Page 298 - Ежелгі шығыс философиясы

Basic HTML Version

298
дәрежеге көтеру кемеңгердің бастауы болып табылады. Сондықтан аспан мен жер
кемеңгерге тірелгенде, ол аспан мен жер арасында [тұрғанның барлығын] тәртіпке
келтіреді; кемеңгер аспан мен жерге қатысты өзінің орнын [дұрыс] түсінеді, ол заттардың
билеушісі және халықтың әкесі мен анасы болады. Кемеңгер болмаған кезде аспан мен
жер арасында [тұрғанның барлығы] реттелмейді, рәсімдер мен борыштар жүйеленбейді,
жоғарыда билеуші де, тәлімгер де болмайды, төменде әке де, бала да болмай өзінің қуатын
қамтамасыз етуі және беделін бекітуі [тиіс] ванның бұйрықтары арқылы ұмтылады. Оның
қуаттылығы қамтамасыз етілген кезде — чжухоу оны әлсірете алмайды; оның беделі
бекіген кезде — чжухоу оны азайта алмайды. Және егер [осы уақытта] Аспан астында
ванның немесе үстемінің жоғары билігі болмаса — ол бұған жете алады. Міне,
[мемлекетті] күшейтудің дұрыс жолын түсінген Адам осындай болады.
... Ванның адамдары — бүл өз әрекеттерін рәсімдер мен борыштылық сезім көмегі арқылы
бағыттайтындар, кім де кім іс-әрекетте олардың тегіне сәйкес әрекет етсе, кім істердегі
тіпті елеусіз нәрселерді анық көруге қабілетті болса, осылардың іс-шаралары [әлемдегі]
өзгерістерге жауап бере алады және қайыршылыққа әкелмейді, — мұндай адамдарды
билеу негіздерін игергендер деп атауға болады, олар ванның адамдары болып табылады.
Ванның тәртіп режимі [мемлекетті] басқару жолы үш әулеттің [жолынан] алшақ
кетпейтінін [көздейді], ал [басқару] заңдары кейінгі вандардың [заңдарынан]
ерекшеленбейді, [ванның] үш әулеттің жолынан алшақтанатын жол азғындық жолы деп
аталады; кейінгі вандардың заңдарынан ерекшеленетін заңдар әділетсіз заңдар деп
аталады. Киімнің белгілі бір үлгілері бар, сарайлар мен бөлмелердің белгілі бір [салыну]
жүйесі бар, жауынгерлер белгілі бір санды құрайды, жерлеу рәсімдері мен құрбандық
шалу рәсімдерін жасауға арналған аспаптардың әрқайсысының белгілі бір санаты бар.
Классикалық [үлгілерге] сәйкес келмейтін дыбыстарды лақтырып тастаған жөн; дәстүрлі
оюларға сәйкес келмейтін түстерден теріс айналған жөн; дәстүрлі үлгілерге сәйкес
келмейтін [рәсімдік] аспаптарды жою керек. Міне, көнеге бет бүру деп осыны айтады,
міне, ванның режимі осыдан тұрады.
Ванның принциптері қайырымдылығы жоқ адамдарды бағаламаудан; шенеуніктік
қызметті қабілетсіз адамдарға бермеуден; еңбегі сіңбегендерді мадақтамаудан; қылмыс
жасамағандарға жаза қолданбаудан [тұрады]. [Билеушінің] сарайында жолы болғыштыққа
орын болмауы тиіс, халық ішінде [жалқау] ақжолтайлар қолданылмауы тиіс.
Әрқайсысына [таланттарына] сәйкес қызмет пен ранг бере отырып, даналарды
құрметтеген және қабілеттілерді пайдаланған [жөн]; жаза тағайындауда шаманы сақтай
отырып зұлымдар мен қатыгездердің жолын қиған жөн. Сонда халық кімде кім өз үйінде
ізгі іс жасаса сарайда құрметтелетінін, ал кімде кім жасырын зұлымдық жасаса, [халық
алдында] ашық жазаланатынын түсінетін болады. Міне, орныққан принциптер деп осыны
атайды, міне, ванның принциптерің осылар құрайды.
Ванның заңдары [мыналарды көздейді]: ол салық салу дәрежелерін белгілейді, істі дұрыс
жүргізеді, заттарды жетілдіреді және сонымен халықты асырайды. Жер салығы жердің
оннан бір бөлігінің [өнімінен] тұрады; шекаралар мен базарларда тек қана [тауарларға]
тексеру жүргізеді, бірақ [алымдар] жинамайды; жыл маусымына қарай тауларда және
ормандарда [аң аулауға] және көлдер мен тоғандарда [балық аулауға] тыйым салады
немесе рұқсат береді, бірақ бүл [кәсіптерге] салық салмайды. Жер [сапасына] қарай [жер]
салығының әртүрлі санаты белгіленген; [олар жүріп өткен] жолдың шамасына қарай
[тауарларға] әртүрлі баж салығы белгіленген; тауарлар мен өнімдер, нан мен күріш ешбір
шектеусіз айналыста болады, осының нәтижесінде әртүрлі жердегі өнімдер бір отбасын
құрайтын төрт теңіздің арасында өмір сүретін адамдар секілді еркін қозғалады.