Page 2 - Ежелгі шығыс философиясы

Basic HTML Version

2
Ежелгі шығыс
ФИЛОСОФИЯСЫ
ВЕДА ІЛІМІ
Ригведа
, 1, 15.
1
(Сурья гимні)
1. Митра, Варуна, Агни көздері,
Құдай келбетінде нұрын төге өзгерді.
Аспан мен жерді, күллі әлемді жаратқан,
Сурья мәңгі жанды тіршілікке таратқан.
4. Сурьяның құдайлығы, таусылмас қуатында,
Кең алқапта тұтасқан жазмыштың суатында.
Егер (Сурьядан) алшақтаса жердің арасы,
Түн жамылар күңгірттенген жарық саласы..
Сәріде күнді шығар, құдайым,
Апаттан құтқар бәрін ұдайым.
6. Күн нұрындай шапағатты құдайлар.
Бәле-жала, жамандықтан (бізді) сақтар.
Ригведа
, VIII, 58
2. (Күллі мәннің бірлігі туралы)
Жалыны әрқалай алауласа да, От тұтас,
Құбылып көрінсе де, Күн тұтас,
Өңірді жарқыратар Таңсәрі тұтас,
(Осылай) болғанның бәрі де тұтас.
Ригведа
, IX, 112
4. (Сома гимні)
1. Адамдарда тілек пен ниет ажырасар сіресе,
Ұста — сынық, емші — ауру, брахман сығар соғын тілесе.
Индра үшін (сомның) тамшылары толар біресе!.
3. Мен — жырау, әкем — емші, анам шырқ айналдырар диірмен
тасын,
Әркім сырға ерген бақташыдай байлық қуар өз жолымен.
Индра үшін (сомның) тамшылары басылмасын!.
Ригведа, X, 72
5. (Құдайлардың шығу тегі туралы)
1. Қуанышпен баяндаймыз құдайлардың арғы тегін ұрпаққа
Болашақ бір заманда (құдайларды) көретін сол ұрпаққа.