299
Сондықтан жақын 28 тұрған адам өз қабілеттерін жасырмайды, ал ұзақта тұрған адам
өзіне еңбек етудің қиынға соғатыны туралы шағымданбайды. Бүл ретте қуана отырып
және тыныштық таба отырып [осындай ванға] елші жіберуге асықпайтын осындай
оқшауланған және ұзақта жатқан мемлекет болмайды. Міне, адамға үлкендік [жасау] деп
осыны айтады, міне, ванның заңдары осындай болады...
Ұқсас заттарға қарай әр түрліні талқылайды, даралыққа қарай көп затты талқылайды;
басталу соңы болып табылады, ал соңы — басы болып табылады, және бүл басы да, аяғы
да жоқ шеңберге ұқсайды. Егер мұны алып тастаса, онда Аспан асты апатқа ұшырайды.
Аспан мен жер — [барлық] тіршіліктің басы; рәсімдер мен борыш сезімі — тәртіптің
басы; кемеңгер — рәсім мен борыш сезімінің басы. Рәсімді толық сақтау және борышты
ретімен орындау, осы қасиеттерді бұлжытпай жасап жүру және оларды табынатын жоғары
дәрежеге көтеру кемеңгердің бастауы болып табылады. Сондықтан аспан мен жер
кемеңгерге тірелгенде, ол аспан мен жер арасында [тұрғанның барлығын] тәртіпке
келтіреді; кемеңгер аспан мен жерге қатысты өзінің орнын [дұрыс] түсінеді, ол заттардың
билеушісі және халықтың әкесі мен анасы болады. Кемеңгер болмаған кезде аспан мен
жер арасында [тұрғанның барлығы] реттелмейді, рәсімдер мен борыштар жүйеленбейді,
жоғарыда билеуші де, тәлімгер де болмайды, төменде әке де, бала да болмайды, — міне,
шектен шыққан ретсіздік деп осыны айтады. Билеуші мен бағынышты, әке мен бала, аға
мен іні, күйеуі мен әйелі [ажыратылған] кезде, бүл бастау соңы болғанда, ал соңы — басы
болғанда және ол аспанмен жөне жермен біртүтас принциптермен он мың ұрпақ секілді
ұзақ басқарылғанда, — бұл ұлы негіз деп аталады. Сондықтан жерлеу рәсімдері,
тәлімгерді аулаға шақыру — бұл барлығы үшін бірыңғай болады. [Біреудің] ақсүйек
болуы, [басқа біреудің] — арамза болуы, [біреудің] өлтірілуі, [басқа біреудің] дүниеге
келуі, [біреуге] беруі, [басқа біреуден] тартып алынуы, — мұның бәрі барлығы үшін
бірыңғай [негіз] болады. Билеуші билеуші [болуы], бағыныштының — бағынышты болуы,
әкенің — әке, баланың — бала, ағаның — аға, інінің — іні болуы тиіс — мұның бәрі
барлығы үшін бірыңғай [негіз] болады. Жер өндеуші жер өндеуші, оқымысты —
оқымысты, қолөнерші — қолөнерші, саудагер — саудагер [болуы тиіс], — мұның бәрі
барлығы үшін бірыңғай [негіз] болады.
Су мен от цига ие, бірақ өмірі жоқ; шөп пен ағашта өмір бар, бірақ таным [қабілеті] жоқ;
құстар мен андардың таным [қабілеті] бар, бірақ борыш сезімінен тыс қалған; адам цига,
өмірге ие, танымға қабілетті және сонымен бірге борыш сезімі де бар, сондықтан ол Аспан
астындағы ең құрметті. [Адам] күші жағынан өгізге жол береді, жүгіру [қабілеті] жағынан
атқа жол береді, бірақ ол өгізді де, атты да өзіне қызмет жасата алады. Бүл неліктен былай
болып отыр? Жауап берейін: [адамдар] өзінің қабілеттерінің арқасында бірлесіп өмір
сүреді, ал өгіз бен ат та бүл қасиет жоқ. [Адамдар] ненің арқасында бірлесіп өмір сүреді?
Жауап берейін: [міндеттерді] бөлісудің арқасында. Бүл болу ненің арқасында мүмкін
болып отыр? Жауап берейін: борыш сезімінің арқасында. Сондықтан, бөлу борыштылық
сезіміне сәйкес жүзеге асырылатын болса, бүл келісімге әкеледі; [адамдар арасында]
келісім салтанат құратын болса, бүл бірлікке әкеледі; бірлік күшті көбейтуге әкеледі, ал
күшті көбейту қуаттылыққа әкеледі; қуаттылық заттарға үстемдік құруға әкеледі. [Адам]
осылардан оз үйлерінде тыныштық алады. Сондықтан да [адам] [оз істерінде] жылдың
торт маусымына сәйкес қабілетті бола алады, заттарды басқарып, [одан] бүкіл Аспан
астыңдағылар үшін игіліктер ала алады, бүл қандай да бір басқа себептермен емес, бұл
небәрі [адамдардың] [міндеттерді] бөле алуымен және борыш сезіміне ие болуымен
түсіндіріледі.