Page 30 - Ежелгі шығыс философиясы

Basic HTML Version

30
Сезімдік қабылдау, сана сыртқы объектінің әсерін сезім мүшелерінің арналары арқылы
сезінгенде [сол жағдайларда көрініс табатын] ақиқат білім бастауы болады. Оның
объективті жұмыс істеу аймағы жалпы жөне өзіндік, оның басты қызметі — объектінің
өзіндігін белгілеу. [Сезімдік қабылдау, нәтижесі — Пурушаның сана әрекетін [оның
өзінен] айырмасыз [бір нәрсе ретінде] түсінуі. Біз болашақта қалай Пурушаның буддхи
рефлекциясына [демек, ментальді тәжірибе мазмұнына] ие болғанын толық түсіндіреміз.
Ой тұжырымы өз объектісі мен байланысы бар, біршама қисынды қорытынды жасалатын
бір топтағы [элементтердің] арасында бар және түрлі-түрлі топ [элементтері] арасында
жоқ [сана] әрекеті болады. Оның басты қызметі — жалпыны анықтау. Мысалы, ай мен
жұлдыздар қозғалысқа ие, сондықтан олар Чайтре (жеке аты — ауд.) сияқты өздерінің
келген жерлерін ауыстырады; Виндхья [таулары] қозғалмайтындықтан, орын
ауыстырмайды.
Беделді адам, басқа адамға беру үшін, [ол] көрген, немесе қисынды сырын ашқан
объектісінің білімін созбен суреттейді; сөз негізінде пайда болатын және оның мәнін
объект қылатын тыңдаушының [сана] жағдайы беделді [ауызша] куәлік болады. Егер де
куәландырушы сенімге лайық емес, [ол] көрмеген немесе қисын жолымен сыры
ашылмаған заттар, объектілер туралы айтса, онда бұндай ауызша айғақ солқылдақ болады.
Дегенмен бастапқы бедел иесінің объектіні көрген, немесе қисын жолымен сырын ашқан
айғағы солқылдақ болуы мүмкін емес.
8. Адасу, [ақиқат объектінің] өзіне, меншікті түріне негізделмеген жалған білім болады.
Неге ол ақиқат білім бастауы болмайды?
Себебі ол ақиқат білім жәрдемімен жойылады, [өйткені] ақиқат өмірде бар нәрсе
ғана ақиқат білімнің пәндік аймағы болады. Ақиқат білім мен адасудың қарама —
қарсылығы осыдан айқындалады. Сонымен екі айдың [жалған] қабылдануын
ақиқат объект ретінде өмір сүретін айды көзбен көру жоққа шығарады.
Осы [адасу], бес мағлұматсыздық болады, [ол туралы]: "Түсінбеу, эгоистік, құмарлық,
өшпенділік, өмір инстинктісі аффектісінің [бес негіздік мәні]" деп [айтылған]. Тек осылар,
келесі сәйкес келетін аттармен : қараңғылық, соқырлық, ұлы соқырлық, түнек және соқыр
түнек [болып белгіленеді]. Болашақта олар сананың "ластануына" байланысты
қарастырылады.
9. [Менталъды] құрастыру референциядан айрылған және ауызша білімнен шығады.
Ол ақиқат танымға да адасушылыққа да барын тірелмейді. Дегенмен референция, [яғни
объективтік негіз] жоқ кезде оның қолданылуы ауызша білім беделіне тәуелді болып
көрінеді. Сонымен, "Сана Пурушаның өзіндік түрі болады" [пікірін қарастырамыз]. Бірақ,
егер Пуруша сананың [таза] қуатынан өзге еш нәрсе болмайтын болса, онда бұл жағдайда
[осындай пікірлерде] не ойға алынады? Өйткені белгілеуші қызмет ойға алынғанда
көрінеді, мысалы "Чайтра сиыры". Ұқсас бейнеде: "әрекетсіз Пуруша". [Бұл жерде
Пурушаға қатысында] ақиқат объектіден табылатын қасиет терістеледі. [Тағы бір мысал]:
"Бана тұр, тоқтайды, тоқтады". [Stha] етістігінің түбірлік мәні қозғалыстың тоқтауы
ретінде түсіндіріледі. Дәл осылай: "Пуруша пайда болмайтын қасиетке ие". Бұл жерде
Пурушаға тиесілі [қандай да бір жағымсыз] қасиет емес, тек пайда болу қасиетінің
жоқтығы еске алынады. Сондықтан бұл [ойша] құрастырылған қасиет болады және
сонысымен күнделікті қолданыстағы сөздерге енген.