293
мен Цзы-ю [тап] осы [ілім] үшін ұрпаққа қадірлі деп есептей отырып, оны таратады.
Цзысы мен Мэн Кэнің кінәсі осында.
[Адамдардың] басқару әдістерін жүйеге келтіргенде, сөз бен істі реттегенде, принциптер
мен ережелерді бірыңғай ежелде, ал содан кейін Аспан астындағы талантты және әйгілі
[адамдардың] барлығын жинап, оларға ұлы көне заман туралы [әңгімелермен]
уағыздағанда, [оларға] шынайы ұстану үшін [мысалдармен] тәрбиелегенде — сонда
бөлменің шегінен шықпастан және төсеніштен тұрмастан кемеңгер вандардан
мәдениеттіліктің бүкіл тұрпаты және тыныштық ғасырының құлықтары қалай
өркендейтінін [сезінуге болады]. Міне, сол кезде алты ілімге орын қалмайды, он екі
философ жақын болып [көріне] алмайды. Тіпті [осындай адамдар] жоғары орында тұрмай-
ақ қойсын, вандар мен гундар даңқы жағынан олармен теңесе алмайды. Олар төрелердің
[шатын] жағдайында болса [да], ешбір билеуші, ешбір мемлекет оларды алмастыра
алмайды және олардың [орнын] толтыра алмайды; олардың [даңқы] чжухоумен тең
болған кезде, оларды бағынышты ретінде иелентісі келмейтін бірде бір чжухоу болмайды.
Билігі жоқ кемеңгерлер осындай болады. Чжун- ни мен Цзы-гун, міне, осындай болған еді.
Аспан астын біріктіру, заттарды жақсарту керек, [соның нәтижесінде] халық өмір сүреді
және өзінің өмір сүруіне қажетті заттарды ала алады, ал Аспан астындағы — пайда таба
алады, адамдар барлық жағынан сөзсіз бағынады, алты ілім келмеске кетеді, ал он екі
философ [оз көзқарастарын] өзгертеді — қолында билігі бар кемеңгерлер осындай
болады; Шунь мен Юй осындай болған. Ал енді адам сүйетіндердің қалайша әрекет етуі
[тиіс] екендігін қарайық.
Жоғарыда [гүлдене] отырып, олар Шунь мен Юйдің [басқару] жүйесіне еліктеуі [тиіс;
төменде [қинала жүріп], олар Чжун-ни мен Цзы-Гунның борышын орындауына еліктеуі
[тиіс]; олар он екі философтың ілімін жоюға ұмтылуы [тиіс]. Сонда ғана Аспан астындағы
бәле-жалалар жоғалады, адам сүйгіштер өздерінің міндеттерін толықтай орындай алады
және кемеңгер вандардың істері бүкіл адамға айқын көрінеді...
9-тарау
"Ванның билік құруы"
Былайша сұрайды: [мемлекетті] басқаруды қалайша іске асыруға болады? Жауап беремін:
дана және қабілетті адамдарды олардың жағдайларына байланыссыз [қызметтерге] ұсыну
керек; жалқау және қабілетсіз адамдарды дереу [қызметтен] босату керек; басты
зұлымдарды қайта тәрбиелеуді күтпестен жазалау керек; қарапайым, орташа адамдарды
оларға [жазалау] шараларын қолдану сәтін күтпестен тәрбиелеу керек. [Қызметтердегі]
айырмашылықтар белгіленбеген кезде, ата-бабалардың тақ және жұп кестелерін
айыратындай етіп адамдарды айыра отырып, олардың [өздерін] ұстану керек. Егер
ванның, гунның, талым шидің немесе дафудың баласы немесе немересі рәсімдер ережесін
сақтамаса және борыш сезімі болмаса, оны қарапайым адамдармен бір қатарға қою керек.
Егер қарапайым адамдардың баласы немесе немересі әдебиетте табанды түрде білім
жинақтаса, өзін дұрыс ұстаса, рәсімдер ережесін сақтап, борыш сезімін түйсінсе, оны
цинмен, сянмен, ши немесе дафумен бір қатарға қоюға болады. Зұлым сөз айтқандардың,
нашар әрекет жасағандардың, жаман іске ыңғай білдіретіндердің, қаңғыбастық
жасайтындардың және толқу туғызатындардың барлығына — айналысуға іс беріп, содан
кейін тәрбиелеу керек, [түзелуі үшін] уақыт беріп, оларды марапаттау арқылы көтермелеу
және қылмыстық жазалау және айып салу туралы заңдар арқылы сақтандыру керек.