317
жету сонда [дұрыс жолдың] мәнін түсінуге болады; дұрыс жол бойынша жүрген адамда
болатын "назарды бір нәрсеге шоғырландыруға" жету — сонда [заттарды] жан-жақты
тануға болады; дұрыс жол туралы пайымдап жүрген адамда болатын "тыныштыққа" жету
— сонда [заттардың мәніне] тереңдеп (бойлау қабілетін игеруге болады. Даоны тану —
бүл пайымдай отырып, [оның мәніне] тереңдеп бойлау және әрекет ете отырып, іске
асыру. "Бостық", "назарды бір нәрсеге шоғырландыру" және "тыныштық" [адамды]
керемет анықтыққа және даналыққа жеткізеді.
Заттардың ішінде данасы болғанымен көзге көрінбейтіні, көрінетін болғанымен ол туралы
ешнәрсе айтуға болмайтыны жоқ; [заттардың ішінде] ол туралы айтуға болса және олар
(өзіне тән] орнын жоғалтатыны жоқ. Бөлмеде отырып, төрт ісіңіздің [кеңістігін] көру;
қазіргі уақытта отырып, ерте заман не болашақ туралы айту; заттарды байқай отырып,
олардың жай-күйін білу; тәртіптілік және бүліншілік [кезеңдерін] қарастыра және зерттей
отырып [тарих] кезеңдерін түсіну; аспан мен жерді тәртіпке келтіру, сол арқылы заттарды
басқару; [табиғаттың] ұлы мәнін өзіңе бағындыру - міне, сонда Кеңістік жүйеге келеді!
[Адам] шексіз кең Гюлса, оның шегін кім білер еді? Ол орасан кеңпейіл болса, онда кім
оның қайырымдылығының [бар қуатын] білер еді? Ол үнемі қозғалыста болып, өзгеріп
отырса, сонда кім оның көңіл-күйін біле алар еді? Оның жарқылы [жерді] күн мен айдың
нұры секілді нұрландырады, оның ұлылығы [Аспан астының] шартарабына тарайды,
мұндай адамды ұлы адам деп атайды. Мүмкін ол адасып жүрген шығар?
Жүрек — тәннің билеушісі және даналықтың иесі. Ол тәнге бұйрық береді, оны
қабылдамайды: ол өзі тыйым салады, қозғалуға, ұстауға, алуға, әрекет жасауға және
тоқтауға мәжбүрлейді. Сондықтан ауызды ашпауға немесе үндемеуге мәжбүрлеуге
болады; тәнді иілуге және тіктенуге мәжбүрлеуге болады; жүректі қорқытып, өз ниетін
өзгертуге мәжбүрлеуге болмайды. Жүрек өзі дұрыс деп есептеген нәрсені ғана
қабылдайды және өзі бұрыс деген нәрсені теріске шығарады. Сондықтан былай деймін:
жүректің жағдайы мынандай: жүрек таңдаған кезде оны ешнәрсе тоқтата алмайды және
өзін сөзсіз көрсетеді; ол өзіне күрделі және кең ауқымда сіңіргенмен, дегенмен жоғары
жинақылық оның назарын аударуға мүмкіндік бермейді.
"Ши цзинде" былай делінген:
Дала кезіп Саңырауқұлақ жинаймын,
Саңырауқұлақтар Цзюаньэр деп аталады.
Шағын кәрзеңке алсам да
Олардың бәрін қайтсем де толтыра алмаймын
Ух! Мазасыз ойлар құрсады
Бір дана адам туралы:
Ол патшалықты билеушілер арасында
Өз орнын алса екен деп тілеймін.
Шағын кәрзеңкені [саңырауқұлақтармен] толтыру оңай, ал цзюаньэр саңырауқұлағын
жинау оңай — мәселе мұнда емес: [саңырауқұлақтар жинай жүріп] алаңдау [және] сарайда
біреуді орналастыру туралы ойлауға болмайды. Сондықтан былай деймін: егер жүрек
ағаштардың бұтағына [ұқсас] болса, ол [заттарды[ тану жағдайында емес; егер [жүрек]
ынтызар болса, ол назарын бір нәрсеге шоғырландыра алмайды; [жүрек] алаңдаса, күмән
мен шатасу туындайды. Егер [заттарды] зерттеуші бар назарын даоға аударса, онда
барлық заттар танылады.