310
көрмеді. Сун-цзы үлкенді көрмей, шағынды ғана мойындады. Егер артта тұратынға ғана
[қарайғыш болсақ], және алда тұрғанға көз салмайтын болсақ, онда халықтың [ілгері
жылжуға] мүмкіндігі болмайды; егер тек төменшіктеуді ғана [көріп], үстемдікті жоққа
шығаратын болсақ, онда сыйлы адам мен қарапайым адамды айыра алмаймыз; егер
теңдікті ғана [көріп], [одан] ауытқуды көрмесек, онда билеушінің бұйрықтарын өмірде
іске асыру мүмкін болмайды; егер үлкенді көрмей шағында ғана [көретін болсақ] онда
халық жақсылыққа қарай өзгере алмайды. "Шу цзинде" бүл жөнінде былай айтылған:
"Өзің жақсы көргенді ғана жақсы деп есептеуге болмайды — ван-бабалардың ұлы жолын
ұстанған жон; өзің жек көргенді ғана жаман деп есептеуге болмайды,— ван-бабалардың
ұлы жолын ұстанған жөн".
19-тарау
"Рәсім туралы"
Рәсім қалай пайда болған? Жауап берейін: адамның туа бітті тілектері болады; осы
тілектер қанағаттандырылмаған кезде [оны қанағаттандыруға] деген талпыныс сөзсіз
пайда болады; осы талпыныста [адамда] шекара мен шектерді білмесе, міндетті түрде
бақталастық туындайды. Бақталастық туындаған кезде бүл бүліншілікке әкеледі, ал
бүліншілік қайыршылыққа ұшыратады. Ван-бабалар бүліншілікті болдырмау жайын
ойлаған, соңдықтан олар соған [сәйкес] [адамдарды] айыру, олардың тілектері мен
талпыныстарын қанағаттандыру үшін [рәсімдер ережелерін] және борышты жасаған.
Тілек заттарды [қанағаттандыру] мүмкіндігінен асып кетпейтіндей, ал заттар әрқашан
тілектерді қанағаттандыруға жеткілікті болатындай жағдай жасау керек, тілек пен заттар
бір бірімен сәйкес келсе, олар өзара дамиды, — рәсімнің пайда болу себебі осындай.
Рәсімнің [тілектерді] қанағаттандыру мақсатына қызмет ететіні осыдан көрініп тұр.
[Адамның] аузын үй жануарлары, күріш, тары, бес дәмнің үндесімі қоректендіреді;
мұрынды — бұрыш пен орхидейдің иісі; көзді — япша мен металдан жасалған әсем
өрнектелген бұйымдар, нәзік оюлар мен кестелер; құлақты — қоңырау, барабан, флейта,
гонг, лютна, сыбызғы, юй сыбызғысы мен шэн сыбызғысы [үндері]; денені — кең үй мен
жұмсақ төсеніштері бар тыныш бөлмелер, отыруға арналған жақсы төсеніштері бар жатын
бөлмелер рақатқа кенелтеді. Міне, рәсімнің тілектерді қанағаттандыруға қызмет ететіні
осыған байланысты.
Кемеңгер тілектерін қанағаттандыруға ұмтылғанымен, алайда ол [оларды
қанағаттандыруды] айыруға әрекет етеді. Бүл айырмалар нені білдіреді? Жауап берейін:
сыйлы адам мен қарапайым адам рангтері бойынша ажыратылуы керек; үлкен мен кішінің
арасында айырма болуы тиіс; бай мен кедей, жек көрілетін адам мен құрметті адам —
барлыгы да өз атауына сәйкес болуы тиіс. Сондықтан аспан ұлы жұмсақ төсеніші бар
арбада отырады — бұл оның денесін жайландырады; ол беліне хош иісті шөптерді тағады
— бұл оның сезім мүшелерін рахаттандырады; [оның арбаларының] жетектері ашық
түспен боялған — бұл оның көзін қуантады; [арбадағы] қоңыраудың үні ырғақты: [арба]
ақырын жүрген кезде ол у музыкасына және сян биіне сәйкес келеді, [ол] жылдамырақ
жүрген кезде, ол шао және ху музыкасына сәйкес келеді — сөйтіп, оның құлағының
құрышын қандырады; оның айдаһары бар жалаулары тоғыз жолағымен тербеледі —
[адамдар] [алдында тұрғанның аспан ұлы екендігін] осылай біледі; [оның арбасының]
дөңгелектеріне жер бауырлаған мүйізтұмсық және атылуға дайын тұрған жолбарыс
бейнеленген, [аттарының] айылдары акуланың терісінен жасалған, [доңғалағының] қабы
жібектен, бүйірі — алтын айдаһар түрінде жасалған, және мұның бәрі [аспан ұлының]