295
ғой — бүл табиғат заңы. [Адамдардың] құдіреті [күші бойынша] бірдей, ал олардың
қалаулары немесе жек көретіндері бірдей болғанда, [олардың] тілектерін
қанағаттандыратын заттар жеткіліксіз болады, мұндай жағдайда сөзсіз бақталастықтың
пайда болуынан қаша алмайсың. Бақталастық пайда болған кезде бүл міндетті түрде
тәртіпсіздікке алып келеді; тәртіпсіздік туындаған кезде, бұл еріксіз [заттардың]
жетіспеушілігіне алып келеді. Вандар ата-бабалар тәртіпсіздікке жек көрінішті қуаттады,
сол себепті [сол арқылы] [адамдарды] айыру үшін рәсімдер мен борыштың ережесін
жасап шықты және оларға арнап кедейді байдан, сыйлы адамды қарапайымнан
[айыратын] рангілер белгіледі, бүл оларға жалпы бақылау жасауға мүмкіндік берді; Аспан
астындағы [адамдардың] өміріне қолдау көрсетудің негізі осындай. "Шу цзинде" осы
мәселе жөнінде былай делінген: "Тендікке жету үшін теңсіздік қажет".
Пәуескеге жегілген ат үркіп жалт берген кезде, билеуші пәуескеде [жайбарақат] отыра
алмайды; халық [билеушінің] бұйрықтарының алдында үрейленіп отырса, ол [мемлекетті]
қалыпты басқара алмайды. Пәуескені сүйреуші ат үркіп жалт берсе, оны
тыныштандырудан игі ешнәрсе жоқ; халық [билеушінің] бұйрықтарының алдында
үрейленіп отырса, оған кең пейілділік танытудан артық ешнәрсе жоқ. Дана және тамаша
[адамдарды] [қызметке] іріктегенде, адал жөне құрметтеуге лайықтыларды өсіргенде, ата-
ана мен ағаны құрметтеуді уағыздағанда, жетім-жесірлерді жебей жүргенде, кедейлер мен
қайыршыларға көмек көрсеткенде — сонда ғана халық [билеушінің] бұйрықтарына
сабырмен мойынсынады. Ал халық [билеушінің] бұйрықтарына сабырмен
мойынсынғанда, онда билеуші де [мемлекетті] еркін басқарады. Әпсанада былай делінген:
"Билеушіні қайықпен [салыстыруға болады], ал халықты — сумен: су қайықты көтере де
алады, ал кейде оны төңкеріп те түсіре алады". Мұнда әңгіме тап сол [жоғарыда]
айтылғандар жайында болып отыр. Сондықтан, егер билеуші тұрақтылыққа ұмтылса, онда
[оған жету үшін] әділ бұйрықтар шығарып, халықты сүюден артық ешнәрсе жоқ; егер
билеуші даңққа ұмтылатын болса, онда [оған жету үшін] рәсімдерді құрметтеп,
оқымыстыларды сыйлаудан артық ешнәрсе жоқ; егер [билеуші] оз еңбегін бекітуге
ұмтылса, — бүл үшін даналарды құрметтеп, қабілетті адамдарды тартудан артық ешнәрсе
жоқ. Монархтың басқаруындағы басты буындарды [құрайтындар], міне, осылар. Егер
[осы] үш буын дұрыс [пайдаланылса], онда қалған істердің барлығы да дұрыс аяқталады;
егер үш буын дұрыс [пайдаланылмаса], онда қалған істердің барлығы ішінара дұрыс
аяқталғанымен, бүл пайда әкелмейді. Кунфу-цзы былай деген: "[Билеуші] ірі және ұсақ
[істерді] дұрыс жүргізсе — бүл жоғары дәрежелі билеуші; [билеуші] ірі істерде оң болып,
ал шағын істерде не оң не теріс болса — бүл ортаң қол дәрежелі билеуші; [ билеуші] ірі
істерді дұрыс жүргізбесе, онда ол ұсақ істерді жүргізуде оң болса да — мен оның, тіпті,
ісіне де көз салуды қаламас едім!".
[Вэй билеушілері] Чэн-хоу мен Сы-гун [халықтан] шамадан тыс салық алып, есептеуге
жүйрік болды, алайда олар халықты [өзіне қаратуға] қол жеткізе алмады. Цзы-чань
халықты [өзіне қарата] алды, алайда ол [Аспан астын] басқару жөніндегі өз жоспарын
жүзеге асыра алмады. Гуань Чжун25 [Аспан астын] басқару туралы өз жоспарын жүзеге
асыра алды, бірақ ол [өзін] рәсімдер рухында тәрбиелей алмады. Сондықтан кімде кім
рәсімді ұстана алса, сол Ван секілді Аспан астын басқара алады; кім өз басқару жоспарын
жүзеге асыра алса, ол [мемлекетті] күшті етеді, халықты [өз жағына қаратуға] қол
жеткізген [Аспан астына] тыныштық әкеледі; [халыққа] өлшеусіз салық салатын Адам
[мемлекетті] күйреуге ұшыратады. Сондықтан ванның жолын қуған [билеуші] халықты
ауқатты етеді; гегемонның жолын қуған [билеуші] латниктерді (сауыт киген
жауынгерлерді) байытады; бастауларға ғана қолдау көрсетілетін мемлекетте бүкіл байлық
мәртебелілердің [қолына шоғырланады]; күйрейтін мемлекетте бүкіл байлық [билеушінің]