328
егер де оларға рәсім мен борыш ережелерін сақтау рухында тәрбиелесе, олар тіпті елдің
[барлық] адамдарына қатысты ілтипатшыл болады!
Адамдар тап осыған байланысты ізгілікке ұмтылады, өйткені адам өз табиғатында
қатыгез! Әлсіз адам кеңпейіл болғысы келеді, сүйкімсіз адам — әдемі, шектеулі адам —
дүниетанымы кең [адам], кедей — бай, төменгі — жоғарғы адам болғысы келеді. Егер
адам өзінен бірнәрсе таба алмаса, олар осыны сөзсіз сырттан тапқысы келеді. Сондықтан
бай [басқаның] байлығын қызғанбаса, ал сыйлы адам — [басқаның] қуаттылығын
қызғанбаса, яғни олардың өзінде бұның бәрі бар, оны сырттан іздеп қажеті жоқ. Егер
[мәселені] осылай қарасақ, онда адамдардың тап осыған байланысты ізгілікке
ұмтылатындығы анық көрініп тұр, өйткені адам өз табиғатында қатыгез тектес.
Шындығында, адам өз табиғатында мәдениеттілікке де, борыш сезіміне де не емес;
сондықтан ол оқу арқылы осы қасиеттерді иемденуге барынша ұмтылады! Адам өз
табиғатында рәсімді де, борышты да білмейді, сондықтан ол пайымдау арқылы осы
қасиеттерді тануға ұмтылады! Егер тек қана [адамның] табиғи қасиеттеріне сүйенсек, онда
адамда мәдениеттіліктің де, борыш сезімінің де болмайтыны жөне рәсім дегеннің не жөне
борыш сезімі дегеннің не екендігін білмейтіні осыдан көрініп тұр. Адамдарда
мәдениеттілік пен борыш сезімінің болмауы хаосқа әкеледі, ал мәдениеттілік пен борыш
сезімін білмеуі — [заңдардың] бұзылуына әкеледі. Егер тек қана [адамның] табиғи
қасиеттеріне сүйенсек, онда бұның [ешқандай да жақсылыққа әкелмейтіні] осыдан көрініп
түр; тәртіпсіздікке және [заңдарды] бұзуға ұмтылу біздің өз бойымызда туғаннан бар. Егер
[адам] табиғатын осылай қарайтын болсақ, онда адамның өз табиғатынан қатыгез және
оның ізгілігі [практикалық] іс-әрекеттен пайда болатыны айдан анық болады!
Мэн-цзы былай деген: "Адам өз табиғатында қайырымды". Мен оны дұрыс емес деймін.
Ерте заманда да қазір де Аспан астындағы ізгілік туралы айтқанда, мұнда барлық
принциптерді, бейбітшілік пен тәртіпті сақтауды назарға алады. Зұлымдық туралы
айтқанда, барлық принциптерден ауытқуды және тәртіпсіздіктерді назарға алады.
Ізгілік пен зұлымдықтың айырмашылығы осыдан көрінеді. Егер де адам өз табиғатында
шындығында барлық принциптерді дұрыс сақтап, бейбітшілік пен тәртіпке ұмтылса, онда
кемеңгер вандар, рәсімдер ережелері мен борыш сезімдері неге қажет болады?! Тіпті
кемеңгер вандар, рәсім ережелері мен борыш сезімдері болсын-ақ делік — [мұндай
жағдайда] олар [адамдардың] барлық принциптерді дұрыс сақтауына, [олардың]
бейбітшілік пен тәртіпке деген талпыныстарына не қосқан болар еді? Алайда
шындығында бұлай емес: адам өз табиғатында қатыгез. Ерте замандарда кемеңгерлер
адамның өз табиғатында қатыгез екендігін көре отырып, және оның бетімен кеткендігін,
бұрыс жолмен кетіп бара жатқандығын, тәртіпсіздікке ұмтылатынын және ынтымаққа
келмейтіндігін біле отырып, тап осыған байланысты адамдарды қадағалап отыру үшін
билеушінің билігін жасады; адамдарды тәрбиелеу үшін рәсім мен борыштың негіздерін
түсіндірді; адамдарға билік жүргізу үшін заңдар мен басқару жүйелерін жасады;
адамдардың [қылмыстық әрекеттерінің] жолын кесу үшін жазалар ойлап тапты. Мұның
бөрі Аспан астындағы барлық [адамдардың] тәртіпті сақтап, ізгі болуына алып келді.
Кемеңгер билеушілердің билік жүргізуі және рәсім ережелері мен борыш сезімінің әсері
осындай болған. Егер де қазір билеушінің билігін лақтырып тастамақ болсақ, [адамдардың
бойында] мәдениеттілік пен борыш сезімін тәрбиелеуді қоймақ болсақ, заңдар мен
басқару жүйелері арқылы [адамдар үстінен] қарауды алып тастамақ болсақ, жазалау
арқылы адамдардың [қылмыстық әрекеттерінің] алдын алмасақ және Аспан астындағы
адамдардың арасындағы қарым-қатынастарды сыртынан бақылауды қойсақ, бүл күштінің
әлсізге қысым көрсетіп, тонауына, көптің — азшылыққа күш көрсетуіне және оны бөлуге