Page 323 - Ежелгі шығыс философиясы

Basic HTML Version

323
басқарған халық өзгереді және ғаламат күшке ие болғандай дұрыс жолмен жүреді!
Осындай дауласуға тұратын нәрсе бар ма? Дегенмен қазіргі кезде кемеңгер вандар жоқ,
Аспан астын тәртіпсіздік жайлап алды, зиянды пікірлер пайда болды, ал билеушілердің
қолында осыны жөнге салу үшін билік жоқ, осы зиянды сөздерді тыю үшін қылмыстық
жазалау туралы заңдары жоқ. Сондықтан да дау қажет болады! Адамдар заттарды білмесе,
олар ең алдымен оларға атау береді; егер де бұдан кейін зат түсініксіз болса, оны
сипаттайтын сөздерді іріктейді; содан кейін де кейбір жерлері түсініксіз болса, егжей-
тегжейлі анықтаманың қажеттігі туындайды; егер осындай егжей-тегжейлі түсіндірмеден
кейін де әлі де анық емес жерлері қалса, онда дауласу жөне дәлелдеу қажеттілігі
туындайды. Сондықтан сөздерді іріктеу, атауларды белгілеу, даулар және егжей-тегжейлі
анықтау сөздерді пайдаланудың және ван қызметінің негізгі бастауы осы болады. [Заттың|
атауын есту және қандай зат туралы әңгіме болып жатқаны 11 сол сәтінде түсіну — міне,
атауларды дұрыс қолдану деген осы болады! Атаулар жинақталып, сөз тіркестері құралған
кезде — атаулардың үйлесуі осыдан тұрады! Атауларды пайдалану және олардың үйлесуі
дұрыс жүзеге асса, бүл "атауларды игеру" деп аталады! Адамдар атауларды нақты
[заттарды] ажырату үшін береді! Сөз тіркестері бір ойды білдіру үшін әртүрлі нақты
[заттардың] атауларын біріктіреді. Дау нақты заттың] сол бір атына қатысты ақиқатты
дәлелдеуді білдіреді. Заттарды түсінуге арналған] сөздерді іріктеп алу және атауларды
белгілеу дау кезінде өтіп жатады. Дау даоның жүректегі көрінісі. Жүрек — даоның
билеушісі, дао — бұл [мемлекетті] дұрыс басқарудың негізгі принциптері.
Жүрек даога сәйкес келсе, соз жүрекке сәйкес келсе, ал сөз орамдары — сөздің [мәніне]
сәйкес келсе, атаулар дұрыс белгіленсе және заттарға сәйкес келсе,— сонда [заттардың]
мәнін оңай түсінуге болады! [Бір-бірінен айырмашылығы бар заттарды] бөлген кезде қате
жасамайды; біртекті заттарды] бөлсе, онда заңдарды бұзбайды! [Басқаларды] тыңдай
[алса], бүл әдептілікті сақтау болады. Дауласу — себебін соңына дейін анықтауға
[ұмтылу] деген сөз. Егер арқан арқылы [заттардың] қисықтығы мен түзулігі
анықталғандай зұлымдықты дұрыс жолмен анықтаса, онда зұлым сөздер шатасушылыққа
ұрындыра алмайды және оған оқымыстылардың ешбір мектебінде орын болмайды. Бір
мезгілде [көптеген] адамды тыңдай алу қабілетіне не болу және бұл ретте қызбаланбау
және менменсімеу; [барлық мектептер мен ілімді] бір мезгілде білуге мүмкіндік беретін
оқымыстылыққа не болу, және [өзінің қайырымдылығын] өзі әлеміштемеу мәнері болмау;
ілім жүзеге асырылса, Аспан астында тәртіп салтанат құрады; егер де ілім өмірге
енгізілмесе, оның принциптерін түсіндіре [білу керек] және оңаша жерге тасалану керек
— кемеңгерлердің дауы осылай болады. "Ши цзинде" бұл туралы былай айтылған:
Кім қайырымды және ұстамды болса,
Кімнің ойы биікке ұмтылса —
Сол яшмаға ұқсас бола алады.
Ақ нефриттен жасалған скипетрдей
Жүрегі жұмсақ билеушім,
Елге қуаныш сыйлаған!
Сені әлемнің шартарабында
Адамдар басшы санауға дайын тұр!
...[Адамның] туа бітті қасиеті оған аспаннан берілген; сезім — бұл туа біткен қасиетке тән
нәрсе; тілек — сезімнің салдары. Барлық қалаған нәрсеге қол жетеді деп санау және
осыған жетуге ұмтылу — бұл адамның өз сезімдерінен қашуы қиын нәрсе. Өз тілектеріңді
дұрыс деп санау және оған жетуге ұмтылу — [тіпті] дана адамның пайымдауының сөзсіз
жолы осындай! Сондықтан бейбақ қарауылдың өзін алсақ та ол да тілектерінен қашып