Page 321 - Ежелгі шығыс философиясы

Basic HTML Version

321
аттар араласып кетеді. [Тиісті атаусыз] әйгілі адам мен қарапайым адамды, ұқсас пен
ұқсас еместі айыру мүмкін емес. Мұндай жағдайда адам өзінің тілектерін басқа адамға
беру кезінде өз ойын нақты жеткізе алмаудың мүмкін болмауынан сөзсіз зиян шегеді, істі
орындау кезінде сөзсіз бақытсыздық орын алады: қиыншылықтар мен сәтсіздіктер
туындайды. Сондықтан дана адам осы арқылы нақты [заттарды] ажырату үшін әртүрлі
аттарға әртүрлі атаулар береді; жоғарыдағыларға — әйгілілер мен қарапайым адамдарды
ажыратуға көмек беретін аттар, төмендегілерге — ұқсас заттар мен ұқсас емес заттар
ажыратуға көмек беретін атаулар. Әйгілі мен қарапайымды, ұқсас пен ұқсас еместі
ажыратқан кезде адамдар өз ойын жеткізе алу мүмкіндігінің жоқтығынан зардап
шекпейді, істерді атқару кезінде бақытсыздық орын алмайды: қиындықтар мен
сәтсіздіктерге де орын болмайды. Міне, көрдіңіз бе, атаулар не үшін қажет!
Мұндай жағдайда атаулардың айырмашылығы мен ұқсастығына қандай жолмен қол
жеткізіледі? Жауап берейін: аспандық сезім мүшелерінің көмегімен. Аспандық сезім
мүшелері барлығында бірдей, тең бағалы адамдар заттарды бағалауда бірдей қабілетке ие.
Сондықтан заттарды салыстыра отырып жөне олардың арасында ұқсастарын таба отырып,
адамдар оларға жалпы [атау] береді. Міне, адамдар неліктен заттарға жалпы атау береді
жөне осының арқасында бір бірін түсінеді!
Көз арқылы [адамдар] заттардың сыртқы түрі мен түсін айырады, құлақтың көмегімен
олар жақсы дауыс пен сұмпайы дауысты, үндестікті ажыратады; ауыздың көмегімен
адамдар тәтті мен ащыны, тұзды мен тұщыны, қышқыл мен ауыз қуыратынды ажыратады;
мұрынның көмегімен адамдар хош иіс пен қолаңсаны, шөптердің хош иісі мен шіріген
иісін, шикі ет пен малдың иісін ажыратады; тән арқылы адам ауырсыну мен қышуды,
суық пен ыстықты, тегіс және бұлдыр жер бетін, ауыр мен жеңілді ажыратады. Жүректің
көмегімен адамдар қуаныш пен ашуды, қайғы мен шаттықты, сүйіспеншілік пен
жеккөрушілікті ажыратады. Жүрек [заттарға] жанаса отырып, [оларды] қабылдау
[қасиетіне] ие; осы қабілетке ие бола отырып, жүрек құлақ арқылы дыбыстарды тани
алады, көз арқылы заттардың сыртқы сұлбасын тани алады. [Жүректің] [заттарға] жанаса
отырып, [оларды] қабылдай алу қабілеті аспандық сезім мүшелерінің өзі [шағылысатын]
заттар тегінің [әрбіреуімен] жанасқаннан кейін ғана білдіретіні осыдан көрініп түр. Сезім
мүшелері заттармен жанасқанымен, бірақ оларды тануға [қабілетсіз] болса, жүрек
заттарды қабылдай отырып, бірақ [мұны] сөзбен бейнелеп жеткізуге [дәрменсіз] болса,
мұндай жағдайда адамдар әрқашан былай дейді: "таңдайтындар". Заттардың ұқсастығы
мен айырмашылығына осылайша қол жеткізіледі.
Осының артынан заттарға атаулар беріледі: бірдей заттарға бірдей атау беріледі, әртүрлі
заттарға — әртүрлі атаулар. [Мәнін] беру үшін бір ғана атау жеткілікті болса, жалғыз атау
қолданылады; егер де [мәнді] беру үшін жалғыз атау жеткіліксіз болса, күрделі атау
қолданылады. Мұндай жағдайларда жалғыз атау пен күрделі атау бір-бірін жоққа
шығармаса, жалпы атау қолданылады. Осы атау жалпы болғанымен бүл [мэнге] зиян
келтірмейді. Адамдар нақты [мазмұны] бойынша бірдей емес заттардың бірдей емес
атаулары болуы тиіс екенін білсе, онда бірдей емес нақты [заттар] әрқашан атаулары
бойынша ажыратылады жөне шатасушылық туындамайды! Бүл барлық бірдей нақты
[заттар] үнемі бірдей атау иеленгенмен тең болып келеді! Сондықтан заттар өте көп
болғанымен, алайда кейде адамдар барлық затты бірден атауға ұмтылады, сонда олар оған
"зат" деген атау береді. "Зат" — бұл үлкен жалпы есім. Ол тарала отырып заттарды
жинақтайды, оларды топ-топқа жинақтайды, содан кейін қайтадан жинақтайды —
сонымен кейін оны істеу мүмкін болмағанға дейін жалғастыра береді. Кейде адамдар
керісінше, заттардың бір бөлігін бөлуге ұмтылады, сонда олар мысалы, "жануар" деп