312
Бастапқы негізге құрмет әшекей деп аталады, [тамақты] әдеттегідей ішіп-жеуге жақындау
[дұрыс] принцип деп аталады; олардың екеуі де біртүтас "мәдениеттілікке" тоғысқан кезде
[көнедегі] Ұлы тұтасуға қайтып оралуға қол жеткізіледі, бүл [рәсімді] орындаудың
жоғары дәрежесі деп аталады. Сондықтан, жоғары орынға таза суы бар ыдысты қойғанда,
құрбандық столына — шикі балықты, ал барлығының алдына — еттен жасалған [тұщы]
сорпаны қойғанда, мұның бөрі бір ғана нәрсені білдіреді: [бастапқы тағамға деген
құрмет]. [Ата-бабаны жалғастырушы] өзіне қызметші берген [шарапты] соңына дейін
ішпесе, жоқтаудан кейін құрбандық столындағы тағамнан дәм татпаса, үш қызметшіден
тағамды алып, одан әрі жемесе, мұның бәрі бір ғана нәрсені білдіреді: [салтанат
аяқталғаны]. Ірі үйлену салты кезінде [әкесі] әлі [күйеу балаға] шарабы бар ыдыс бермесе
және оны [қалыңдығын] қарсы алуға жібермесе, ата-бабалар храмында құрбандық шалу
кезінде ата-бабаларды [жалғастырушы] кимирнаға әлі кірмесе, [адам] енді ғана қайтыс
болып, қайтыс болған адамды киіндіру [салтына] әлі кіріспесе,— мұның бөрі бір ғана
нәрсені білдіреді: [салтанат әлі басталмаған]. [Аспанға құрбандық шалу салтына] шығу
кезінде аспан ұлының арбасы ақ жібек жапқышпен көмкерілсе, ал [билеушінің] басында
кенеп қалпақ болса; жаназа киімі кендір белбеуден басталса,— мұның бәрі бір ғана
нәрсені білдіреді: [қарапайымдылыққа құрмет]. Үш жылдық аза түту, [марқұмға арналған]
сүйектен өтетін зарлы жоқтаулар, "Тыныштық храмы" гимнін орындау, бір адам әндетсе,
ал үшеуі ілулі қоңыраудың жеңіл, сыбдыр қаққан дыбысын және гуілдің баяу үнімен
қосыла қайталайды,— бүл бір ғана нәрсені білдіреді: [көне дәстүрді ұстану].
Салтанаттың басталуы — қарапайым, оның жасалуы — әдемі, соңы — қуанышты болады.
Сондықтан салтанат жетілген, толық қалпында сақталса, [адамның] сезімі мен
салтанаттың сипаты толықтай сәйкестікке жетеді; салтанат [жақсы] сақталғанымен, бірақ
жетік болмайды, не сезім салтанаттан асып кетеді, не салтанат — сезімнен асып кетеді.
Салтанат төменгі дәрежеде сақталса, барлығы сезімге бастайды және [ертедегінің] ұлы
қарапайымдылығына алып келеді. Рәсімнің арқасында жер мен аспан келісімге келеді, күн
мен ай айқын жарқырайды, жылдың төрт маусымы бірінің соңынан бірі жүреді,
жұлдыздар мен шоқжұлдыздар [көк жүзінде] қозғалады, өзендер мен арықтар өз суын
[тербеле отырып] жеткізеді және барлық заттар өркендейді; [рәсімнің арқасында]
махаббат пен жек көрушілік [дұрыс] бағыт алады, қуаныш пен ашу — дұрыс [көріне]
алады; [рәсімнің арқасында] төмендегілер тіл алғыш, ал жоғарыдағылар дана болады және
барлық заттардың өзгеруі тәртіпке келеді. Рәсімнен кері кету апатқа ұшыратады. [Бұл]
рәсімнің ұлылығын көрсетпей ме? Егер рәсімнің [жетілген] жүйесі белгіленсе және ол
[заттар мен оқиғалардың] жоғары өлшемі болса, онда Аспан астында [ешкім] [рәсімнен]
ешнәрсе ала да алмайды, қоса да алмайды, қалған жұмыстар мен жанама ойлар өзара
келісіледі, басталу мен аяқталу бір-біріне сәйкес келеді, [сыйлы мен қарапайым арасында]
сыртқы түрінде айырма болады, пайымдаудағы [ақиқат пен жалған] егжей-тегжейлі
түсіндіріледі. Аспан астындағы [адамдар] рәсімнің [осындай] жүйесін ұстанса, [елде]
тәртіп салтанат құрады; олар рәсімді ұстанбайтын болса, тәртіпсіздік басталады; олар
рәсімді ұстанса, олардың өмірі қалыпты болады; олар ұстанбаса, олардың өміріне қауіп
төнеді; олар рәсімді ұстанатын болса, олар өмір сүреді, ұстанбаса, апатқа ұшырайды.
Міне, надан адамның түсіне алмайтыны — осы нәрсе, Рәсімнің принциптері шындығында
терең: егер оның ережелері арқылы "ақ жылқы" және "ұқсастық — айырмашылық" туралы
пікірлерге келсең, онда олар [оның жорамалдарымен] бірге құрдымға кетеді. Рәсімнің
принциптері шындығында ұлы: егер оның ережелері арқылы ойдан жасалған
ұстанымдарға және жабайы ілімдерге келсең, онда олар [өз күшін] жоғалтады. Рәсімнің
принциптері шындығында жоғары: егер оның ережелері арқылы қатал әрі бетімен кеткен
салттарды тәкаппарлықпен менсінбейтін және өзін жоғары мәдениеттімін деп санайын