322
айтады. "Жануар" — бүл үлкен айырғыш атау. Бәле отырып олар заттарды ажыратады,
оларды топ-топқа бөледі, содан кейін қайтадан бөледі — сонымен кейін оны істеу мүмкін
болмағанға дейін жалғастыра береді.
Атау өзінен-өзі белгілі бір жарамдылыққа ие болмайды, оны [адамдар] өзара келісім
бойынша береді. [Адамдар] өзара келісімге келсе жөне осы атау] дәл келетін атау ретінде
мойындалған кезде ғана [осы атауды] қолдану дағдылы нәрсе болады. Жалпы қабылдаған
[атаудан] ерекшеленетін атаулар дәл келмейтіндер деп есептеледі. Атау өзінен-өзі алдын
ала берілген нақты [мазмұнға] ие болмайды, [мазмұнды] атауларға адамдар келісім
бойынша береді. Адамдар өзара келіскен кезде, [осы атаудың мазмұны] дағдылы болса,
сонда ғана осы атау нақты атау деп аталады. Атаулардың ішінде мынадайлары, яғни
өзінен-өзі әдемі болып табылатындары бар: олар ұғымға жеңіл және күмән тудырмайды.
Мұндай атауларды өсем атаулар деп атайды. Заттардың ішінде сыртқы түрі бойынша
кілең бірдей, бірақ әртүрлі жерде тұрған заттар, сыртқы түрі бойынша басқа бірдей емес,
бірақ бірдей жерде тұрған заттар болады, бұларды ажырату керек! Өздерінің түрлері
бойынша бірдей, бірақ әртүрлі жерде тұрған екі зат бірдей атаумен аталуы мүмкін, алайда
шындығында олар туралы екі нақты [зат] туралы айту керек. Заттардың сыртқы түрі
өзгергенімен, бүл зат өзінен басқа зат болып қайтадан пайда болмастан өзінің нақты
[мазмұны] бойынша бұрынғысынша қалады, бүл өзгерістер деп аталады. [Заттардың
сыртқы түрі] өзгерсе, бірақ оның [мазмұны] бұрынғысынша қалса, бірдей нақты [зат]
туралы айтқан жон. Заттардың санын анықтау кезінде нақтылықты ескерудің қажеттігі
міне, осында. Бүл атауларды белгілеу кезіндегі басты нәрсе, бүл оларға атаулар қою
кезінде вандардың кейінгі ұрпақтары ескере алмаған нәрсе.
"Қорлану мазаққа ұшырау емес", "дана өзін сүймейді", "қарақшыны өлтіру адамды өлтіру
емес" — барлық осы сөйлемдер атауларды шатасушылыққа ұшыратуға бағытталған
сөздерді еркін қолдану болып табылады. [Осы] атаулардың пайда болу себептерін талдап
көріңіз, содан кейін олардың қайсысы қолданылғыш екендігіне көз салыңыз, — [атауларға
шатасушылық енгізу] жойылады. "Биік тау мен түпсіз тұңғиық бір деңгейде жатады",
"адам өз қалауында кішкентайға ұмтылады", "үй жануарларының еті дәмсіз", "үлкен
қоңыраудың үні сүйкімсіз" — барлық осы атауларда атауларды шатасушылыққа
ұрындыру үшін нақты [заттар] еркін пайдаланылған! Айырмашылық пен ұқсастыққа
қалай қол жеткізілетінін пайымдап көріңіз, содан кейін қандай [нақты заттар] және қандай
[атаулар] бір-біріне сәйкес келетінін қарап көріңіз, — сонда ғана [осындай сөйлемдер]
жойылады. "[Заттар] бірін бірі жоққа шығарады және сонымен бірге бір біріне кірігеді",
"сиыр мен жылқыны қосақтау жылқыны білдірмейді", — мұның бәрі нақты [заттар]
туралы [ұғымды] ауырлату үшін еркін қолданылған атаулар! Атаулардың нақты
анықтамасын пайымдаңыз, осы атаулардың орнына аласталуы тиіс жарамды болуы
мүмкін атауларды қойыңыз, — [осындай сөйлемдер] жойылады. Дұрыс жолдан
тайдыратын және еркін жасалатын барлық оғаш, әдеттегіден тыс сөздер мен сөйлемдер —
олардың барлығын шатасқан сөз орамдарының [осы] үш санаты қамтиды. Соңдықтан
білімдар билеуші атаулардың шегін біледі және [осы сөйлемдер бойынша] дауласып та
жатпайды.
Егер осы үшін дұрыс жолды пайдаланатын болса, халықты оз талпыныстарында бірдей
болуға оңай көндіруге болады, бірақ олармен бірге [осының] қажеттігін анықтаудың
керегі жоқ. Сондықтан дана билеуші халыққа биліктің күші арқылы ықпал етеді, оған
дұрыс жол нұсқай отырып, оларды оз соңынан ертеді, бұйрықтардың [көмегімен] оларды
хабардар етеді; тиісті баға бере отырып, лайықтыларды көтермелейді және қылмыстық
жаза қолдану арқылы [лайықсыз әрекеттердің] жолын кеседі. Осылайша, білімдар билеуші