Page 316 - Ежелгі шығыс философиясы

Basic HTML Version

316
жарамды адамдарды олар азғырады. Олар өздерінің дағдыланғандарына [біржақты]
байланып қалады, және басқалардан осы дағдылардың жаман екендігін естуге қорқады;
олар өз позициясы тұрғысынан қарай отырып басқа жолдарға әуестікпен қарайды және
басқа жолдардың артықшылықтары туралы естуден қорқады. Сондықтан олардың жолы
тәртіп жолынан бөлектенеді, бірақ олар өздерін дұрыс деп есептейді және тоқтағысы
келмейді. Бүл [құбылыстарға] біржақты қарап, адасу жөне дұрыс талпынысты жоғалту
емес пе? Егер [осы талпынысты] түземесе, көз тіпті өзінің алдында тұрса да, ақ пен
қараны айырмайтын болады; құлақ өзінің жанында естіліп тұрса да, барабанның зор
даусын естімейтін болады; сонда адасушы [адам] туралы не айтуға болады?! Дұрыс жолға.
түскен адамды өз елін бейберекеттікке ұшыратқан жоғарыда тұрған билеуші, төменде —
[осы немесе басқа] ілім арқылы шатасушылыққа ұшыратқан оқымысты бетінен қағады.
Мұны көру оңай болып па?
Адасу деп не аталуы мүмкін? Тілектермен ғана шектелу адасу болады, жек көрушілікпен
ғана шектелу — адасу, заттардың тек басталуын ғана көру — адасу, олардың ақырын ғана
көру — адасу, тек ұзақтағыны ғана [көру] — адасу, жақындағыны [ғана көру] — адасу,
кең ауқымнан [ғана қарау] — адасу, кемшілікті [ғана көру] — адасу, көнеге [ғана бойлай
беру] — адасу, бүгінмен [ғана] өмір сүру — адасу болады. Барлық заттар бір бірінен
ерекшеленеді, сондықтан [оларға жекелеп қарасақ] сөзсіз адасушылық туындайды. Бүл
адамдардың ойлауындағы жалпы дерт!
Сондықтан да былай деймін: [жүрек] даоны таныған кезден кейін ғана оз жолыңды дұрыс
анықтауға болады; өз жолыңды дұрыс анықтай отырып, [тап осы жолды] берік ұстануға
және бұрыс жолда тұрғандарға қарсы тұруға болады. Егер адамдарды іріктеу кезінде
дұрыс жолды жарамды есептесе, бүл дұрыс жолда тұрған адамдардың тілектеріне сәйкес
келеді және бүл жолды қаламайтындардың тілегіне қайшы келеді. Ойында дұрыс жолды
жарамды деп есептесе және дұрыс жолда тұрғандармен бірге осы жолдан бұрыс
кеткендерді сынаса - бұл тәртіптің негізі! Даоны білмесең, сонда қауіптенетін не қалады?
Сондықтан [мемлекеттегі] тәртіптің негізі — даоны игеруде. Адамдар даоны қалайша
игереді? Жауап берейін: жүректің көмегімен. Жүрек қалайша [даоны] таниды? Жауап
берейін: "бостықтың", "назарды бір нәрсеге шоғырландырудың" және "тыныштықтың"
көмегімен. Жүрек үнемі [білімді] жинақтайды, сонда да ол бостыққа ие болады. Жүрек
үнемі ұлғаяды (екіге бөлінеді), сонда да онда назарды бір нәрсеге шоғырландыру деп
аталатын нәрсе бар. Жүрек үнемі әрекетте болады, сонда ол тыныштық деп аталатын
нәрсеге ие. Адам туғаннан бастап тану қабілетіне ие; [заттарды] тану қабілетіне ие болу —
оларды есте сақтау деген соз; ал есте сақтау — [жүректе] қалдыру деген соз. Сонымен
бірге [жүрек| бостық деп аталатын нәрсеге ие. Жүрекке жинақталған [білім [заттарды]
кейінде қабылдауға кедергі келтірмесе — бүл бостық деп аталады. [Адамның] жүрегі
туғаннан тануға қабілетті, [Заттарды] тануға қабілетті болу — яғни оларды айыра [білу|
деген соз. [Заттарды] айыру — яғни бір мезгілде бірнеше [заттарды] тану. Бір мезгілде
заттарды тану — яғни ұлғаю (екіге бөлу) деген соз. Сонымен бірге [жүрек] мақсатқа
ұмтылу деген нәрсеге ие. Бір [затты] [тану] басқасын кедергі келтірмесе — бүл назарды
бір нәрсеге шоғырландыру деп аталады. [Адам] ұйықтаған кезде жүрек [оған ұйқы
әкеледі]; [адам] сергек жүрген кезде, [жүрек] еркін әрекет ете бастайды; егер жүректі өзіңе
қызмет еткізе алсаң, ол ойлай алады. Сондықтан жүрек үнемі әрекетте болады және
сонымен бірге тыныштық деп аталатын нәрсеге ие. Түс көру мен ұсақ шаруалар
[жүректің] тануына кедергі келтірмесе — бүл тыныштық деп аталады. Дұрыс жолға
түспеген, бірақ осыған ұмтылып жүрген адамға "бостық", назарды бір нәрсеге
шоғырландыру" және "тыныштық" деген [ұғымдардың] мәнін (айыптау қажет. Мұны
жүзеге асыру үшін мыналар керек: дұрыс жолға ұмтылған адамда болатын "тыныштыққа"