Page 300 - Ежелгі шығыс философиясы

Basic HTML Version

300
Бұдан адамдардың әлемде өмір сүре отырып бірлеспей өмір сүре алмайтыны көрінеді;
егер олар бірлесіп өмір сүрсе, бірақ [бүл ретте] [міндеттерді] бөліспейтін болса, онда
бақталастық пайда болады. Бақталастық пайда болса, бүл тәртіпсіздікке әкеледі;
тәртіпсіздік туындаса, бүл [адамдардың] [өз тұрақтарын] тастап кетуіне әкеледі; [адамдар]
[өз тұрақтарын] тастап кетсе, бүл [мемлекеттің] әлсіреуіне әкеледі; [мемлекеттің] әлсіреуі
[адамдардың] заттарды жеңе алмауына әкеледі. Мұндай жағдайда [адамдар] үйлері болса
да, онда тыныш өмір сүре алмайды. Бұдан адамдардың бір сәтке болса да рәсімдер мен
борыш сезімін лақтырып тастауға болмайтыны [көрініп тұр]. Адамдардың [рәсімдерді
сақтау және борыштылық сезімі] арқасында ата-аналарын құрметтеуі, — бұл балалық
құрметтеушілік деп аталады; адам [рәсімдерді сақтау және борыштылық сезімі] арқасында
ағасын құрметтесе, — бүл інінің ағаға деген құрметі деп аталады; адам [рәсімдерді сақтау
жөне борыштылық сезімі] арқасында жоғарыда тұрғандарды құрметтесе, — бұл бой
ұсыну деп аталады; адам [рәсімдерді сақтау және борыштылық сезімі] арқасында төменде
тұрғандарды өзіне қызмет еткізе алса, — бұл билеуші деп аталады. "Билеуші болу" —
[адамдарды] бірлесіп өмір сүргізе алу. Адамдардың бірлескен өміріндегі жолдары дұрыс
болса, әрбір зат өзінің орнын табады, үй жануарлары өсіп, көбейеді, барлық тіршілік иесі
өмір сүруге мүмкіндік алады. Сондықтан, үй жануарларын уақтылы қоректендірсе, олар
[тез] өседі; шоп пен орманды уақтылы отап, шапса, олар қалың болып өседі. Бұйрық дер
кезінде берілсе, халық біртүтас болады, ал дана және таланты [адамдар] оған ықыласпен
бағынады.
Сондықтан кемеңгер ванның тәртібі [мыналарды көздейді]: өсімдіктер гүлдеп, шырыны
ағып тұрған кезде оларды [шабуға] рұқсат берілмейді және балтасы бар [адамдарды] жас
шөптерді отап, олардың өсуін үзбеуі үшін орманға, тау баурайларына жібермейді; осы
уақытта, яғни ірі теңіз тасбақасы, аллигатор, жеуге жарамды тасбақа, әртүрлі балықтар,
бекіре жұмыртқа шығаратын немесе уылдырық шашатын кезде жас төлді өлтірмеу немесе
олардың өсуін үзбеу үшін көлге ау құруға және улы зат тастауға рұқсат етілмейді;
көктемгі жер жырту, жазғы отау, күзгі өнімді жинау және оны қыста сақтау — осының
барлығы дер кезінде жасалады, сондықтан нанның бес түрі таусылмайды және халықтың
қолында азық-түліктің артығы қалады.
Батпақтар, тоғандар, көлдер, өзендер және [басқалары] қатаң бақыланады, сондықтан
[онда] балықтар мен тасбақалар бықып жүреді және халықта олар молынан болады.
Тауларда ормандарды кесу және өсіру қажетті уақытта жүргізіледі, сондықтан таулар
жалаңаштанып тұрмайды және қарапайым адамдарға орман артығымен жетеді. Кемеңгер
ванның мақсаты [мыналардан] тұрады: жоғарыда аспанды байқау [қажет], төменде —
жерден [пайда] алу; сонда [ванның] табысы әлемде толық болады және заттарға таралады.
[Ол] түсініксізді анық етеді, қысқаны — ұзын, тарды — кең етеді. Көреген және дана бола
отырып, ол қарапайым болып алады. Сондықтан да былай дейді: [жоғарыдағы] бірлік
[төмендегі] бірлікке әкеледі. Осылай жасайтын адамды кемеңгер деп атайды!..
10-тарау
"Мемлекетті байыту"
Барлық заттар бір әлемде бірге өмір сүреді, алайда олар сыртқы түрі бойынша
ерекшеленеді; заттар өздігінен белгілі бір қажеттілікке жарамаса да, дегенмен [олардың
барлығын] адамдар пайдаланады. [Табиғи] жол міне, осындай. Адамдар [белгілі бір]
тәртіппен бірге өмір сүреді, олар бірдей талаптарды қояды, алайда оларды [жүзеге
асыруға] әртүрлі жолдармен қол жеткізеді; [адамдар] бірдей талап-тілекке ие, алайда [осы
тілектерді] тануда ерекшеленеді. Адамдардың туа біткен қасиеттері міне, осындай!