Page 296 - Ежелгі шығыс философиясы

Basic HTML Version

296
кәрзеңкелері мен қораптарында болады және сарай қоймаларын толтырады. [Билеушінің]
кәрзеңкелері мен қораптары және сарай қоймалары байлықпен толтырылған кезде, халық
қайыршылыққа ұшырайды, — міне, бүл "толықтай жоғарыда болу және төменнен жүдеу"
деп аталады. [Мұндай жағдайда] мемлекеттің басқыншылардан қорғануға да, не өзі
шабуылдап ұрыс жүргізуге де шамасы келмейді, тек қана [мұндай мемлекеттің]
төңкерілетінін және күйрейтінін күтуге болады.
Сондықтан мен шамадан тыс салықтармен [мемлекетті] күйреуге алып келсем, мұны
[менің елімнің байлығын] алатын жау пайдаланады да осыдан бұдан әрі құдіреттене
түседі. Сөйтіп, [халықтан] шамадан тыс салықтар алу — бұл қарақшыларды көбейтетін,
жауды байытатын мемлекетті және билеушінің өзін күйрететін жол, сол себепті дана
билеуші бұл жолмен жүрмейді. Ванның [жолымен жүретін билеуші] халықты жаулап
алуға ұмтылады, гегемон — [билеуші] көршілес мемлекеттерді жаулап алуға ұмтылады;
[мемлекетгі] қуатты етуге ұмтылатын [билеуші] жерлерді жаулап алады. Халықты жаулап
алған адам чжухоуды өзіне бағындырады; көршілес мемлекетті жаулап алған адам
чжухоудың досы болады; жерді жаулап алған адам чжухоудың жауы болады. Чжухоуды
бағындырған адам Ван секілді [Аспан астын] билей алады; чжухоудың досы болған адам
[Аспан астын] гегемон секілді билеуі мүмкін; чжухоудың жауы болған адамға қауіп
төнеді.
[Мен] тек күшіме ғана сенген кезде мен ол өзінің қабырғаларын қорғай ма немесе маған
қарсы бірінші болып шабуыл жасай ма, оған қарамастан күш арқылы қалай да болмасын
[басқа] халықты жеңуге ұмтыламын; мұндай жағдайда басқа [патшалықтың] халқына
шектірген зияным шексіз болады. Егер де [патшалықтың] халқына келтірілген зиян үлкен
болса, осы [патшалық] халқының маған деген жеккөрініші [де] үлкен болады; ал бүл
халықтың маған деген жек көрушілігі үлкен болса, ол үнемі маған қарсы соғыс ашуды
ойлап жүреді. Мен ол өзінің қабырғаларын қорғай ма немесе маған қарсы бірінші болып
шабуыл жасай ма, оған қарамастан басқа халықты тек күшке қана сүйеніп жеңуге
ұмтылсам, мұндай жағдайда менің еліме шектірген зиян да сондай үлкен болады. Егер де
менің елімнің халқына шектірген зиян үлкен болса, халықтың маған деген жек көрушілігі
[де] үлкен болады; ал елімнің халқының маған деген жек көрушілігі үлкен болса, ол мен
үшін соғысуға тілек білдірмейді. Басқа [патшалықтың] халқы үнемі маған қарсы соғыс
ашуды ойлап жүрсе де менің елімнің халқы мен үшін соғысуды қаламайды, — бүл қуатты
[патшалықтың] әлсіз болу себебін көрсетеді. Жер қосылғанымен, халық [мені] тастап
кететін болса, қамқорлық көп те, даңқты істер аз болса, [патшалықтың] аумағы
кеңейгенімен, оны қорғауы тиіс халық азаятын болса, — бұл кең байтақ [патшалықтың]
шағын елге айналуының себебі осы болады. Чжухоудың [мұндай билеушіге] деген кек алу
немесе реніш сезімі болмай қалмайды, олар өз қарсыластарын естен шығармайды, өзі
үшін тек кішкентай ғана саңылау мүмкіндікті көздеп, осы қуатты әрі кең байтақ
[патшалықтың] күйреуін тілейді. Міне, қуатты әрі кең байтақ [патшалық] үшін қауіп
төнетін кез, осындай.
[Мемлекеттің] күшеюінің дұрыс жолын түсінген адам тек күшке ғана арқа сүйемейді. Ол
[осы мақсатқа жетуде] өзінің қуатын қамтамасыз етуі және беделін бекітуі [тиіс] ванның
бұйрықтары арқылы ұмтылады. Оның қуаттылығы қамтамасыз етілген кезде — чжухоу
оны әлсірете алмайды; оның беделі бекіген кезде — чжухоу оны азайта алмайды. Және
егер [осы уақытта] Аспан астында ванның немесе үстемінің жоғары билігі болмаса — ол
бұған жете алады. Міне, [мемлекетті] күшейтудің дұрыс жолын түсінген Адам осындай
болады.