Page 305 - Ежелгі шығыс философиясы

Basic HTML Version

305
Бізге өз жемісін тартады.
Аспан астында молшылықты қамтамасыз ету жолы [міндеттерді] бөлудің қажеттілігін
түсінуден тұрады. Аралықтарды байыптап айыру үшін егістік жерлердегі тізбектердің
тәртібін сақтау; астық өсіру үшін арам шөптерді отау; оны құнарландыру үшін егістік
жерлерге тыңайтқыштар беру, — шаруалар мен қарапайым халықтың міндеттері осындай!
Жыл маусымына сәйкес халықты еңбек етуге мәжбүрлеу, істі алға жылжыту, табыстарды
көбейту, қарапайым адамдарды татуластыру және олардың арасында тәртіп орнату, осы
арқылы кез келген жолмен өз тыныштығын қамтамасыз ету — қолбасылардың міндеттері
міне, осындай! Жоғарыда орналасқан жерді құрғақшылықтан арылту, төмендегіні — су
басудан қорғау, аяз бен ыстыққа сәйкес барлық бес түрлі астықты реттеу және сәйкес
келтіру және олардың уақтылы пісуін қамтамасыз ету — аспанның қызметі осындай. Егер
егін су басудан немесе құрғақшылықтан жойылып кеткен жағдайда, халыққа қамқорлық
жасау үшін оны қорғау, басқару, оның суықтан немесе аштықтан қырылу жағдайынан
құтқару — кемеңгер билеушілер мен дарынды сяндардың міндеттері болады...
17-тарау
"Аспан туралы"
Аспанның қозғалысы тұрақтылыққа ие. [Бұл тұрақтылық] Яо-ның арқасында болып
отырған жоқ және Цзенің себебінен опат болмайды. Адамдар осы тұрақтылыққа сәйкес
келуге ұмтылғанда, тәртіпті сақтайды, олар бақытты болады; олар осы талпынуда
тәртіпсіздікке жол берсе, оларды бақытсыздық иектейді. Егер [адам] ауыл
шаруашылығымен құлшына айналысып, ізгілікті сақтаса, онда аспан оны ырыздығынан
айырмайды. Адам өзін өмір сүруге қажетті барлық заттармен қамтамасыз етсе және
уақтылы әрекет етсе, аспан оны ауруға ұшырата алмайды. Егер адам [табиғи] даоны
сақтап, қателіктер жасамаса, аспан оған бәле жібере алмайды. Мұндай жағдайда су
тасқыны да, құрғақшылық та адамды аштық пен шөліркеуден азап шектіре алмайды; суық
пен шіліңгір ыстық оны ауруға душар ете алмайды; "зұлым күштер" оны бақытсыздыққа
ұшырата алмайды. Кімде кім өз шаруашылығын бетімен жіберсе және ізгілікті сақтамаса,
аспан оны бай ете алмайды. Егер адам өзін өмір сүруіне қажетті барлық заттармен
қамтамасыз ете алмаса және дер кезінде әрекет етпесе, аспан оған көмек бере алмайды.
Адамдар табиғи даоны бұзып, бассыздықтар жасаса, аспан оны бақытты ете алмайды.
Мұндай жағдайларда адам су баспаса да, құрғақшылық болмаса да ашығады; суық
болмай-ақ және ыстыққа ұрынбай-ақ ауырады және "зұлым күштің" әсерінсіз-ақ бақытсыз
болады.
Қазіргі кезде адам өмір сүріп отырған табиғи жағдайлар бейбітшілік пен тәртіп болған
кезбен бірдей болғанымен, алайда одан ерекшелігі бұрынғы уақыттан бері аспанға
шағынбай-ақ бәле мен бақытсыздықтар ілесіп келеді: бұл адамның өзінің әрекетінің
салдары. Сондықтан адам мен аспанның айырмашылығын түсінген адам ғана жоғары
[даналыққа] жетті деп аталады. Адамның еңбегі қатыспастан жасалатын нәрсе және оның
өз тілегінен тыс алатын нәрсесі аспанның қызметін құрайды. Мұндай жағдайда терең
ойларға ие кемеңгер оларды аспан әрекет етіп жатқандарға қатысты ойлауға жұмсамайды;
ірі қабілеттерге ие бола отырып, оларды осы әрекетке қоспайды және келешекте мұқият
байқау қабілетіне ие болатын болса да оны аспан әрекет етіп тұрған жерде жасамайды.
Міне, аспанмен оның қызметі туралы таласпау деп, осыны айтады. Аспанға жылдың торт
маусымын ауыстыру құдіреті берілген, жер — өзінде байлықты сақтауы, адам — мұның
барлығын дұрыс пайдалануы керек. Міне, өз орнын иелену деп осыны айтады. Адам өзіне