324
құтыла алмайды, өйткені тілек — бұл адам табиғатына тән нәрсе! Тіпті Аспан ұлы болса
да оның тілектері де үнемі толықтай қанағаттандырыла бермейді! Тілектер толықтай
қанағаттандырылмағанымен, әйтсе де бұған жақындауға болады! Тілектер жоғалып
кетпесе де, дегенмен оны қанағаттандыруға деген талпынысты шектеуге болады. Тілектер
толықтай қанағаттандырылмаса да, алайда өз тілектерін қанағаттандыруға ұмтылатын
адамдар бәрібір оған жақындауы мүмкін. Тілектер жоғалып кетпесе де дегенмен олар
толықтай қанағаттану сезімін алмаса да, оны қанағаттандыруға ұмтылатын адам, әрине, өз
тілектерін қалай жұмсартуды ойлайды. Дұрыс жол берген кезде толықтай алуға
ұмтылудан және бірнәрседен бас тартуға тура келген кезде өз тілектеріңді жұмсартудан
тұрады. Бүкіл Аспан астында ешнәрсе [мұндай алу және бас тарту икемімен] салыстыруға
келмейді.
Қарапайым адамдар әрқашан өздері дұрыс деп есептегенді істейді және өздері дұрыс емес
деп есептемегенінен бас тартады. Дұрыс жолды тануда ешнәрсе де мұндай нанымның
күшімен салыстыруға келмейді! Өздері дұрыс деп таныған жолмен жүруді қалаған
адамдар болмайды. Мысалы, егер адам оңтүстікке қарай жол жүруді қаласа, жолдың
қаншалықты ұзақтығына қарамастан бәрібір оңтүстікке жүреді; егер адам солтүстікке
қарай барғысы келмесе, жолдың қаншалықты қысқалығына қарамастан ол солтүстікке
бармайды. Ол оңтүстікке соңына дейін бара алмауы мүмкін емес екендігі үшін ғана
оңтүстікке барудың орнына солтүстікке баруы туралы тіпті де ойға алмай-ақ қою керек.
Адамдар қалаған нәрсе қандай үлкен болмасын олар бәрібір оны қалайды; өздері жек
көрген нәрсе қаншалықты кішкентай болмасын, олар бәрібір оны жек көреді. Адамдар осы
тілектің толықтай қанағаттандырылмауы мүмкін екендігіне байланысты өздері қалаған
нәрсені жек көреді дегенді тіпті де ойға алуға тұрмайды! Сондықтан егер тілек ақылға
сыйымды болса, оны бетке алған жөн, сонда ғана егер осы тілектер көп болғанымен
бейберекетсіздік орын алмайды. Егер тілектер ақылға сыйымсыз болса, оны тастау керек:
мұндай жағдайда егер тілектер шамалы болса да бейбітшілік пен тыныштыққа жету
мүмкін бе?! Сондықтан дана адам тілектердің ақылға сыйымдылығы туралы ғана айтады
— тек осы ғана! Ал дарынсыз оқымыстылардың өздері қымбат санаған басқа барлық
теориялары — күйреуге ұшырайды.
Адамдар заттарға қол жеткізсе, олар алғанның бәрі де үнемі толықтай олардың тілектеріне
сәйкес келе бермейді; адамдар заттардан бойын аулақ салса, олар лақтырып тастағанның
бәрі үнемі олар үшін ұнамсыз бола бермейді. Сондықтан адам өзінің кез келген іс-
әрекетінде нақты салмақтаусыз өте алмайды. Егер безбен дұрыс болмаса, онда ауырлау
зат жоғарыда қалады және адамдар оны қателікпен жеңілдің орнына алады; және
керісінше төменде қалған жеңілдеу затты олар қателесіп ауыр деп санайды. Мұның себебі
адамдар "жеңіл" мен "ауырды" жиі шатастырады. Егер оқиғаларды дұрыс таразылай
алмаса, онда [осы] тілекте бүркелген бақытсыздық қателікпен бақыттылықтың орнына
қабылданып кетеді; және керісінше, [бір нәрсеге] деген [жек көрушілікте] бүркелген
бақыт қателікпен бақытсыздықтың орнына қабылданып кетуі мүмкін. Мұның себебі
адамдардың "бақытсыздық" пен "бақытты" жиі шатастыратынына байланысты. Дао деп
аталатын нәрсе ертедегі мен қазіргі кездегі оқиғаларды дұрыс салмақтау. Адамдар даоны
қалдырып, өздері өз қалауына орай ненің ақиқат ненің жалған екенін шешетін болса,
бақытсыздық пен бақытты тани алмайды!...
Мен [мынадай] жасырын, танылуы қиын принциптерді терең зерттедім. Өз ойларының
түкпірінде [даоны] жаратпау сезімі бар және заттарға мән бермейтін адамдар болмайды!
Заттарға мон беріп, бұл ретте іштей мазасызданбайтын [адамдар да] болмайды! Өз іс-
әрекетінде [даоны] қалдырып, бұдан кейін оған қауіп төнбейтін [адамдар да] болмайды!