309
Аспанда күн мен айдан жарық зат жоқ, жерде маржан мен яшмадан жарық зат жоқ;
адамдар арасында рәсімдер мен борыш сезімінен жарық ешнәрсе жоқ. Егер күн мен ай
жоғары көтерілмесе, олардың шұғыласы айқын болмайды; егер көп су мен от
жинақталмаса, олардың ылғалы мен жарқылы кең таралмайды; егер маржан мен яшма өз
жарқылын [көрсетуге мүмкіндік алмаса], вандар мен гундар бұлардың асыл заттар
екендігін біле алмайды; егер рәсімдер мен борыш мемлекет өміріне бірлесіп кірмесе,
билеушінің еңбегі мен даңқы анық болмайды. Сондықтан адамның тағдыры аспанға деген
[дұрыс қарым-қатынасына] байланысты болады, ал мемлекеттің тағдыр рәсімді [дұрыс
сақтауға] байланысты болады. Билеуші рәсімді жоғары санап, талантты адамдарды
бағаласа, ол [Аспан астын] [кемел] ван ретінде билейді; билеуші заңды жоғары санап,
халықты жақсы көрсе, ол [Аспан астын] гегемон ретінде билейді; егер де билеуші ашкөз
және өтірікші болса, оған қауіп төнеді; егер ол зұлым болса, интригалар таратып, қастық
ойласа, ол сөзсіз апатқа ұшырайды.
Аспанды асқақтатып, ол туралы ойлаудың орнына өзіңнің заттарыңды көбейтіп, аспанды
өзіңе бағындырған жон емес пе? Аспанға қызмет етіп, оны жырға қосу орнына аспан
тағдырын жеңе отырып, аспанды өз мүдделеріңе пайдаланған жөн емес пе? Жыл
маусымына ғана үміттеніп, өзіңе [аспан] әкеледі деп күтуден гөрі осының бәріне жыл
маусымына сай әрекет етіп өзің жеткен жон емес пе?! Заттардың өздігінен көбейетінін
күтіп отырғаннан гөрі [адамның] мүмкіндігін пайдалана отырып, заттарды өзің өзгерткен
жон емес пе? Сонымен бірге тек заттар және оларды пайдалану туралы ойлағаннан гөрі
қолда бар заттарды тәртіпке келтіріп, бір нәрселердің қолдан шығып кетуіне мүмкіндік
бермеген жөн емес пе? Заттардың [өзіміз] қалағандай пайда болуын күтіп қана
отырғаннан гөрі оларды өз тілегімізге орай өзіміз жетілдірген жөн емес пе?! Егер адамдар
жасауы тиіс істерді қолға алмай тек аспан туралы ойласа, бұл заттардың мәнін жоғалту
екендігі осыдан көрініп тұр.
Барлық вандар басқарған уақыттар бойы өзгеріссіз қалған зат ретінде тұрақты даоны
есептеуге болады. Осы дао бірде қажетсіз етіліп, бірде қайтадан туындаса да, егер оны
[белгілі бір жыл маусымына] сәйкес келтірсе және тұрақты ұстанса, ол жалпыға ортақ
[жолға] айналады және бүліншілік болмайды. Осы тұрақты даоны білмеген адам өзгеріп
жатқан [жағдайға] қалай сәйкес келуді де білмейді. Осы тұрақты [даоның] маңызды мәні
ешқашан жойылмайды. Бүліншілік осы даоны дұрыс ұстанбаудан туындайды, бейбітшілік
пен тыныштық осы дао толық [сақталғанда] пайда болады. Сондықтан принциптерді
[қолдана білу] икемі оларды дұрыс қолданудан тұрады; принциптерді керісінше қолдануға
жол берілмейді; принциптерді дұрыс ұстанбау ұлы адасушылыққа душар етеді. Адам суда
жүзген кезде оған терең жерді көрсету керек; егер де осы белгілер анық болмаса, адам
суға батады. Халықты басқарған адам оған[мінез-құлық] принциптерін анық көрсетуі
керек, ал егер осы нұсқау анық болмаса, Аспан астында хаос салтанат құрады. Рәсім осы
кезде [мінез-құлықтың] осындай көрсеткіші болып табылады; рәсімді бұзған кезде қапас
кезең басталады, қапас кезең — бұл ұлы хаос. Сондықтан [мінез-құлық] принциптері анық
болуға тиіс емес; сыртқы және ішкі заттардың [бір бірінен] ерекше көрсеткіштері болады.
[Олар ауық-ауық] көмескіленеді, [ауық-ауық] анық болады, бірақ [жалпы алғанда олар]
тұрақты. Тек осылайша ғана халық [апаттан] құтыла алады.
Барлық заттар — бұл [табиғи] даоның бір жағы. Бір зат барлық заттардың бір жағын
құрайды; ақымақтық — бір құбылыстың бір жағы, және ақымақтардың өзі де [табиғи]
даоны білдік деп санағанымен [шындығында] оны білмейді. Шэнь-цзы артында тұрғанды
ғана көреді және алдында тұрғанды көрмеді. Лao-цзы төменшік етуді ғана мойындайды
және үстемдікті теріс көреді. Мо-цзы тендікті ғана мойындады және [одан] ауытқуды