Page 292 - Ежелгі шығыс философиясы

Basic HTML Version

292
6-тарау
"Он екі ойшылға қарсы"
Қазіргі уақытта әлемде зұлым ілімдер мен теріс пікірлерді қолдайтын адамдар пайда
болды, солардың көмегімен Аспан астына бейберекетсіздіктің ұрығын себуге жөне
аярлықпен, епті айламен олар ақиқат қайсы, жалған қайсы, тәртіп қайда, бейберекетсіздік
қайда екендігін білмеуі үшін Аспан астындағы [адамдардың бастарын] қатыруға
[тырысуда]. [Олар] оз сезімдерін еркіне қоя берген, бассыздықты жайбарақат жасай
береді, мәдениеттілік пен тәртіпке қайшы келіп, аң секілді әрекет етеді; алайда халықты
адастырып, аңдау үшін олардың теориясының негізі болады, пікірлерінде дәлел болады.
То Сяо және Вэй Моу осындай болды.
[Олар] оз сезімдерін ноқталай отырып, теріс жолмен [басқалардан] ерекше көрінуге
ұмтылады, кез келген тәсілмен жалпы көпшіліктен айрықшалануға тырысады жөне
сондықтан бұқара [халықпен] жақсы қарым-қатынаста бола алмайды, [олардың
арасындағы] ұлы айырмашылықты түсінбейді; дегенмен халықты адастырып, алдау үшін
олардың көзқарастарының негізі бар, пікірлерінде дәлел болады. Чэнь Чжун және Ши Цю
осындай болды. [Олар] Аспан асты бірлестігінің және [біртүтас] мемлекет құрудың мәнін
түсінбейді, [тек] еңбекті тана санайды, тілектің қалыптылығына және шектеуге артық
[күш] жұмсайды және ерекшеліктер мен дәреже-рангтерді көзге ілмейді, осының
нәтижесінде билеушілер мен бағыныштылар арасындағы айырмашылықтар мен
ерекшеліктерді жүзеге асыру мүмкін болмайды; алайда халықты адастырып, алдау үшін
олардың көзқарасының негізі болады, пікірлерінде дәлел болады. Мо Ди және Сун Цзянь
осындай болды.
[Олар] заңды қастерлейді, бірақ [өздері] иеленбейді, [олар] [ескі ұстанымдарды]
ұстанбайды және [өзінікін] орнатуды дұрыс көреді, жоғарыда билеушіні тыңдауға,
төменде — дәстүрді ұстануға тырысады; ертеден қара кешке дейін [олар айтатын] соз
тұтас бір жинақты құрайды, алайда егер оған мұқият бойламақ болсаң, онда олар
шашыраңқы және іліп алуға тұратын ешнәрсесі болмайды; [оның көмегімен] мемлекетті
басқаруға және [адамдар арасындағы] айырымдарды бекітуге болмайды; алайда халықты
адастырып, алдау үшін олардың көзқарасының негізі болады, пікірлерінде дәлел болады.
Шэнь Дао және Тянь Пянь осындай болды. [Олар] ван ата-бабаларға еліктемейді, рәсімдер
мен борыштық сезімдерді мақұлдамайды, түсініксіз ілім жасауды ұнатады жөне ерекше
сөздермен алдандырады; олардың [пікірлерінде] терең зерттеулер болса да, алайда
олардың [халыққа] керегі жоқ; [олар] дауда шебер болғанымен, алайда олардың дауы
пайдасыз; олар [осы дауларға] көп күш жұмсағанымен, алайда [одан] келетін нәтиже
шамалы; [олардың ілімі] мемлекеттік басқару негізін құрай алмайды. Алайда халықты
адастырып, алдау үшін олардың көзқарасының негізі болады, пікірлерінде дәлел болады.
Хуэй Ши және Дэн Си осындай болды.
[Олар] жалпы ван ата-бабаларға еліктейді, бірақ олардың принциптерін білмейді; сонда да
[олар] ерекше қабілетке және ірі талпынысқа ие; олардың хабардарлығы ауқымды және
жан-жақты; өткенге сілтеме жасай отырып, [олар] [өздерінің] ілімін жасайды және оны
бес стихия жөніндегі [ілім] деп атайды. [Ол] ерекше және үлгісі жоқ, жасырын және
айтқысыз, қысқа және түсіндіргісіз болады. Оз сөздерін [өткенге] сілтемелермен
көркемдей отырып, олар оны дәріптейді және былай дейді: "Бұл өткен замандағы нағыз
кемеңгер адамның сөзі". Цзы-сы осы ілімді ұсынады, Мэн Кэ оның жалғандығын
түйсінбестен ол туралы бар күшімен айқайлайды; [осы ілімді] қабылдайды, олар Чжун-ни