29
Сана қуаты тасымалданбайды және [объектілермен] жұтылмайды, объектілердің өздері
оған өзін көрсетеді, ол таза және шексіз. Ажыратушы түсінік өз мәнінде [сана] модальдігі,
яғни өзгерісі ретіндегі саттва және сонымен қатар, [осы сана қуатына] қарама — қарсы.
Сондықтан оған байыпсыз қарайтын сана, сондай-ақ, оған жетуден босатылады. Бұндай
жағдайда санаға тек санскарлар [санасыз қалыптасатын факторлар] ілеседі. Міне, осы
"ұрығынан айрылған" жинақталу болады. Одан еш нәрсені тануға болмайды, сондықтан
ол санасыз.
Сонымен, сана қызметінің тоқтауы ретінде [анықталған] бұл йога екі түрлі. Егер де
бұндай жағдайдағы сананың объектісі болмаса, мән — мағынасы — буддхиді [демек
ментальдік тәжірибені] түсіну болатын Пурушаның ["Көрерменнің"] жеке табиғаты
қандай?
3.
Онда Көруші өзінің түрінде болады.
Бүл жағдайда сана қуаты, [немесе Пуруша], өзінің меншікті түрінде, шексіз өзімен — өзі
[жағдайында] болады. Дегенмен өзектенген санада ол бұндай [болып көрінбейді], бірақ,
бұл ақиқатында солай болады.
Онда неге [бұндай болады]?
Объектілер өздерін [Көрушіге] көрсетуге байланысты болады.
4.Басқа жағдайлардағы [сананың] әрекетшілдігімен ұқсастығы.
Өзектенген Пуруша жағдайына сана қызметінен айнымайтын әрекетшілдік [тән].
Сонымен сутрада: "[Екеуі үшін] тек бір көріну бар, және бүл көріну білім болады", — деп
[айтылған]. Сана — өзінің бір ғана жақындасуы факторымен әрекет істейтін магнит
сияқты; бақыланатын қасиеті себебінен, ол өзінің әміршісі Пуруша меншігіне айналады.
Сондықтан Пурушаның [санамен] бастауы болмайтын байланысы оның сана қызметінің
[мазмұнын] андауының себебі болады. Осыған қарамастан, сананың бұл болашақ
[қызметі] әр алуан бола тұрса да, тоқтатылуы керек.
4.
[Сананың] ластанған және ластанбаған бес түрлі әрекеті.
Аффектілер себепші болған, карманың ессіз "іздерінің" қордалануы үшін қызмет
істейтіндер — ластанған, [ал] — өзінің объектісін ажыратып түсінетін және [үш] гуннің
үстемдігіне қарсы әрекет жасайтын — ластанбаған болады. Керек десе [олар]
ластанғандар ағымына түссе де былғанбаған болып [қалады], олар [енді] ластанғандар
аралығындағы былғанбағандар: [және керісінше, ластанғандар болып қалады]
ластанбағандар аралығындағы ластанғандар.
Сонымен бір және сол түрдің өзіне жататын санскарлар [сананың сәйкес келетін]
әрекетшіл [түрімен], ал әрекеттің өзі — санскарлармен жасалады. Сонымен [сананың]
әрекетшіл доңғалағы мен санскарлар тоқтаусыз айналады.[Өз табиғатында], сана өз
қызметін орындап болған соң, өзіне тендікте болады, немесе праласға [демек космостық
цикл соңында алғашқы бастауында "еріп кетуге"] келеді.Осы әрекеттің ластанған және
ластанбаған бес түрі — [төменде сараланады]:
5.
Ақиқат таным, адасу, ментальді құрастыру, ұйқы және ес
Олардан:
7. Ақиқат таным — [бұл] қабылдау, ой тұжырымы және беделді куәлік.