301
Әрбір адам әлденені дұрыс деп есептейді — бұл данаға да, ақымаққа да бірдей тән.
Алайда олардың дұрыс деп есептейтіндері [бір бірінен] бөлек; дана мен ақымақтың
арасындағы айырмашылық осында. Адамдар бірдей қабілетке ие, алайда олар [бір бірінен]
[заттарды] тануда ерекшеленеді. Егер адамдар істерде [тек] жеке мүдделері тұрғысынан
әрекет етсе және бұның жаман салдары болмаса, егер тілегіне еркіндік беріп, оларды
шектемесе, бүл халықтың жүрегінде толқу туғызады және оны тыныштандыру мүмкін
болмайды. Мұндай кезде тіпті даналардың өзі мемлекетті басқара алмайды; егер де
даналар мемлекетті басқара алмаса, қадір де, құрметті міндеттер де болмайды; егер де
қызмет те, құрметті міндеттерде болмаса, адамдар ажыратылмайды. Егер де адамдар
ажыратылмаса, билеуші мен бағынышты жағдайының арасында айырмашылық болмайды.
Өзінің бағыныштыларын басқаратын билеушілер болмаса, жоғарыда [тұрған адам]
төменде [тұрғандарды] басқара алмайды және [осыған байланысты] адамдар өз тілектерін
еркіне қоя береді, Аспан астында бақытсыздық орын алады. Адамдар бірдей затты жақсы
да көреді, ұнатпайды да ғой, [бірақ] қалаушылар көп те, заттар аз. [Заттар] аз
болғандықтан, бүл міндетті түрде бақталастыққа алып келеді. Бір ғана адам ләззат алатын
заттардың көптеген адамдардың өнері арқылы жасалатынын білу керек. Бір адам
қаншалықты талантты болмасын, ол бір мезгілде барлық [кәсіптің] өнерін игере алмайды;
бір адам бір мезгілде көптеген шенеуніктің лауазымын иелене алмайды. Сондықтан, егер
адамдар бір бірінен бөлек тұратын болса және бір біріне арқа сүйемесе, бұл
қайыршылыққа әкеледі; бірақ егер олар бірге өмір сүргенімен, алайда олардың арасында
[міндеттерді] бөлісу болмаса — керіс басталады. Қайыршылық — бүл бақытсыздық, керіс
— бүл апат. [Осы] бақытсыздықтан құтылу және [осы] апатты жою үшін адамдарды бірге
өмір сүруге және [міндеттерді] бөлуге мәжбүрлеуден асқан жақсы нәрсе жоқ. Күшті
әлсізді тықсырған, ақылды ақымақты қорқытқан кезде, халық пен төмендегілер
жоғарыдағыларға қарсы қияс әрекет жасағанда, жастар қарттарды ығыстырғанда, басқару
негізінде қайырымдылық болмаған кезде — мұндай жағдайда қарттар мен әлсіздерде
өздерін қамқорлыққа алып, тамақтандыратын [адамдарсыз] қалу қаупі иектейді, тіпті
денсаулығы мықты, берік адамдардың өздері бақталастықтан күйреп қалу қайғысын
тартады. Іспен айналысуға адамдардың бәрі ықыласты емес; қызмет және билік —
адамдардың баршасы құштар болатын игілік. Егер қызметтер мен істер адамдар арасында
бөлінбесе, бақытсыздық туындайды; адамдар өздеріне пайдалы нәрсені ғана істегісі
келеді, және қызмет үшін күреседі. Әйел мен еркектің сәйкестігі, күйеуі мен әйелінің
арасындағы ерекшелік, үйлену, тұрмысқа шығу, құдалық, қалың мал, [қалыңдықты
күйеудің үйіне] жеткізу және [оны] қарсы алу мәселелерінде рәсімдер сақталмаған кезде
— мұндай жағдайда адамдардың бойын [жұбайлардың] бұрыс сәйкестігі туралы үрей
билейді және олар бақытсыздыққа душар болады: олар сүйіспеншілік үшін ұрысады.
Сондықтан даналар [адамдар арасында] айырмашылықтарды жасады.
Елді байлыққа бастар жол [заттарды] үнемді жұмсаудан және халықтың ауқаттылығын
[қамтамасыз етуден] тұрады; сонымен бірге, [заттардың] артығын сақтай білу керек.
[Заттарды] үнемді жұмсау рәсіммен анықталуы тиіс, халықтың ауқаттылығы [мемлекетті]
дұрыс басқару арқылы [қамтамасыз етілуі] тиіс. Егер халық молшылықта [өмір сүретін]
болса, онда [заттардың] молшылығы да болады. Егер халықты молшылықпен қамтамасыз
етсе, ол бай болады; егер халық бай болса, егістік жерлер құнарлы болады және ол оңай
өңделеді. Егер егістік жер құнарлы және өңделген болса, заттарды өндіру жүз есе өседі.
Егер жоғарыдағылар заңға сүйеніп салық жинайтын болса, ал төмендегілер рәсімге
сүйеніп [заттарды] үнемді жұмсайтын болса, онда молшылық төбедей және таудай болып
жинақталады, оларды сақтау үшін орын жетпейтін болады, тіпті оларды ауық-ауық жоюға