308
болатын өзгерістер. Олар инъ мен янның ауысуынан пайда болып отыр. Мұндай
құбылыстар сирек болады. Оған таң қалуға болады, бірақ одан үрейленудің қажеті жоқ.
Мысалы, анда-санда пайда болатын күн мен айдың тұтылуы, жаңбыр мен желдің
құбылуы, әдеттегіден тыс жұлдыздардың пайда болуы — бұл құбылыстардың бәрі де кез
келген кезеңде байқалып тұрады. Егер билеуші дана және әділдік тұрғысынан басқаратын
болса, онда отыз жыл бойы [осындай бірнеше құбылыстар] пайда болса да, олар зиян
шектірмейді! Қайта керісінше болады, егер билеуші надан әрі зұлым болса, онда тіпті
оның билік құрған кезінде осындай құбылыстардың бірі болмаса да, бұл ешқандай пайда
әкелмейді! Сондықтан жұлдыздардың ағуы мен желдің шуылы — бұл бар болғаны инъ
мен янның алмасуынан туындайтын және сирек байқалатын көк пен жердегі болатын
өзгерістер ғана; оларға таң қалуға болады, бірақ үрейленудің қажеті жоқ.
Шындығында да өмірде кездесетін [кездейсоқ] заттар мен [құбылыстардың] ішінен тек [іс
жүзінде] "таза емес адамдардан" қауіптенуге болады. Мысалы, жерді дұрыс өңдемеу
егіске зиян келтіреді; егер арам шөптерді уақтылы отамаса, егістік жерді басып кетеді;
мемлекетті қаталдықпен және зұлымдықпен басқару билеушінің халықты [өзіне
қаратудан] айырады. Егістік жерді арам шоп басып кетсе, егістік қурайды, астық бағасы
өсіп кетеді, халық ашығады және жолдардан аштықтан өлген адамдарды кездестіресіз —
мұның бәрі "адамдардың таза еместігі" деп аталады. [Билеушінің] бұйрықтары дұрыс
болмаса, еңбек борыштары уақытында белгіленіп, жойылып отырмаса, жер өндеу
бейберекетсіздікке жол берсе,— мұның бәрі "адамдардың таза еместігі" деп аталады.
Рәсімдер мен борыш принциптерін сақтамау; өзінің [үйінде] бар нәрселерді өзінің
сыртында тұрғандардан айыруды [қаламау]; еркек пен әйелдің арасындағы әдепсіз қарым-
қатынастар; әке мен баланың арасында өзара сенімнің болмауы; жоғарыдағылар мен
төмендегілердің бір-бірінен қашықтауға тырысуы; бақытсыздыққа ұласатын бүліншілік,
— міне, "адамдардың таза еместігі" деп осыны атайды. Барлық "таза еместік"
[адамдардағы] ретсіздіктен туындайды.
"Адамдардағы таза еместіктің" үш түрі болған жағдайда, олар өзара араласып мемлекетте
тыныштық болмайды. Мұндай анықтама терең көрінбеуі мүмкін, бірақ бақытсыздықтың
өзі өте бүлдіруші. [Адамдар] жыл маусымдарына сәйкес әрекет етпеген кезде, онда
сиырдың жылқы тууы, жылқының өгіз тууы, сөйтіп жануарлардың арасында "сайтани
күштің" орын алуы мүмкін. Бұған таң қалуға болғанмен, үрейленудің қажеті жоқ.
Әпсанада былай айтылған: "Канондық [кітаптарда] заттардың арасындағы оғаш нәрсе
туралы ешнәрсе айтылмайды. Сондықтан пайдасыз ойлар мен қажетсіз зерттеулерден
аулақ болу керек". Егер де билеуші мен оның бағыныштыларының борыштары, әке мен
бала арасындағы қарым-қатынас, әйел мен еркек арасындағы айырмашылық туралы
айтатын болсақ, онда бұлардың бәрін шетке ысырып тастамай, зерттеп, үзбей жетілдіру
керек.
[Былай деп сұрайды]: жаңбыр туралы көкке мінажат етіп сұрағанда, ол жауады — бұл
неліктен бұлай болады? Жауап берейін: бұл ешнәрсені де білдірмейді. Күн мен ай
тұтылғанда да адамдар олардан қорғануға тырысады, құрғақшылық кезде жаңбыр жаудыр
деп тілейді және маңызды істер бойынша шешімді тек бал ашқаннан кейін қабылдайды —
мұның бәрі де [мінәжат ету және бал ашу] арқылы шындығында [мақсатқа] жетуге болады
дегенді білдірмейді. Мұның бәрі бар болғаны [билеушінің істерін] сырттай әлеміштеу
ғана. Сондықтан кемеңгер адам мұны әшекей деп түсінеді, ал жай қарапайым адам үшін
мұнда "тәңірлік" бір нәрсе бар. Мұны әшекей деп түсінсек, бақытқа кенелеміз; мұның
бәрін құдайдай көрсек, бұл [бақытсыздыққа] душар етеді.