311
ұлылығын көрсету үшін жасалған. Оның арбасын тартатын жылқылар үйретілген және тік
тұрады - [оның жол жүруі] осылайша қауіпсіздендірілген.
Борышты орындау үшін өзіңді құрбан етуге дайын болудың өмірді ұстап түру негізі
екендігін кім біледі? [Акшаны] жұмсауға дайын болудың байлықты қуаттайтынын кім
біледі? [Адамдарға] сүйіспеншілік пен құрметтің, көнгіштік пен көңіл жықпастықтың
тыныштықтың негізін құрайтынын кім біледі? Рәсімді сақтау мен борышты [орындаудың]
[адамдардың] сезімін татуластыратынын кім біледі? Сондықтан, [адам] тек қана өмірді
ғана көріп, оның қалайда сақтап қалуға тырысса, ол сөзсіз опат болады; [адам | тек
пайданы көріп, оны қалайда алуға тырысса, ол сөзден зиян шегеді; [адам] оз тыныштығы
үшін жалқаулық танытып, қорқақтайтын болса, ол міндетті түрде қауіпті [жағдайға |
душар болады; [адам] оз ләззаты үшін сезіміне ерік беріп қойса, ол сөзсіз опатқа
ұшырайды. Сондықтан кімде кім рәсімді орындауға және борышты орындауға ақыл-ойын
шоғырландырса, екі [нәтижеге] қол жеткізеді. Әз сезімдерді ғана бар ойын
шоғырландырған адам [оны да мұны да| жоғалтады. Сондықтан Кун Фу-цзышілдер
адамның екі нәтижеге қол жеткізгенін қалайды, ал моистер оның оны да, мұны да
жоғалтқанын қалайды — Кун Фу-цзышілдер мен Мо-цзы [ілімі] арасындағы айырма
осында.
Рәсімнің үш негізі бар: аспан мен жер — өмір сүру негізі. ата-бабалар — тұқымның негізі,
билеуші тәлімгер — тәртіптің негізі. [Шындығында], егер аспан мен жер болмаса, қалай
өмір сүрер едік? Егер де ата-бабалар болмаса, онда [адамдар] оз тегін қайдан іздер еді?
Егер де билеуші тәлімгерлер болмаса, [Аспан астын] кім тәртіпке келтірер еді? Үш
[негіздің] кез келгеніндегі кемшілік адамдардың [қалыпты] өміріне мүмкіндік бермейді.
Рәсім жоғарыда аспанды, төменде жерді, ата-бабаны сыйлауды және билеуші тәлімгерге
құрметті құптайтыны осыдан көрініп түр. Рәсімнің үш негізі осындай Вандар ұлы ата-
бабаны аспан ретінде құрметтейді және чжухоу [оның табынушысын (сүйіктілерін)]
қорлаушы батпайды; оқымыстылар мен төрелердің [ұрпақтар бойында | ұлы ата-бабалары
болады — осылайша бастауға тағзым етеді Ал тағзым ету қайрымдыны [бекітудің] негізі
болады. Аспанға құрбандық шалу [құқығы] аспан ұлына ғана тиесілі, жер алтарына
құрбандық шалуды тек чжухоу ғана жасайды, |Қайтыс болғандарға] жаназаны —
оқымыстылар мен төрелер ғана жасайды; осылайша айырмаға қол жеткізіледі, сол арқылы
лайықты құрмет құрметтеледі, лайықты жаратпаушылық жек көріледі, үлкен үлкен болып
қалады, ал кішкентай — кішкентай болып қалады. Сондықтан бүкіл Аспан астын билеуші
[ата-бабалардың] жеті ұрпағына табынады, бір патшалықтың билеушісі — бесеуіне, [төре]
— бес - соғыс арбасын жеткізуші жер иесіне — үшеуіне, үш соғыс арбасын жеткізуші жер
иесіне екеуіне табынады; қара жұмыс арқылы күн көріп жүрген адам өз ата-бабаларының
храмын иеленбеуі тиіс. Осылайша, еңбек сіңіру дәрежесінде шығармашылыққа қол
жеткізіледі: ол кең болса, оның беретін қайырымдылығы да ірі болады; олар мардымсыз
болса, оның беретін қайырымдылығы да шамалы болады.
Ұлы құрбан шалу кезінде жоғары орынға таза суы бар ыдыс қойылады, құрбандық
столына — шикі балық, ал арлығының алдына — еттен жасалған [тұщы] сорпа қойылады:
осыдан бастапқы тағамға деген құрмет көрінеді. Маусымдық құрбандық шалу кезінде
жоғары орынға тазасы бар ыдыс қойылады, бірақ [содан кейін] шарап пен миртті [ішімдік]
пайдаланылады, барлығының алдында гаолян [сыпырғышын] және жабысқақ тары қояды,
бірақ содан кейін] күріш пен тары жейді. Ай сайынғы құрбан шалу кезінде еттен жасалған
сорпаның дәмін ғана татады, бірақ таңсық тағамдарды жейді — бірінші негізге тиісінше
баға береді және сол кезде [тамақты] әдеттегідей ішетін кез жақындайды.