318
Адам өз істерін толықтай орындаса, ол керемет. Біртектес [заттарды] игере отырып екіге
жарылуға болмайды. Сондықтан дана адам бір жолды таңдайды және оны мақсатты түрде
[ұстанады]. Шаруа езінің бар күшін егістіктегі жұмысқа салады, алайда ол егістіктің
билеушісі бола алмайды; саудагер бар күшін саудаға жұмылдырады, алайда ол базардың
билеушісі бола алмайды; қолөнерші өзінің бар күшін құрал жасауға жұмылдырады,
алайда ол бұл өндірістің билеушісі бола алмайды. Бұдан бөлек басқа да адамдар бар:
оларда [соңғы] үшеуінің дағдысы жоқ, бірақ оларға шаруаларды да, саудагерлерді де
қолөнершілерді де басқаруға мүмкіндік беріледі. Бұл олардың бар назарларын заттарға
емес, даоға жұмылдыруына байланысты болып отыр. Кімде кім өзінің бар назарын
заттарға ғана аударса, заттардың бір санатын басқаруға ғана қабілетті болады, [сол
уақытта] өзінің бар назарын даоға шоғырландырған адам заттардың барлық санаттарын
басқаруға қабілетті болады. Сондықтан кемеңгер тұтастай даоға беріледі, сөйтіп заттарды
зерттейді. [Кімде кім] даоға тұтастай берілсе, сол дұрыс пайымдайды; кім [даоға сүйеніп]
заттарды зерттесе, сол істеріңде көреген; дұрыс ойлап, осы ойларға сәйкес әрекет еткенде
бүкіл заттар [адамға] өз орнында тұрып қызмет етеді. Өткен замандарда Юй Аспан астын
билей отырып, бүкіл істерді өз жарлықтарында көрсеткен жоқ, бірақ олардың бәрі де
табысты аяқталды. Юй мақсаткер болды және аса сақтық танытты, сондықтан ол бар
жағынан даңққа бөленді! Ол өзінің мақсаткерлігін үнемі жетілдіріп отыру секілді
жасырын талпынысқа ие болды және өзі де білмегенімен даңққа бөленді. Сондықтан "Дао
туралы канонда" былай айтылған: "Адамның өз ойында [көрсететін] сақтық жөне дұрыс
ойлауға сәйкес келетін өз ойын ішіне сақтаушылық болады". Алайда сақтық пен
тұйықтықты тек кемеңгер адам ғана байқап, түсінуі мүмкін!
Сондықтан адамның жүрегін табақтағы сумен салыстыруға болады: ол онда тігінен
қозғалыссыз тұрғанда лас заттар отырады, ал таза су үстінде қалады; осылайша бұл судан
мұрт және қас қылшықтарын көруге болады, одан терідегі оюларды да көруге болады.
Табақтағы суға күшті жел соқса, түбіндегі лас заттар қозғалысқа келіп, таза судың
жоғарғы беті былғанады. Мұндай суда [заттардың] нақты бейнесін көре алмайсың. Адам
жүрегі де осындай. Егер оны принциптер көмегімен бағыттаса, тыныштық көмегімен
тәрбиелесе, онда заттар [дұрыс жолынан] жан-жаққа тартпайды. Мұндай жағдайда
[адамның] жүрегі ненің дұрыс, ненің бұрыс кендігін анықтай алады және күмәнді
заттарды[ таниды. Егер де жүрек өзінің соңынан нашар заттарды ертетін болса, онда оның
әсерінен заттар оған өзінің дұрыс түрін өзгертеді, ал оның соңынан іште ой да
бұрмаланады. Мұндай жағдайда [жүрек] тіпті қарапайым ақиқаттың өзін айыруға
дәрменсіз болады...
Егер заттарды бақылай отырып, [адам] шектеуліліктен зардап шегетін болса, онда оның
жүрегі оларды [дұрыс] анықтай алмайды; мұндай жағдайда сыртқы заттарды [тану] айқын
болмайды. Өзімнің ойларым анық болмаған кезде мен [мұны] немесе басқаны дұрыс
анықтай алмаймын. Адам қараңғыда жолда жүріп келе жатып жолда көлденең жатқан
тасты көрсе, ол оны жатқан жолбарысқа балайды, ал ағаштарды немесе орманды өзінің
артында тұрған адамдар деп елестетеді. Бұл қараңғының оның [заттарды] ажырату
[қабілетін] нашарлатқанынан болып отыр. Мас адам ені 100 қадам болатын ордан секіріп
өткісі келуі мүмкін, өйткені ол оған ені [жарты қадам] болатын өр секілді көрінеді; ол қала
есігінен басын иіп өтеді, өйткені ол оған кішкентай есік секілді болып көрінеді. Мұның
бәрі шараптың оның рухын тәртіпсіздікке ұшыратуынан болып отыр. Егер көзді
бармақтармен жауып, [заттарға] солай қараса, онда бір зат екеу болып көрінуі мүмкін.
Егер қолмен құлақтарды жауып, солай тыңдайтын болса, онда тыныштық адамға шулы
болып көрінуі мүмкін. Мұның бәрі адамның өз әрекеті арқылы сезім мүшелерінің
[жұмысын] бұзуына байланысты болады. Сондықтан егер таудан төмендегі сиырға қараса,