Page 314 - Ежелгі шығыс философиясы

Basic HTML Version

314
да ұялатын болса, онда құрметті ата-анаға деген қарым-қатынас туралы не айтуға болады!
Өлім бір-ақ рет келеді, [адам] қайтып оралмайды; сондықтан бағынышты билеушіні
құрметтейді, ал ұл — әкесін құрметтейді, олар өз сезімдерін соңына дейін білдіреді.
Сондықтан тірі адамдарға қызмет көрсетуде шынайылық, кең пейілдік танытпаса және
артықшылықты ұстанбаса, бүл жабайылық деп аталады; ата-анасын жерлеу кезінде
шынайылық, кең пейілдік танытпаса және артықшылықты ұстанбаса, бұл [олардың
жадын] аяққа таптау деп аталады; кемеңгер жабайылықты жек көреді және аяққа
таптаудан ұялады, сондықтан аспан ұлына арналған табыт пен саркофагтың жеті түрі,
чжухоу үшін — бес түрі, төрелер үшін — үш түрі, оқымыстылар үшін — екі түрі болады;
[сондықтан] байлар мен қарапайымдарға арналған әркелкі савандардың бірнеше түрі
болады, ал табыттар мен жапқыштардағы оюлар [қайтыс болған адамның] рангісіне
сәйкес әртүрлі болады; бүл қайтыс болған адамға деген құрмет пен назарды көрсету үшін
және сол арқылы өмір мен өлімге, басталу мен аяқталуға [қатысты] бірдей [қарым-
қатынасты] көрсету үшін жасалады; бүл адамдардың тілектерін толықтай қанағаттандыру
үшін жасалады. Ван-бабалардың жолы осындай болған, бағыныштылардың [билеушіге]
берілгендігінің және балаларының [ата-анасына] құрметінің жоғары дәрежедегі көрінісі
осындай...
21-тарау
"Адасудан құтылу"
Адамдар әдетте [құбылыстарға] біржақты қараудан туындайтын адасудан зардап шегеді,
мұндайда олардың сол заттардың мәні туралы [толық] түсініктері болмайды. Егер
біржақтылықтан бас тартса, онда қайтадан әдеттегі дұрыс жолға түсуге болады. Егер де
бір жағы тұтас жағына теңестірілуге және оның орнына қойылуға жол берілсе, былық
басталады. Аспан астындағы екі дұрыс жолды таңдай алмайды, кемеңгер екі ойлау
[тәсілін] игере алмайды. Алайда қазіргі кезде чжухоу елді әрқайсысы өзінше басқарады,
жүз мектептің басқасынан ерекшеленетін өзіндік айрықша ілімі бар. Осы басқару
[әдістері] мен ілімдерінің ішінде сөзсіз біреуі дұрыс, басқалары дұрыс емес, біреуі
тәртіпке әкеледі, басқалары — бүліншілікке ұшыратады. Егер асыл ойлар мен елді
бүліншілікке ұшырататын барлық билеушілердің жөне ілімі адастыратын барлық
оқымыстылардың тілектеріне бойласақ, онда олардың арасында дұрыс жолға ұмтылған
және дұрыс жолға ұмтылуды оз әрекеттерінің негізі етіп алған ешкімді таба алмаймыз.
Алайда олар дұрыс жолды [таңдауға] құмарлықпен қарайды және сондықтан адасады;
осының салдарынан олардың тілектерін жүректеріне жақын санаған адамдарды олар
азғырады. Олар өздерінің дағдыланғандарына [біржақты] байланып қалады, және
басқалардан осы дағдылардың жаман екендігін естуге қорқады; олар өз позициясы
тұрғысынан қарай отырып басқа жолдарға әуестікпен қарайды және басқа жолдардың
артықшылықтары туралы естуден қорқады. Сондықтан олардың жолы тәртіп жолынан
бөлектенеді, бірақ олар өздерін дұрыс деп есептейді және тоқтағысы келмейді. Бұл
[құбылыстарға] біржақты қарап, адасу және дұрыс талпынысты жоғалту емес пе? Егер
[осы талпынысты] түземесе, көз тіпті өзінің алдында тұрса да, ақ пен қараны айырмайтын
болады; құлақ өзінің жанында естіліп тұрса да, барабанның зор даусын естімейтін болады;
сонда адасушы [адам] туралы не айтуға болады?! Дұрыс жолға түскен адамды оз елін
бейберекеттікке ұшыратқан жоғарыда тұрған билеуші, төменде — [осы немесе басқа] ілім
арқылы шатасушылыққа ұшыратқан оқымысты бетінен қағады. Мұны көру оңай болып
па?
Адасу деп не аталуы мүмкін? Тілектермен ғана шектелу адасу болады, жек көрушілікпен
ғана шектелу — адасу, заттардың тек басталуын ғана көру — адасу, олардың ақырын ғана