31
10. Ұйқы [танымдық мазмұнының] жоқтығына сүйенетін сананың [өзіндік] қызметі
болады.
Және бұл [сана қызметі] айрықша тәжірибе болып көрінеді, сондықтан ол оянғаннан кейін
[жадта] қайта еске түсіріледі. Қалай [басқаша ойлауға болады]: "Мен өте жақсы
ұйықтадым, менің ақылым анық, ол менің ұғыну қабілетімді өте шебер қыла ма"? [Немесе,
керісінше], "Мен жаман ұйықтадым, менің ақылым енжар және баяу, ол өзінің
тұрақсыздығымен адасуда ма"? [Немесе] "Мен есімнен айрылғандай ұйықтадым, менің
дене мүшелерім ауыр, ақылым солғын және ойрандалғандай, оны тонап кеткендей ме"?
Егер сезімдік тәжірибеде [ұйқы кезінде] оған [сәйкес келетін] себеп жоқ болса, осындай
рефлексия оянғаннан кейін, сөзсіз мүмкін болмайды, [яғни тамас] оған негізделетін және
оны өзіне объект қылатын еске түсірулер де жоқ болады. Сондықтан ұйқы сананың
өзіндік қызметі болады және йогалық жинақталуларда сана қызметінің басқа [түрлері]
тәрізді жойылуы керек.
11. Жады өткен тәжірибені сақтау (сөзбе-сөз "жоймау ") болады.
Сана [объект туралы] немесе объектінің [өзі] туралы елесті еске түсіре ме? Қабылдау
объектісі мен түрленген елестету, түр, объект және қабылдау үдерісі есебінде [санада]
пайда болады. Ол үйлесімді класқа тән болатын санскарларға бастау береді. Осы өзін —
өзі табатынның көрінуі болып алға шығатын қалыптастырушы фактор [өз кезегінде], өз
мәніңде объектіде қалай болса, қабылдау үдерісінде де солай жадты туындатады.
Бұнда интеллект, қабылдау үдерісі түрі немен басым болса, ал жад — объектілер
түрлерінің немен басымдылығының қосындысы болады. Ол [жад] — екі түрлі; [қашан]
еске түсірілетін көз алдына елестетіледі және [қашан] еске түсірілетін көз алдына
елестетілмейді. Ұйқыңа еске түсірілген көз алдына елестетілсе, ояу жағдайда көз алдына
елестетілмейді.
Осы барлық еске түсірулер тәжірибеге [себепші болатын] ақиқат біліммен, адасумен,
құрастырумен, ұйқы және жадпен пайда болады. Және осы сана қызметтерінің түрлері өз
мәндерінде — сүйсіну, қасірет жөне топастық. Сүйсіну, қасірет және топастық аффектілер
туралы [тарауда] қарастырылатын болады: "құмарлық сүйсінуге негізделеді, жауыздық —
қасіретке, түсінбеу топастық болады". [Сана] қызметінің осы түрлерінің бәрі тоқтатылуға
тиіс. Олардың тоқтатылуымен саналы немесе, санасыз жинақталу пайда болады.
Сонымен, оларды тоқтататын [табысты] әдіс қандай?
12. Олардың тоқтатылуына тәжірибе және қызықпаушылықпен [қол жеткізіледі].
Ақиқатында, сананың өзеніне екі бағытты ағым тән: ол игілікке де ағады, ол зұлымдыққа
да ағады. Ажыратушы арнасымен абсолюттік жекеленушілікке ұмтылған [өзен] игілікке
ағады. [Егер де] ол ажыратылмаған арнасымен сансараға ұмтылса, онда ол зұлымдыққа
ағады. Осындай [екі] тасқын арқылы сезімдік объектілерге ұмтылатын қызықпаушылық
жабылып қалады, ал ажыратуға [ұмтылатын] тасқын өзіне жолды ажырататын білім
тәжірибесі көмегімен салады. Сонымен, сана қызметінің тоқтатылуы осы екеуіне
негізделеді.
13. Осыдан тәжірибе сана тұрақтылығын сақтауға [тоқтаусыз] тырысу болады.
Тұрақтылық — сана өрістеуінің тоқтатылуы, оның ағымының лайланбауы. Тәжірибе —
бүл тоқтаусыз тырысу, осындай мақсатқа [талаптану], қуаттылық, [тұрақты жағдайға]
жетуге қажырлылық, ықылас және оны жүзеге асыратын [үйлесімді] қызмет бейнесі.