319
ол қой секілді көрінеді, алайда қойды іздеп жүрген адам осы сиырды айдап кету үшін
етекке түспейді. Бұл оның арақашықтықтың [заттардың] сұлбасын өзгертетінін
түсінгеніне байланысты болады. Егер тау етегінен жоғарыға [тауда өсіп тұрған] ағашқа
қарайтын болса, онда 10 жэн биіктіктегі ағаш тамақ ішуге арналған таяқшаның
көлеміндей ғана болып көрінеді, алайда тамақ ішуге арналған таяқшаны іздеп жүрген
адам осы ағашты сындыру үшін тау басына көтерілмейді. Бұл оның биіктіктің [заттардың]
көлемін өзгертіп көрсететінін білгеніне байланысты болып отыр. Егер су қозғалысқа
келсе, онда [оның артынан] судағы оның елесі де тербеледі, алайда адам ол бойынша
[заттардың] өзінің әдемілігі туралы ой топшыламайды. Бұл [оның] судың өзін
шатастыруы мүмкін екендігін білгеніне байланысты. Басын жоғарыға тіктегенімен зағип
бәрібір [көктегі] жұлдыздарды көре алмайды, алайда адамдар оны "бақылап қойып қана"
[көкте жұлдыздар] бар ма, жоқ па деген мәселені шеше қоймайды. Бұл адамның зағиптың
шатасуға ұрындыруы мүмкін екендігін білуіне байланысты болып отыр. Егер [жоғарыда
аталған] жағдайлар кезінде заттарды анықтауды қолға алатын адам табылады деп
болжасақ — бұл барып тұрған ақымақтық болып табылады! Заттарды анықтау кезінде
ақымақтар күмәнды заттар туралы мәселені шешеді, мұндай жағдайда міндетті түрде
бұрыс болып шығады. Ал егер олар бұрыс шешсе, онда бұдан қателеспей өту мүмкін бе?!
[Заттарды] тану қабілеті — адамның туа бітті қасиеті; тануда болу мүмкіндігі —
заттардың заңдылығы. Егер адамның [заттарды] тану қабілеттілігі арқылы танылуы
мүмкін барлық заттардың заңдылығын игеруге ұмтылса және мұнда осы талпынысты
ешқандай да шектемесе, онда бүкіл өмір бойы бақилық болғанға дейін барлығын да тани
алмайсың! Егер тіпті қандай да бір адам көптеген [заттар] түрлерінің заңдылығын тануға
қол жеткізсе, онда ол ақыр соңында барлық [заттардың] заңдылығын және өзгерістерін
тани алмайды жөне нәтижесінде ақымаққа ұқсап қалады. Тіпті ол қарпық меңдеген
шағына дейін [заттарды] зерттегенімен және осы уақытта оның балалары өсіп кеткенімен,
егер ол [осындай пайдасыз зерттеу тәсілін] қою қажеттігін түсінбесе, ол бәрібір ақымаққа
ұқсайды. Мұндай адамдар пайымсыз адамдар деп аталады! Сондықтан істердің мәні
бойынша оқыту әдісі оның шегін анықтау [икемінен] тұрады. Білімнің шеңберін қалай
анықтауға болады? Жауап берейін: бүл шеңбер қанағаттандырылудың жоғары дәрежесін
құрайтындарды ғана [зерттеу] болып табылады. "Қанағаттандырылудың жоғары дәрежесі"
деп нені айтады? Жауап берейін: [адамның] кемел даналығы және ваның кемелдігі.
Адамның кемеңгер даналығы — бүл [адамдардың мінез-құлқын] толықтай игере білу
[икемі]; ванның кемелдігі — бүл жетілген құрылым жасай алу [икемі]. Егер осы екі жақ та
кемел жетілген болса, онда олар Аспан асты үшін ең үздік үлгі бола алады! Сондықтан
білім алуда үлгі ретінде кемеңгер вандарды алу керек, ал осында заңдарда кемеңгер
вандардың басқару жүйесін алу керек, олардың үздік заңдарын алып, сол арқылы жалпы
заңдар жиынтығына қол жеткізу керек. Осылайша әрекет ете отырып, сөзсіз кемеңгер
ванға ұқсайтын боласың...
22-тарау
"Атауларды түзету"
Вандардың келесі ұрпақтары атауларды былайша анықтаған: қылмыстық жазалар туралы
заңдардың атауын олар Шан кезеңінен алған, мансаптардың (титул) атауын — Чжоу
кезеңінен, "мәдениеттілік" атауын — [Чжоу кезеңіндегі] рәсімдерден алған. Заттарға
қолданылатын әртүрлі атаулар барлығына түсінікті және Чжусияде тұратындардың
барлығына дағдылы атаулар болған жалпы халық қолданатынды білдіреді. Тап осыған
байланысты қашықтағы аймақтар мен аудандарда адамдар осы атауларды ойды беру
құралы ретінде пайдалана отырып, өзара әдеттегідей емес салттармен хабарласа алады.