Page 297 - Ежелгі шығыс философиясы

Basic HTML Version

297
...Ванның адамдары — бүл өз әрекеттерін рәсімдер мен борыштылық сезім көмегі арқылы
бағыттайтындар, кім де кім іс-әрекетте олардың тегіне сәйкес әрекет етсе, кім істердегі
тіпті елеусіз нәрселерді анық көруге қабілетті болса, осылардың іс-шаралары [әлемдегі]
өзгерістерге жауап бере алады және қайыршылыққа әкелмейді, — мұндай адамдарды
билеу негіздерін игергендер деп атауға болады, олар ванның адамдары болып табылады.
Ванның тәртіп – режимі [мемлекетті] басқару жолы үш әулеттің [жолынан] алшақ
кетпейтінін [көздейді], ал [басқару] заңдары кейінгі вандардың [заңдарынан]
ерекшеленбейді, [ванның] үш әулеттің жолынан алшақтанатын жол азғындық жолы деп
аталады; кейінгі вандардың заңдарынан ерекшеленетін заңдар әділетсіз заңдар деп
аталады. Киімнің белгілі бір үлгілері бар, сарайлар мен бөлмелердің белгілі бір [салыну]
жүйесі бар, жауынгерлер белгілі бір санды құрайды, жерлеу рәсімдері мен құрбандық
шалу рәсімдерін жасауға арналған аспаптардың әрқайсысының белгілі бір санаты бар.
Классикалық [үлгілерге] сәйкес келмейтін дыбыстарды лақтырып тастаған жөн; дәстүрлі
оюларға сәйкес келмейтін түстерден теріс айналған жөн; дәстүрлі үлгілерге сәйкес
келмейтін [рәсімдік] аспаптарды жою керек. Міне, көнеге бет бүру деп осыны айтады,
міне, ванның режимі осыдан тұрады.
Ванның принциптері қайырымдылығы жоқ адамдарды бағаламаудан; шенеуніктік
қызметті қабілетсіз адамдарға бермеуден; еңбегі сіңбегендерді мадақтамаудан; қылмыс
жасамағандарға жаза қолданбаудан [тұрады]. [Билеушінің] сарайында жолы болғыштыққа
орын болмауы тиіс, халық ішінде [жалқау] ақжолтайлар қолданылмауы тиіс.
Әрқайсысына [таланттарына] сәйкес қызмет пен ранг бере отырып, даналарды
құрметтеген және қабілеттілерді пайдаланған [жөн]; жаза тағайындауда шаманы сақтай
отырып зұлымдар мен қатыгездердің жолын қиған жөн. Сонда халық кімде кім өз үйінде
ізгі іс жасаса сарайда құрметтелетінін, ал кімде кім жасырын зұлымдық жасаса, [халық
алдында] ашық жазаланатынын түсінетін болады. Міне, орныққан принциптер деп осыны
атайды, міне, ванның принциптерін осылар құрайды.
Ванның заңдары [мыналарды көздейді]: ол салық салу дәрежелерін белгілейді, істі дұрыс
жүргізеді, заттарды жетілдіреді және сонымен халықты асырайды. Жер салығы жердің
оннан бір бөлігінің [өнімінен] тұрады; шекаралар мен базарларда тек қана [тауарларға]
тексеру жүргізеді, бірақ |алымдар] жинамайды; жыл маусымына қарай тауларда және
ормандарда [аң аулауға] және көлдер мен тоғандарда [балық аулауға] тыйым салады
немесе рұқсат береді, бірақ бұл [кәсіптерге] салық салмайды. Жер [сапасына] қарай [жер]
салығының әртүрлі санаты белгіленген; [олар жүріп өткен] жолдың шамасына қарай
[тауарларға] әртүрлі баж салығы белгіленген; тауарлар мен өнімдер, нан мен күріш ешбір
шектеусіз айналыста болады, осының нәтижесінде әртүрлі жердегі өнімдер бір отбасын
құрайтын торт теңіздің арасында өмір сүретін адамдар секілді еркін қозғалады.
Сондықтан жақын 28 тұрған адам оз қабілеттерін жасырмайды, ал ұзақта тұрған адам
өзіне еңбек етудің қиынға соғатыны туралы шағымданбайды. Бүл ретте қуана отырып
және тыныштық таба отырып [осындай ванға] елші жіберуге асықпайтын осындай
оқшауланған және ұзақта жатқан мемлекет болмайды. Міне, адамға үлкендік [жасау] деп
осыны айтады, міне, ванның заңдары осындай болады...
Ұқсас заттарға қарай әр түрліні талқылайды, даралыққа қарай коп затты талқылайды;
басталу соңы болып табылады, ал соңы — басы болып табылады, және бүл басы да, аяғы
да жоқ шеңберге ұқсайды. Егер мұны алып тастаса, онда Аспан асты апатқа ұшырайды.
Аспан мен жер — [барлық] тіршіліктің басы; рәсімдер мен борыш сезімі — тәртіптің
басы; кемеңгер — рәсім мен борыш сезімінің басы. Рәсімді толық сақтау және борышты
ретімен орындау, осы қасиеттерді бұлжытпай жасап жүру және оларды табынатын жоғары