Page 306 - Ежелгі шығыс философиясы

Basic HTML Version

306
істеуге болмайтын затты істеуден бас тартса және күтсе, аспан ол үшін бәрін жасайды, ол
адасады.
Жұлдыздар бірінен соң бірі [аспанды шарлап] толық шеңбер жасайды; ай сәулесі күннің
арайын алмастырады; жылдың торт маусымы бір бірін ауыстырады; инь мен янның қуаты
ұлы өзгерістерді шақырады; айналада жел соғып, жаңбыр жауады; осы күштердің үйлесімі
арқылы заттар пайда болады, олар аспаннан өмір сүруі және жетілуі үшін барлық қажетті
заттарды алады. Адам [ішінде] жасалатындарды білмейді, ол тек қана оның нәтижесін
көреді, сондықтан оны [рух арқылы болатын] деп атайды. Адамдар тек қана заттардың
нәтижесінде неге жететінін біледі, бірақ осы көзге көрінбейтін өзгерістердің себебін
білмейді, сондықтан ол оны "аспандық" деп атайды. Тек кемеңгер адам ғана әрекет ете
отырып, [осы] "аспандық" затты түсінуге ұмтылмайды.
Аспанның әрекеті жүзеге асырылғанда және нәтижеге жеткенде адам дүниеге келеді:
алдымен тән, соңынан рух келеді. Адам [туғаннан бастап] сүю және жек көру, қуану жөне
ашулану сезімін бастан кешіру, қайғыру және қуану [қабілетін] иемденеді — бұл
"аспандық сезімдер" деп аталады. Адамның құлағы, көзі, мұрны, аузы мен терісі
заттармен жанасуға мүмкіндік берді, оның үстіне [осы сезім мүшелерінің] әрқайсысының
өздерінің [жанасу] шектері бар және олар бір-бірін ауыстыра алмайды, — міне, [адамның]
"аспандық сезім мүшелері" деп осыны атайды. Адам өзінің өмір сүруіне қажеттілердің
барлығын өзіне ұқсамайтындардан алады — бүл "адамның аспан арқылы өмір сүруі" деп
аталады. Адам өзінің өмір сүруін тап осындай жолмен қамтамасыз ететін болса, бұл
жақсылыққа алып келеді; адам өзінің өмір сүруін басқа жолдармен қамтамасыз етсе, бұл
бақытсыздыққа алып келеді. Міне, бұл "аспан тәртібі" деп аталады. Адам өзінің "аспандық
билеушісін" абдырауға алып келсе, ол өзінің "аспандық сезім мүшелерін" дұрыс
пайдаланбаса, ол "адамның аспандық өмір сүру жолын" ұстанбаса, "аспан тәртібін" бұзса
және өзінің "аспан сезімдеріне" тойымсыз болса, соның салдарынан аспан қызметінің
жемістері апатқа ұшырайды, — бұл "ұлы бақытсыздық" деп аталады. Кемеңгер адам болса
өзінің "аспандық билеушісін" нақты көре отырып, өзінің "аспандық сезім мүшелерін"
дұрыс пайдаланады, өзін барлық қажетті заттармен "аспандық өмір сүру жолына" сәйкес
қамтамасыз етеді, өзінің "аспандық сезімдерін" тәрбиелейді, соның арқасында аспан
қызметінің жемістерін толықтай сақтайды. Осылайша, ол нені істеген жөн және нені
істемеу керектігін түсінеді, нәтижесінде аспан мен жерді өзіне бағындырады және
заттарды өзіне қызмет еткізуге мәжбүрлейді. Адам толықтай және тиісті түрде өзінің өмір
сүруіне қажетті заттармен өзін қамтамасыз ететін болса және өзіне зиян жасамайтын
болса, ол өз қызметінде жалпы дұрыс жасайды, — бұл "аспанды түсіну" деп аталады.
Сондықтан ұлы икемділік [аспанның әрекетіне] өзін алмастыруға ұмтылмаудан тұрады, ал
ұлы даналық — [ол туралы] ойламаудан тұрады. Аспан туралы нені білу керектігіне
келсек, адамдарға аспан құбылыстарының жекелеген құбылыстарын тамашаласа да
жеткілікті — олар аспан денелері қозғалысының сабақтастығын біле алады. Жер туралы
нені білу керектігіне келсек, оның жарамдылығы туралы деректерді білсек те жеткілікті —
адамдар осы жерді оның жағдайларына сәйкес өңдеп алады. Жылдың торт маусымына
қатысты нені білу керектігіне келсек, онда жылдың төрт маусымы ішінде [табиғат]
құбылыстары өзгерістерінің сабақтастығын білсек те жеткілікті — адамдар жыл
маусымына сәйкес әрекет ететін болады. Инь мен янның күші туралы нені білу керектігіне
келсек, олардың үйлесімі туралы деректерді белгілесе жеткілікті — сонда адамдар оз
істерін дұрыс жүргізе алады. Адамдарды басқара отырып, |аспанның] табиғи заңын
ұстанған жон, ал өзің дұрыс жолмен жүргенің жөн.