302
тура келеді. Сондықтан [заттарды] үнемді пайдалануды және халықты молшылықпен
қамтамасыз етуді білетін жерлерде [адамдар] адамгершілігі бар, өзінің борышын
сақтаушы, дана және лайықты адам ретінде сөзсіз әйгілі болады, ал [мемлекеттің]
байлығы тау-тау болып жинақталады. Бүл қандай да бір басқа себеппен емес, [заттарды]
үнемді жұмсаудың және халықты молшылықпен қамтамасыз етудің арқасында болады.
[Заттарды] үнемді жұмсауды және халықты молшылықпен қамтамасыз етуді білмейтін
жерлерде халық кедейленеді. Халық кедейленсе, егістік жерлер азып, арам шоп басып
кетеді. Егістік жерлер азып, арам шөп басып кеткен кезде өнімнің жартысын да жинай
алмайсың. [Мұндай жағдайда] жоғарыдағылар [халықтан] көбірек алуға ұмтылып, оны
қатаң түрде қанағанымен, олар өте аз алады; егер бұған қоса адамдар рәсімге сәйкес
[заттарды] үнемді жұмсамаса, олар сөзсіз алаяқ және қанаушы [халық] ретінде әйгілі
болады, ал [мемлекет] қоймасы қаңырап, кедейленеді. Бұл қандай да бір басқа себептен
емес, [заттарды] үнемді жұмсай білмеуден және халықты молшылықпен қамтамасыз
етпеуден орын алады. "Кан гао" 31 тарауында бұл жөнінде былай делінген: "[Жердегі]
молшылық аспанға ұқсап, [ел] қайырымдылыққа сәйкес басқарылса, онда [халықты
байыта отырып | өзің де байисың!". Рәсім әйгілілер мен төмендегілерді [айыратын]
рангілерді, [жасы бойынша] аға мен іні арасындағы айырмашылықты, кедейлік пен
байлықта осы рангілер мен айырмашылықтардың сәйкестігін, құрмет пен жек көрушілікті
көздейді. Сондықтан аспан ұлы халықтың қызыл көйлегін және рәсімдік қалпақты киеді,
чжухоу қара көйлек пен рәсімдік қалпақ киеді, дафу төменгі [адамдардың] киімін және
рәсімдік қалпағын киеді, оқымыстылар бұғы терісінен жасалған қалпақ және қарапайым
киім киеді. [Адамдардың] моральдық сапасы және олардың қызметі бір-біріне сәйкес
келуі тиіс және олардың айлықтары бір-біріне сәйкес келуі тиіс, адамдардың айлықтары
мен олардың пайдалылығы бір біріне сәйкес келуі тиіс. Оқымыстылардан және олардан
жоғарылардан адамдардың [жағдайы] рәсімдер және музыка арқылы реттеліп отыруы
керек. [Егер де] қарапайым адамдар, халық туралы айтатын болсақ, оларды заңдар арқылы
басқару керек. Мемлекеттің негізін қалау үшін жерді өлшеу [керек], халықты асырау үшін
кірістердің [көзін] есептеу, істерді болу үшін адамдардың күшін ескеру керек; халық өз
істерін табысты игере алатындай, істері сөзсіз кіріс әкелетіндей жағдайға қол жеткізу
керек, кіріс халықтың өмір сүруіне жететіндей [болуы тиіс]; осының барлығы адамдардың
киімге, тамаққа және басқа қажеттіліктеріне деген шығысты және олардың кірістерін
теңестіруі тиіс; [сондай-ақ] артықтарын да уақтылы қалдыру керек; міне, бүл [кірістер мен
шығыстардың] сәйкестігі деп аталады. Сондықтан да аспан ұлынан бастап қарапайым
адамдарға дейінгінің барлығы істерге қатысты болуы керек — олар үлкен немесе шағын
бола ма, олар коп немесе аз бола ма, — бәрі де осы [принциптен] шығып жатуы керек.
Сондықтан да былай деймін: [Билеушінің] сарайында жолы болғыштыққа орын болмауы
тиіс, халық ішінде [жалқау] ақжолтайлар болмауы тиіс". Мұнда |жоғарыда не айтылса],
әңгіме сол жайында болып отыр.
Егістік жерден алынатын салықты жеңілдету, шекара бекеттері мен базарлардағы ауыр
салықтарды жою, саудагерлер санын қысқарту, міндетті еңбек борыштарын азайту,
|науқан] кезінде шаруалардың уақытын алмау — міне, мемлекетті осылай ғана байытуға
болады! Міне, елді басқара отырып, халықты молшылыққа кенелту деп осыны айтады.
Адамдар бірлеспей [өмір сүре] алмайды. Егер олар бірлесіп өмір сүріп, олардың арасында
[міндеттерді] болу болмаса, бұл таласқа әкеледі; таластар тәртіпсіздікті тудырады;
тәртіпсіздік кедейлікке ұрындырады. Бұдан [міндеттерді] бөлудің болмауы — адамдар
үшін үлкен кедергі екендігін көруге болады. [Міндеттер] бөлінген кезде — бұл Аспан
астыдағылар үшін үлкен пайданың көзі болады! Билеуші — міндеттерді] бөлудің бас
басқарушысы. Сондықтан билеушіні дәріптеу Аспан астындағыны бекітудің, билеушінің
|жағдайын] бекітудің негізі болады, билеушіге деген құрмет Аспан астына деген құрметтің