304
екендігімен, ол [халық үшін] жасаған игі істердің шындығында да көптігімен
түсіндіріледі.
"Ши Цзинде" бұл жөнінде былай деген:
Біреу дәм әкеледі,
Басқа біреу арба сүйрейді,
Біреу ат жегілген арбаны жүргізеді,
Басқа біреу өгіздердің соңынан жүреді.
Жұмыс аяқталғанда —
Билеуші келеді де,
Бар даусымен:
"Енді үйлеріңе бара беріңдер!" деп хабарлайды.
Сондықтан да былай деймін: билеушінің [міндеті] — қайырымды болу, қарапайым
адамдардың [міндеті] — қара жұмыспен айналысу. Қара жұмыс — игілікке қызмет ететін
жұмыс. Қарапайым адамдардың еңбегі ол қайырымды билеушіге бағытталғанда ғана
табысты болады; қарапайым адамдардың бірлескен өмірі қайырымды билеушіге
бағытталғанда ғана қалыпты болады; қарапайым адамдардың мүлкі, [осы жинақталған
дүниелері] қайырымды билеушіге бағытталғанда ғана жинақталады; қарапайым
адамдардың қабілеттері олар қайырымды билеушіге бағытталғанда ғана дұрыс
қолданылады; қарапайым адамдардың өмірі, ол қайырымды билеушіге бағытталғанда ғана
ұзақ болады. Егер әке мен бала арасындағы [қарым-қатынаста] қайырымды билеушінің
[бағыттаушы ықпалы] болмаса, бұл қарым-қатынастар туыстық қарым-қатынас бола
алмайды; егер бауырлар арасындағы [қарым-қатынастарда] қайырымды билеушінің
[бағыттаушы ықпалы] болмаса, олардың арасында келісім болмайды; егер әйел мен
еркектің арасындағы [қарым-қатынастарда] қайырымды билеушінің [бағыттаушы
ықпалы] болмаса, бұл қарым-қатынастар қуанышы бола алмайды. Осындай
қайырымдының арқасында балалар өседі, ал қарттар жасайды. Сондықтан да былай
айтылған: "Аспан мен жер [заттарды] пайда қылады, ал кемеңгерлер оларды жетілдіреді".
Мұнда жоғарыда не жайында айтылса, әңгіме сол жайында болып отыр. Қазір іс бұлай
болмай отыр: көбірек ақша жинауға ұмтылып, [халықтан] мүлкін тартып алуда; егістік
жерге салынатын салықты өсіріп, сол арқылы [халықтың] тамағын тартып алып отыр;
шекаралар мен базарлардан шамадан тыс салықтар алып, сол арқылы [тауарлар] алмасуын
тежеп отыр. Бұл аз десеңіз: [халық] оны істен босатып отыр, қателіктер [жасауын]
көтермелейді, оның қылмыс жасайтын уақытын күтеді, және оны алдайды; интригалар
арқылы халықтың ойын бұзады, халықты төңкеріп, оны сындыру үшін шындықты
жалғандықпен шатастырады. Қарапайым адамдар осындай билеушілер туындататын
сараңдықтың, бетімен кетушіліктің, толқудың және тәртіпсіздіктердің өзімен бірге ірі
қауіп пен өлім әкелетінін жақсы біледі. Сондықтан да бағыныштылар өз билеушілерін
өлтіреді, төмендегілер өзінен жоғарыда тұрғандарды өлтіреді, олар қаланы береді,
билеушілер [белгілеген] [мінез-құлық] ережелерін ұстанбайды және олардың ісі үшін өз
өмірлерін қиюды қаламайды. Мұның бәрі де билеушілердің өздерінің ісімен ғана
түсіндіріледі.
"Ши цзинде" бұл жөнінде былай айтылған:
Әлемде мұндай сөздер жоқ,
Жауап қатуға шақыратын.
Қайырымдылық әманда