Page 326 - Ежелгі шығыс философиясы

Basic HTML Version

326
бұзылады. Сондықтан адамға тәрбие мен заңның көмегімен ықпал ету керек, оны рәсімнің
ережелерін сақтауға және өз борышын өтеуге мәжбүрлеу керек, сонда ғана адамда жол
берушілік пайда болады және ол мәдениетті болады, бұл тәртіпке әкеледі. Егер адамның
табиғатын осы жағынан алып қарасақ, онда адамның өз табиғатында қатыгез екендігі
және оның қайырымдылығы [практикалық] іс-әрекетте пайда болатыны анық көрінеді!
Сондықтан ағаштың қисық бұтағының түзетілу үшін қысымды, сонымен бірге қыздыруды
және түзетуді қажет ететіндігі, содан кейін ғана оның түзу болатыны секілді; сол секілді
металдың өтпес бөлшегі де шындауды және қайрауды қажет ететіндігі және содан кейін
ғана өткір болатыны секілді адам да оз табиғатында қатыгез бола отырып, тәрбиелеуді
және заңдарды қажет етеді, содан кейін ғана ол дұрыс жолға түсе алады; оған рәсім
ережелері мен борыш сезімінің ықпалы керек, сонда ғана ол заңдарды сақтай алады. Қазір,
егер адамды тәрбиелемесе және оған заңдардың көмегі арқылы ықпал етпесе, ол әділетсіз,
зұлым болады, сөйтіп бұрыс жолмен жүреді. Егер адамға рәсім ережелері мен
борыштылық сезімі арқылы ықпал етпесе, ол [заңдарды] бұзады, бүлік көтереді және
татулыққа берілмейді. Ерте замандарда кемеңгер вандар адамның өз табиғатында қатыгез
екендігін түсіне отырып, мұның себебі адамның әділетсіздігі мен зұлымдығы деп білді,
нәтижесінде ол бұрыс жолға түседі, сондай-ақ адамның [заңдарды] бұзу, бүлік көтеру
және нәтижесінде бейбітшілікке келмеу себептерін түсінді. Сондықтан олар рәсімдер мен
борышты сезіну [ұғымын] енгізді жөне заңдар жүйесін жасады, сөйтіп даоға сәйкес
оларды дұрыс жолға бағыттай отырып, адамның сезімі мен мінезін тәртіпке салуға және
тәрбиелеуге тырысты. Тәрбие мен заңдардың өсерінен өзгеретін қазіргі адамдар, білім
жинақтап, рәсімнің ережелерін орындайтын және өз борышын өтейтін адамдар кемеңгер
болып табылады. Өз сезімін ырықтай алмаған, оны жүзеге асырғысы келген, рәсімдер
ережелерін бұзған және өз борышын орындамайтын адам надан адам болып табылады.
Егер адамның табиғатын осы тұрғыдан қарасақ, сонда адамның өз табиғатында қатыгез
және оның қайырымдылығы [практикалық] іс-әрекетте пайда болатынын анық көрінеді.
Мэн-цзы былай деген: "Адамның оқуға деген қабілеті оның өз табиғатынан ізгі
екендігімен түсіндіріледі". Мен оны былай емес деймін. [Мэн-Цзы] адамның табиғатын
түсінетіндей соншалықты дана емес; сонымен бірге ол ешқашанда адамға табиғатынан не
берілгенінің арасындағы айырмашылықты жөне оның [практикалық] қызметін ненің
құрайтынын зерттемеген. Адамға табиғат бергеннің бәрі — мұның бәрі аспан [қызметінің]
жемісі, бұларды оқу арқылы меңгеру мүмкін емес және өздігіңнен ала алмайсың. Рәсім
мен борыштың ережелерін кемеңгерлер жасаған; адам оларды оқу арқылы [сақтай] және
оны практикалық іс-әрекетте игере алады. Оқу немесе практикалық іс-әрекет арқылы
[алуға болмайтын], бірақ адамда бар нәрсе оның табиғаты деп аталады. Адам оқу немесе
практикалық іс-әрекет арқылы ала алатын нәрсе жүре келе алынған сипаттар деп аталады.
Адамда табиғатынан болатын және ол жүре келе иемденген нәрсенің арасындағы
айырмашылық осында! Адам табиғатынан көзі болады, оның көмегімен ол көре алады,
құлақтарының көмегімен ести алады; осылайша көру қабілеті адамның көзінен
ажыратқысыз, есту қабілеті — оның құлағынан ажыратқысыз. Көру және есту
қабілеттерін оқу арқылы алуға болатыны айдан анық. Мэн-цзыда былай айтылған: "Адам
өз табиғатынан ізгі; онда кездесетін зұлымдықтың ұрығы — бүл адамның туа бітті
қасиеттерін жоғалтуының салдары". Мен мұның дұрыс еместігін бекітемін. Егер адамның
табиғаты туралы айтатын болсақ, онда туғаннан өзінің қарапайымдылығын жоғалтып,
[табиғи] қасиеттерінен айрылады — тек осы мағынада ғана адамның оз [мәнін] жоғалтуы
туралы айтуға болады. Егер адам табиғатын осы тұрғыдан қарайтын болсақ, онда адамның
оз табиғатынан қатыгез тектес екендігіне көз жеткіземіз.