327
"Адамның табиғи рақымшылығы" туралы түсіндіруге тырысатын [ілім] [адамның] өзінің
қарапайымдылығы мен [табиғи] қасиеттерін жоғалтпай-ақ өзі әсем бола алатындығын
[болжайды]. [Ол] адамның табиғи қасиеттері оның қарапайымдылығында өзі өсем болады,
оның жүрегі көру қабілетінің көзден ажыратқысыз екендігіндей, ал есту қабілетінің
құлақтан ажыратқысыз екендігіндей өз талпыныстарында өзі-ақ ізгілікке жетеді,
сондықтан да былай дейді: "көз көреді, құлақ естиді"! [Бірақ бүл былай емес]: адам өз
табиғатын ұстана отырып, аш болса, тойғанша тамақтануға тырысады; ол тоңса, жылыға
ұмтылады; ауыр жұмыстан шаршаса, демалуға ұмтылады. Адамның [табиғи] қасиеттері
осындай! Адам аш болса, бірақ қасында үлкен адам тұрса, бірінші болып тамақ жеуге
батпайды,— бүл оның [осы құқықты үлкендерге] беретінін білдіреді. Адам жұмыстан
шаршаса, бірақ демалыс туралы сұрауға батпаса, — бүл [небәрі] үлкендер үшін қызмет
көрсетуге ұмтылатынын көрсетеді. Баласы әкесіне, інісі — ағасына жол берсе, — адам
мінез-құлқының бүл екі [түрі] оның табиғатына қайшы келеді, оның сезімдеріне қайшы
келеді. Әйтсе де баланың ата-анасын сыйлауы тап осылай болады, рәсім ережелерін
сақтау мен борыш сезімдерін орындаудан туатын мәдениеттілік деген тап осыдан тұрады.
Сондықтан, адам өз табиғатын ұстанатын болса, ол дөрекі және ырықсыз; [керісінше]
адам сыпайы және көнгіш болса, бүл оның табиғатына қайшы келеді! Егер адам
табиғатын осы тұрғыдан қарайтын болсақ, онда адамның өз табиғатында қатыгез тектес
екендігі және оның ізгілігі [практикалық] іс-әрекеттен пайда болатыны анық көрінеді!
Былай деп сұрайды: егер адам өз табиғатында қатыгез болса, онда рәсім мен борыш сезімі
қалай пайда болған? Жауап берейін: рәсім мен борыштың барлық ережелері адамның туа
бітті қасиеттерінен емес, кемеңгерлердің іс-әрекетінің нәтижесі ретінде пайда болған.
Мысалы, көзеші өзінің қалыбымен саздан көзе бұйымдарын жасайды; мұндай жағдайда
көзе бұйымдар оның туа бітті қасиеті емес, адам еңбегінің [нәтижесін] білдіреді.
Жүмысшы ағашты сүргілеу арқылы одан ағаш бұйымдарын жасайды; мұндай жағдайда
өзінің туа бітті қасиетін емес, ағаш бұйымдар жүмысшы еңбегінің нәтижесін білдіреді.
Кемеңгер ұзақ пайымдауынан кейін және адам қызметін зерттегеннен кейін рәсім
ережелерін және борыш сезімі [ұғымын] енгізді және заңдар жүйесін жасады. Осылайша,
рәсім ережелері, борыш және заңдар адамның туа бітті қасиеті емес, кемеңгерлер
қызметінің [нәтижесі] ретінде пайда болды! Егер [адамның] көзі әдемілікті, құлағы —
музыканы, аузы — [сүйкімді] дәмді сүйетіні, [адам] ойында олжаға ұмтылатыны,
тәніндегі терісі жарамдыны ұнататыны туралы айтатын болсақ, мұның бәрі де адам
табиғатынан шығады! Мұның бөрі адам қызметінің нәтижесі емес, [адамның заттарды]
қабылдау нәтижесі ретінде табиғи күйде көрінеді. [Адамның] қабылдайтынын, бірақ
[өзінен-өзі] табиғи [түрде] пайда шықпайтын, ал бүл үшін адамның қызметін талап
ететіннің барлығы — мұның бәрі [адам] қызметінің нәтижесі деп аталады. [Адам]
"табиғаты" мен "қызметінің" пайда болу көзі осындай; оларды ажырататын белгілер
осындай. Сондықтан кемеңгерлер [адамның] өз табиғатын өзгертті және бірінші болып
[практикалық] қызметпен айналысты; [практикалық] қызмет пайда болғаннан кейін рәсім
мен борыш пайда болды; рәсім мен борыш пайда болғаннан кейін заңдар жасалды.
Осылайша, рәсім, борыш және заңдар — бұлардың барлығы кемеңгерлер [қызметінің]
нәтижесі болды! Сондықтан кемеңгерлер өз табиғатында басқа адамдардан
ерекшеленбейді, бірақ оз қызметінде ерекшеленеді. Сөйтіп, олжаға ұмтылу пен ашкөздік
— адамның туа бітті қасиеті! Егер бауырлар арасында мүлік бөлісу болды және бүл ретте
адам табиғатын ұстанды деп болжасақ, онда мұндай жағдайда бауырлар арасында өзара
күрес және [бір-бірін] тонауға деген ұмтылыс сөзсіз туады. Егер де оған мәдениеттілік
рухында тәрбиелеу және рәсім мен борыш сезімін сақтау арқылы ықпал етсе, онда олар
тіпті елдің [барлық] адамдарына қатысты ілтипатшыл болады! Егер адам табиғатын
басшылыққа алса, бүл бауырлар арасындағы күреске алып келетіні осыдан көрініп түр;