірлігі болады.
Осында жинақталудың бірінші [сатысына], [барлық] төрт [түрлермен аталатын]
"іріктелгендер" еріп жүреді. Екінші — іріктеуден, "рефлекстіктен" айрылған. Үшінші,
рефлекстіктен — "шаттанудан" айрылған. Төртінші, одан да айрылған — "тек өзіндік".
Осы жинақталудың барлық [сатылары] "сүйеніш үлесі" [деп аталады]. Одан әрі, ессіз
жинақталулар туралы. [Оған жетудің] әдістері қандай және оның өзіндік табиғаты қандай.
18. Басқа, [тек қайсысында] қалыптастырушы факторлар қалатын [жинақталулардың]
алдын [сана қызметінің] тоқтауына себепші болатын тәжірибелер алады.
Санасыз жинақталу — сана қызметінің бәрі тоғарылып, тек санскарлар [санасыз
қалыптастырушы факторлар] қалатын сананың тоқтауы. Оның әдісінің жетістігі —
жоғарғы қызықпаушылық, өйткені [сана тірегі ретіндегі] объектімен тәжірибелік жұмыс,
оның жүзеге асуының тәсілі қызметін атқармайды. [Санасыз жинақталу] тірегі, заттың
ақиқаттығы болмайтын [сана қызметінің] тоқтауы себебі болады. Осындай [жинақталуда]