Page 303 - Ежелгі шығыс философиясы

Basic HTML Version

303
негізі болады. Ертеде ван ата-бабалар адамдарды ажыратып, оларды айыру үшін
рангыларды [енгізді], нәтижесінде кейбір [адамдар] жақсы тұрды, басқалары — нашар
тұрды, біреулері бай, басқалары — кедей болды, біреулері бос жүрді, басқалары бас алмай
жұмыс істеді. Бірақ бұл [ван ата-бабалардың] [біреулерді] әдейі бейбастыққа,
тәкаппарлыққа, ысырапқорлық пен кең пейілділікке ұмтылдырғанын білдірмейді: олар
[адамдардың міндеттерін] бөлу арқылы адамсүйгіштіктің жақсы жағын ашуды және
біртіндеп оның [принциптерін] жүзеге асыруды қалады. Сондықтан асыл тастардан
өрнекті және апталған [бұйымдар] дайындау, металдан өрнекті бұйымдар әзірлеу,
көйлектегі кестелер және әдемі оюлар көрнекі әшекей зат емес, сыйлы және қарапайым
адамдарды айыруға көмек беруі тиіс. Дауылпаз (гонгты), барабанды, флейтаны, тас
дауылпазды (гонгті), лютнаны, гуслді, юй сыбызғыны, шэн сыбызғыны жасау қуаныш пен
қайғыны айыруға көмек беру тиіс, шаттық пен келісімді шақыру — мұнда да артық кетуге
ұмтылмаған жөн! Сарайлар, мұнаралар мен павильондар салу да ыстық пен дымқылдан
бас қалқалауға, қайрымдыны күзету және игілер мен іші тарларды айыруға мүмкіндік
беруі тиіс және осы шектен шығып кетуге ұмтылуға болмайды. "Ши цзинде" бұл жөнінде
былай делінген:
Әшекейлер, статуэткалар,
Олардың әдемі оюлары
Яшма мен металдың жарқылы
Оның әдемілігі болады.
Оу, менің ваным! Оу менің билеушім!
Сен өзіңнің табанды еңбегіңмен
Әлемнің бар тарапындағы жерді
Өзіңнің қол астыңа жина.
[Адамға] асыл, әдемі түсті киімдер кигізіп, түрлі дәмді тағамдармен молынан
тамақтандырғанда, ірі қазынаны және Аспан астындағы бүкіл халықты басқаруды сеніп
тапсырғанда, оны өзінің монархы деп танығанда — мұның барлығы да ол бетімен кетіп,
тәкаппар болсын деп жасалмайды; бүл Аспан астын билеуде, барлық өзгерістерді тәртіпке
келтіруде, заттарды басқаруда, халықтың өмір сүруіне қолдау көрсетуде және Аспан
астын бірлестіруде осыдан артық адам жоқ, одан артық адамды сүйетін адам жоқ
екендігін білдіреді. Оның Аспан астындағы бүкіл халықты билеуі үшін жеткілікті
даналығы бар екендігі және оны тыныштандыру үшін көңілі кендігі; оны тәрбиелеу үшін
жеткілікті қайырымдылығы мен жақсы беделі бар екені айдан анық. Халықтың осындай
билеушісі болса, онда Аспан астында тәртіп салтанат құрады; халық оны жоғалтатын
болса, тәртіпсіздік орын алады. Қарапайым адамдар оның даналығына сүйенгенімен олар
бір-бірін ауыстыра отырып, оның уақытын үнемдеуі және даналығын арттыруы үшін ауыр
қара жұмыстар атқарады. [Қарапайым адамдар] оның кең пейілділігін шынайы түрде
марапаттайды, сондықтан оны құтқару үшін олар өзін құрбандыққа шалуға дайын және
сөйтіп оның кең пейілділігіне қолдау көрсетеді. [Қарапайым адамдар] оның
қайырымдылығын шын жүрегімен дәріптейді; сондықтан олар оған арнап асыл тастардан
бедер салынған және апталған бұйымдар, металдан жасалған бұйымдар, оның
қайырымдылығын айшықтауы және көтере түсуі үшін кестелер мен әсем оюлар
дайындайды. Бұдан байқалатыны, егер жоғарыда тұрған адам мейірімді болса, қарапайым
адамдар оны құдайдай құрметтейді, ата-анасындай жақсы көреді, және ол үшін өз
өмірлерін қуана-қуана құрбан етуге дайын болады. Бүл қандай да бір басқа себептермен
емес, мынадай нәрселермен ғана, яғни билеушінің дұрыс деп есептейтіндерінің шынында
да жақсы болуымен, ол қол жеткізген нәтижелердің шынында да ұлы табыстар