307
[Былай деп сұрайды]: аспан тәртіп орнатып, мемлекетке тәртіпсіздік әкеле ала ма? Жауап
берейін: Юй кезінде уақыт есебі күн, ай, жұлдыздар бойынша жүргізілді, бірақ Ю кезінде
Аспан астында тәртіп болды, ал Цзе кезінде — бүліншілік болды. Тәртіп пен
бүліншіліктің аспанға байланыссыз екендігі айқын көрінеді. Жыл маусымдары туралы
былай деп сұрайды: Аспан астындағы тәртіп пен бүліншілік оларға байланысты ма?
Жауап берейін: өсімдік пен жануарлар көктемде көбейеді, жазда қалың болып өсіп,
толысады, астықты қыста сақтайды — Юй кезінде де, Цзе кезінде де осылай болды. Юй
кезінде тәртіп – тәртіп болды, ал Цзе кезінде бүліншілік болды. Тәртіп пен бүліншіліктің
жыл маусымына байланысты емес екендігі осыдан көрініп түр. Жер туралы былай деп
сұрайды: тәртіп пен бүліншілік соған байланысты емес пе? Жауап берейін: Юй кезінде де,
Цзе кезінде де бүкіл тіршілік иелері үшін осылай болды: жер бар болса — өмір де бар,
жерден айрылса — бүліншілік орын алады. Бірақ Юй кезінде тәртіп болды, ал Цзе кезінде
— бүліншілік болды. Тәртіп пен бүліншіліктің жерге байланысты емес екендігі осыдан
көрініп түр. "Ши цзинде" бұл туралы былай айтылған:
Аспан биік тауларды көтерді,
Оның аты — Цишань.
Даңқты билеуші Тай-Ван оны өңдеді,
Ал қайырымды Вэнь-Ван
Ізгі істерді даналықпен жалғастырды —
Тауларды бауға айналдырды.
Табиғатта адамдар суықты жек көргендіктен қыс жойылып кетпейді; адамдардың ірі
қашықтықты ұнатпағандығынан жер кішірейіп қалмайды; кемеңгер надан адамдар қанша
айқайлағанына қарамастан ізгі істер жасауын тоқтатпайды. Аспанның өзінің тұрақты
қозғалатын жолы бар; жердің белгілі бір көлемі бар; кемеңгер оз ісінде тұрақты және өз
жолына сенімді; надан адам болса әрқашан даңққа және бас пайдасына ұмтылады. "Ши
цзинде" бүл туралы былай айтылған:
Жаңсақтық жасамасаң,
өз борышыңды адал орындайсың
Рәсімді сақтасаң,
Онда адамдардың сөздері мен өсегінен
Несіне қорқасың?
Чу ваны кеткенде, оның соңынан мыңдаған арбалар ілесті. Бірақ бұл чу ванының
даналығын көрсетпейді. Кемеңгер салқын тамақтар жеп, жай қайнаған су ішеді, бірақ бұл
оның жалқаулығын көрсетпейді. Мұның барлығы жағдайлармен түсіндіріледі және бұл
табиғи болып табылады. Өз еркінді тәрбиелеу, қайырымдылықты тереңдетіп, ақылды
ұшқырлау және қазіргі заманда өмір сүре отырып, өткенді ұмытпау үшін не істеу
керектігіне келсек, онда мұның барлығы өзіңе байланысты! Сондықтан кемеңгер өз
бойындағы қасиеттер алдында бас иеді, аспан құбылыстарына қатыстыларға үміттенбейді,
сондықтан кемеңгер өзінің дамуы барысында үздіксіз алға жылжиды. Надан адам болса
өзіңде бар нәрседен безінеді, ал аспан құбылыстарына қатыстыларға үмітпен қарайды,
сондықтан надан адам үнемі артқа жылжиды! Бұл бір адамның өзіне, екінші адамның —
аспанға сенетініне байланысты болады! Кемеңгердің надан адамнан айырмашылығы
осында!
Жұлдыздардың ағуы жөне ағаштардың шуылы адамдарды үрейлендіреді. Былай деп
сұрайды: бұл не нәрсе? Жауап берейін: алаңдайтын ешнәрсе жоқ. Бұл көкте және жерде