313
адамдарға келсең, онда олар төмендетіледі. Сондықтан, егер нағыз ұста жібі болса,
[заттардың] туралығын анықтауда алдауға болмайды; егер дұрыс таразы болса,
[заттардың] салмағын анықтауда алдауға болмайды; егер циркуль мен бұрыш өлшегіш
болса және оларды дұрыс пайдаланса, [заттардың] формасын анықтауда алдауға
болмайды; егер рәсімнің мәнін игерген кемеңгер [бар] болса, оны алдамшы әрекеттермен
адастыра алмайсың. Сондықтан ұста жібі — бүл туралықтың жоғары [шамасы]; таразы —
салмақтың жоғары [шамасы]; циркуль мен бұрыш өлшегіш — форманың жоғары
[шамасы]; рәсім — бұл адамдар мінез-құлқының жоғары [шамасы]. Рәсімді сақтамаған
және оны мойындамаған адам адамгершіліксіз адам деп аталады; рәсімді сақтайтын және
оны құрметтейтін адам жоғары адамгершілікті оқымысты деп аталады. Рәсімнің
шеңберінде пайымдай алатын адамды ойлауға қабілетті деп атауға болады; рәсімді
ұстануға деген [өзінің шешімталдығын] өзгертпеуге қабілетті адамды мықты бола алатын
адам деп атауға болады. Пайымдауға қабілетті, мықты бола алатын және оған қоса рәсімді
сүйетін адам кемеңгер адам болып табылады. Аспан — биіктің жоғары шамасы; жер —
төменгі [заттардың] жоғарғы шамасы; шексіздік — кендіктің жоғарғы шамасы; кемеңгер
— адамгершіліктің жоғары шамасы. Сондықтан адамгершілігі жоқ адамның жолын
тұтынуға ұмтылмай, ілімде кемеңгер адамнан тұрақты оқу керек.
Рәсімді [сақтау] байлықты дұрыс пайдаланудан тұрады, әшекейлерді сыйлылық
дәрежесіне қарай, айырмада [мүліктің] көлеміне қарай пайдаланудан, салтанаттылық пен
қарапайымдылықты дұрыс сәйкес келтіруден тұрады. Салтанаттың саналуандығы және
сезімдердің қарапайымдылығы — рәсімді салтанатпен сақтаудың [көрінісі]; салтанаттың
қарапайымдылығы және сезімнің асып-тасуы — рәсімді қарапайым сақтаудың [көрінісі].
Салтанат пен сезімнің ішкі [мазмұны] мен сыртқы [көрінісі] [бір бірімен] сәйкес келсе,
қатар жүріп, өзара үндессе — бұл [рәсімді сақтаудағы] орташа жолды құрайды.
Сондықтан кемеңгер жоғары [рәсімді] сақтағанда салтанатты, төменгісін сақтағанда
қарапайым, [ортадағы] жолды сақтағанда орташа болады. Баяу немесе ілгерішіл
әрекеттерінде адам осы [шеңберлерден] шығып кетпесе — бүл өзін-өзі шектеу болып
табылады, кемеңгер осы арқылы ерекшеленеді. Осы [қасиеттерге] кім ие болса, сол —
кемел оқымысты, рәсімнің шеңберінде [Аспан астын] толтыратындардың барлығын кім
тәртіпке келтіре алса және өз орнына қоя алса, сол — кемеңгер адам. Кемеңгер адам
рәсімнің [білімін] жинақтағаннан кеңпейіл болады; [оның әрекетін] кең таратқаннан ұлы
болады; рәсімді қадірлегеннен құрметке лайықты; оны соңына дейін ұстанғандықтан,
көреген.
"Ши цзинде" бүл жөнінде былай айтылған:
Рәсім құрметтелген жерде,
Барлық ережелер сақталған жерде
Сонда күлкі сыңғыры бар тараптан естіледі
Сөйленген сөздерден қуаныш лебі еседі.
Рәсімді [сақтау] өмір мен өлімге мұқият қарым-қатынастан тұрады. Туу — адамның
басталуы, өлім — оның аяқталуы. Егер [өмірдің] басынан соңына дейін адам ізгілікті
сақтай алса, ол адам өмірінің бар жолын толықтай жүзеге асыра алады. Сондықтан
кемеңгер [өмірдің] басталуына құрметпен қарайды және [оның] аяқталуына мұқият
қарайды. Басынан аяғына дейін бірдей болу — кемеңгердің жолы осындай, рәсім мен
борыш сезімінің пайда болуы осындай. Егер өлім жөнінде қам жемей бар назарыңды
өмірге ғана аударсаң, егер адамды көзі тірі және саналы кезінде ғана құрметтеп, ол қайтыс
болған және ешнәрсені сезбейтін кезде назар аудармау — бүл адамгершілігі жоқ адамның
жолы, адам сезімдерін ойша сату. Егер кемеңгер осындай ойлармен тіпті құлға жақындаса