Page 315 - Ежелгі шығыс философиясы

Basic HTML Version

315
көру — адасу, тек ұзақтағыны ғана [көру] — адасу, жақындағыны [ғана көру] — адасу,
кең ауқымнан [ғана қарау] — адасу, кемшілікті [ғана көру] — адасу, көнеге [ғана бойлай
беру] — адасу, бүгінмен [ғана] өмір сүру — адасу болады. Барлық заттар бір бірінен
ерекшеленеді, сондықтан [оларға жекелеп қарасақ] сөзсіз адасушылық туындайды. Бұл
адамдардың ойлауындағы жалпы дерт!
... Чжухоу қонақтары — оқымыстылардың ішінде [осы немесе басқа] мектепті
шатасушылыққа ұшыратқандары ғана зардап шекті. Мо-цзы [заттарды] пайдалануды ғана
көріп, мәдениеттілікті білмеді; Сун-цзы [кішкентайдың] тілегін ғана көрді, бірақ алуға
[талпынысты] білмеді; Шэнь [Дао] заңдарды әуестікпен білді және даналықты білмеді;
Шэнь [Бу-хай] күшті ғана әуестікпен білді және даналықты білмеді; Хуэй-цзы сөзді
әуестікпен ғана білді жөне фактілерді білмеді; Чжуан-цзы аспанды ғана әуестікпен білді
және [адамзат] қызметін білмеді. Сондықтан егер [заттарды] пайдаланудан ғана шығып,
оны даоның [толық көрінісі] деп атаса, онда дао толықтай пайда алуға ұмтылу болып
шығады! Егер [шағын] тілегінен шығып және оны даоның [толық көрінісі] деп атаса, онда
дао толықтай [тек өз тілектеріңді] қанағаттандыруға ұмтылу болады! Егер заңдардан
шығып, оны даоның [толық көрінісі] деп атаса, онда дао толықтай [ережелер мен
заңдардың] жинағы болып шығады! Егер күштен шығып және оны даоның [толық
көрінісі] деп атаса, онда дао толықтай [күш кім жағында болса соның] іс-әрекетінің
еркіндігіне айналады! Егер сөздерден шығып және оны даоның [толық көрінісі] деп атаса,
онда дао толықтай дауға айналады! Егер аспаннан шығып және оны даоның [толық
көрінісі] деп атаса, онда дао толықтай [барлығында] тек [аспанға ғана] сүйенуге ұмтылу
болып шығады! Осы ілімдердің барлығы [бар болғаны] даоның бір жағын ғана көрсетеді.
Дао — өз табиғатында тұрақты және [сонымен бірге] толықтай өзгеретін нәрсе; [даоның]
кез келген бір жағы бүкіл [даоны] өзгерте алмайды. [Заттарды] бір жағынан ғана танитын
адамдар [даоның] бір жағын ғана көреді және оны [тұтастай] тануға қабілеті жетпейді.
[Алайда] олар өздері осының өзі жеткілікті деп есептейді және [сөйтіп] [өз білімдерін]
боямалайды. Нәтижесінде олар өз [жүрегіне] қобалжу туғызып қана қоймайды, [сонымен
бірге] басқа адамдарды да адастырады! Жоғарыда тұрған төменде тұрғанды адастырады
және төменде тұрған жоғарыда тұрғанды адастырады — міне, [ақылдың] көзін жапса,
адасу кімдерге бақытсыздық алып келеді.
Кун Фу-цзы адамгершілігімен, даналығымен [ерекшеленді] және соның үстіне адасудан
[зардап] шеккен жоқ; сондықтан ол [елді] басқарудың әртүрлі жолдарын үйренді, ван-
бабалармен бір қатарда тұруға қол жеткізді. [Оның] бір [ғана] мектебі жалпыға ортақ
дұрыс жолдың [білімін] игерді және оны қолдана алды. Бұл адасуға өз заманының
дағдыларымен енбегендігіне байланысты болып отыр. Сондықтан Кунфуцзы өз
қайырымдылығы жағынан Чжоу-гунмен теңеседі, оның даңқы үш ванның даңқымен
теңеседі. Міне, [жүрек] адасудан зардап шекпесе қандай бақытқа жеткізеді.
Кемеңгер адам ойлау дерттерін біледі, оның жолына адасушылық тосқауыл болғанда
[жүрек] алып келетін бақытсыздықтарды көреді; сондықтан ол қалау немесе жек көру,
басталу немесе аяқталу, жақын немесе алыс, кең немесе тар, көнеге көз тігу немесе
бүгінмен өмір сүру секілді әуестіктер ретіндегі адасу түрлерінен зардап шекпейді; ол
барлық заттарды [орын-орнына] қояды және оларды тиісінше бағалайды. Сондықтан
заттардың саналуандығы оны адасуға әкелмейді, соның арқасында олардың қарым-
қатынастары бұзылмайды.
[Заттарды] бағалауға не [мүмкіндік береді]? Жауап берейін: дао. сондықтан жүрек даоны
білмей тұра алмайды. Егер де жүрек даоны білмейтін болса, онда ол дұрыс жолды