320
Адамдарға қолданылатын әртүрлі аттар — бұлар мыналар: туа бітті, табиғи қасиетіне орай
алынғандар табиғи қасиеттер деп аталады; адамдар мен заттардың табиғи қасиетіне
сәйкестігі [нәтижесін] білдіретіндер — рухани заттар [адамда] заттармен жанасқанда,
[олардың ренішін тудырса] жөне бүл басқалардың араласуынсыз, табиғи түрде орын алса
— психикалық қасиеттер деп аталады. Сүю мен жек көрушілік, татулық пен ашу, қайғы
мен қуаныш психикалық қасиеттердің [көрінісі] ретінде сезімдер деп аталады. Жүрек осы
табиғи сезімдерге [ақиқатты жалғаннан] айыруға көмектессе, бүл толғану деп аталады.
Адам толғанса, ал оның қабілеттері осы ойларды іске айналдырса, бүл адам қызметі деп
аталады. Адам ойларды жинақтаса, өз қабілетін қолдануға дағдыланса, нәтижесінде
табысқа жетсе, бұл [жемісті] қызмет деп аталады. Адам өз әрекеттерінде пайдаға ұмтыла
отырып, дұрыс жолмен жүрсе, бұл істі [дұрыс] жолмен жүргізу деп аталады. Адам өз
қызметінде дұрыс жолды бекітсе, яғни адал және әділ болса, бұл қайырымдылық деп
аталады. Адам осының көмегі арқылы [заттарды] тануға мүмкін болатын нәрсе тану
[қабілеті] деп аталады. Тану [қабілеті] заттардың жағдайына жауап бере алса, бұл білім
деп аталады. Адамның қаншалықты тануға қабілетті екендігі қабілеттілік деп аталады.
Қабілеттілік [затардың] жағдайына жауап бере алса, бұл талант деп аталады. Адамның
табиғи қасиетіне жара шықса, бұл ауру деп аталады. Адамдарға қолданылатын әртүрлі
атаулар міне, осындай: кейінгі вандар белгілеген атаулар міне, осындай.
Сондықтан вандар былайша атауларды жасаған: атаулар белгіленгеннен кейін — нақты
[заттар] ажыратылған; [атауларды белгілеудің] заңдылығы таратылғаннан кейін —
адамдардың қалаулары да барлық адамға түсінікті болды; осының арқасында вандар
халықты дұрыс басқаруға және бірыңғай атаулар жасауға мүмкіндік алды. Адамдар
әдеттегіден тыс түрде аттарды ажыратқанда және өз бетінше жаңа атаулар ойлап
тапқанда, сөйтіп осы арқылы атауларды түзетуге тәртіпсіздік тудырса, бұл халықтың
күдігін, шатасушылығын тудырады, сөйтіп көптеген даулар мен айтыс-тартысқа әкеліп
соқтырады. Мұндай әрекеттер ұлы жауыздық деп аталады және бұл қылмыс мандаттар
мен шараларды жалған жасаумен барабар болады. Сондықтан [дана] билеген халықтың
арасында ешкімнің де атау қоюға және атауларды түзетуде шатасушылыққа ұшыратуға
батылы бармады. Осының арқасында халық шынайы, тура болды, оны істе оңай қолдануға
болатын болды, және бұл [вандарды] табыспен қамтамасыз етті. Ешкімнің де атау қоюға
және атауларды түзетуде шатасушылыққа ұрындыруға батылы бармағандықтан, халық
барлық нәрседе заңға жүгінді және бұйрықтарды қатаң сақтады. Осылайша, бұл
вандардың әрекеттері өзінен кейін ұзақ уақыт із қалдырды! Өзінің артынан ұзаққа із
қалдыру және табысқа жету — міне, бейбітшілік пен тыныштықтың ең жоғары шегі, осы!
Белгіленген атауларды қатаң сақтаудың жемісі осындай болады.
Қазіргі уақытта, яғни кемеңгер вандар болмаған кезде адамдар белгіленген атауларды
селқос қолданып жүр, оғаш сөздер пайда болды, бұл атаулар мен заттардың бей
берекеттілігіне әкелді, сөйтіп ақиқат пен жалғанды анықтауды бұлыңғыр етті. Осылайша,
тіпті заңды сақтаушы шенеуніктің өзі немесе канонды жатқа соғатын Кун Фу-цзышілдің
өзі болса да, бәрібір тәртіпсіздік сол күйі қалады. Егер жаңа [кемеңгер] ван пайда болса,
ол аттарды белгілеу кезінде ескі атауларға жүгінгені жөне сонымен бірге жаңа атаулар
ойлап тапқаны жөн. Мұндай жағдайда атаулардың қажеттілігін атаулардың ұқсастығы
мен айырмашылығына алып келген себептерден және атауларды белгілеуде негізгіден
бөліп алып жекелеп қарастыруға болмайды.
[Егер белгілі бір атау болмаса], онда әртүрлі бейнелер бір адамнан басқа адамға беріледі,
олар әйтеуір бір былық пен тәртіпсіздікке айналады; заттардың мәні бойынша әртүрлі