325
Егер жүрек қобалжу және мазасыздану үстінде болса, онда аузында үй жануарының еті
болса да адам оның тіл үйірер дәмін сезінбейді; оның құлақтары әсем дыбыстарды
естігенімен, олар бүл дыбыстардың бүкіл әсемдігін тану жағдайында емес; көз оюлармен
өрнектелген көйлекті көрсе де олар оның әдемілігін тани алмайды; адамға жеңіл әрі жылы
киім кигізсе, ал оның алдына жұмсақ төсеніш ұсынылса да, адамның денесі бәрібір оның
ыңғайлылығын сезінбейді. Сондықтан, [мұндай адам] заттардың әсемдігін пайдаланса да
ол онымен толықтай рахаттана алмайды. Егер ол кенеттен [белгілі бір уақытқа] осы
[әдеміліктен] рахатқа батты деп болжағанымызбен, оның жүрегі бұрынғысынша
[қобалжу] үстінде болады, Осылайша, [адам] заттардың әдемілігін пайдаланғанымен,
алайда оның [жүрегі] қобалжуға толы; заттардан алынатын пайда [анық көрініп] тұрса да,
алайда [адамның ойын] тұтастай бақытсыздық жаулап алады. Осылайша [заттарға] қолы
жеткен адам сұрайды: бұл не нәрсе — өз өміріңді [заттар арқылы] ұстап тұру ма немесе
оны [заттың] құрбандығына шалу ма? [Адам] өз тілектерін қанағаттандыруға ұмтыла
отырып, өз сезімдерін абыржытқаны айдан анық; өзінің өмір сүруіне қолдау көрсетемін
деп өз тәніне зиян келтіреді; қуанышты жағдайға жетуге ұмтылып, өз жүрегін ауруға
ұшыратады; өзінің даңқын ұстап тұрамын деп өз әрекетін тәртіпсіздікке ұшыратады;
мұндай жағдайда ол хоу секілді немесе цзюнь секілді дәрежеге қолы жеткенімен, оның
қарақшыдан ешбір айырмашылығы болмайды; тіпті ол мәртебелі адамның салтанатты
арбасында жүріп, шенеуніктің бас киімін кигенімен, оның [тіршілігіне талғар тамағы]
жетпейтін [бейшарадан] ешбір айырмашылығы болмайды. Мұндай адам заттардың құлы
деп аталуы мүмкін!
Адамның жүрегі бірқалыпты болып, қуанышты жағдайда болса, онда гүлдер өзінің
әдеттегі түсіне жетпесе де, олар бәрібір [адамның] көзін аялайды; дыбыстар өзінің әдеттегі
жағдайына жетпесе де, олар бәрібір [адамның] құлағын әлдилейді; қатқыл тамақ пен
жеміс шалабы да [адамның] аузында бәрібір өзінің тәтті дәмін қалдырады; нашар матадан
тігілген көйлек пен ірі жіптерден тоқылған аяқ киімнің өзі бәрібір [адам] денесіне жайлы
болады; қамыс пердесі және сабан төсеніші бар тар бөлменің өзі [адам] денесіне бәрібір
жайлы болады. Сондықтан заттардың керемет түрлері болмаса да [адам] бәрібір
қуанышты күйде болады; [адамда] тіпті белгілі бір айтулы атағы болмаса да, [ол] бәрібір
даңққа жетеді. Егер мұндай [адамға] Аспан астында үлкен лауазым берсе, ол мұндайда
жеке өзі үшін керемет ләззат іздемей-ақ оған сөзсіз көптеген [пайда] әкеледі. Мұндай
[адамды] өзін бағалайтын және заттарды өзіне бағындыратын [адам] деп атауға болады.
Тексеруге болмайтын сөздерге; бұрын болмаған іс-әрекеттерге; бұрын еш жерде
естілмеген ойларға,— осының [барлығына] кемеңгер адам сақтықпен қарайды.
23-тарау
"Адамның зұлым табиғаты туралы"
Адам өз табиғатында қатыгез, оның қайырымдылығы [практикалық] әрекетте пайда
болады! Қазіргі кезде адам өмір сүруге деген түйсікті тілегімен туады; ол осы тілектерін
ұстанса, онда нәтижесінде дауласуға және тонауға деген талпынысы пайда болады, орын
беру тілегі жоғалады. Адам іші тар және ызалы болып туады; ол осы қасиетін ұстанса,
онда нәтижесінде қатыгездік пен діннен безушілік туындайды, сенімділік пен шынайылық
жоғалады. Адам құлағымен жөне көзімен дүниеге келеді, оны дыбыстар мен әдемілік
еліктіреді; ол осы тілектерін ұстанса, онда бетімен кетушілік туындайды, құлықтылық пен
мәдениеттілік: жоғалады. Осылайша, адамның табиғатынан және оның өз сезімдерін
қанағаттандыруға ұмтылуынан дауласу жөне тонау тілегі, өзінің борышына қайшы
келетін нәрселерді жасау туындайды, тәртіпсіздікке алып келетін барлық принциптер