Page 291 - Ежелгі шығыс философиясы

Basic HTML Version

291
Бас имес әрі қатты!
Сондықтан кемеңгер мақсатқа ұмтылған. ...Оқуды неден бастау керек? Оны немен аяқтау
керек? Жауап берейін: егер [нәрселердің] жүйелілігі туралы айтсақ, онда оқуды
канондарды жаттаудан бастап, "Салттар кітабын" оқумен аяқтау керек. Егер оқудың
моральдық мақсаты туралы айтсақ, онда басында талым болуға, ал соңында — кемеңгер
болуға ұмтылған жон. Білімді байыппен жинау, табанды және ұзақ [оқу] керек — тек
сонда [білімді адам] болуға болады! Бүкіл өмір бойы, соңғы демге дейін оқу керек
Сондықтан оқу [пәндерінің] сабақтастығының ақырғы пункті бар болса да, дегенмен
[оқудың] моральдық мақсаты қас қағым сәтке де тастауға мүмкіндік бермейді. Кім осылай
жасаса — сол адам; кім [оқуды] тастаса — сол аң. "Шу цзиннің" саяси істер туралы
тарихи жазбалар екендігін есте ұстау қажет. "Ши цзин" — дыбыстардағы
үйлесімділіктердің тоғысқан жері, "Салттар кітабы" — негізгі заңдар мен дәстүрлердің
жиынтығы. Сондықтан оқу "Салттар кітабын" үйренген кезде ғана аяқталады. Міне,
құлықтылықтың шыңына жету деп осыны айтады. "Салттар кітабында" [айтылатын] осы
қошеметтілік пен мәдениеттілік; "Юэ цзин" [оқытатын] осы бейтараптық пен
үйлесімділік; "Ши цзин" мен "Шу цзин" [беретін] осы ауқымды білім; "Чунь-цю" [кітабын
ерекшелендіретін] осы астарлы соз — жер мен аспан туралы білу қажеттінің барлығы
осылар.
Кемеңгер былай үйренеді: ол құлағы естігеннің барлығын жүрегіне қалдырады, содан
кейін бұл бүкіл тәніне таралып, оның мәнері мен мінез-құлқыңда көрініс табады: ол
сөйлегенде ұстамды, іс-әрекетте сақ. Мұның барлығы басқалар үшін үлгі бола алады.
Надан адам былай үйренеді: оның құлағы естігеннің бәрі — сол сәтінде – ақ оның аузында
болады. Ауыз бен құлақтың арасы небәрі төрт-ақ иунь\ Адам тәнінің бүкіл әсемдігін жеті
чимен осылай сипаттауға бола ма? Ертеде адамдар өзін-өзі жетілдіру үшін оқыған; қазір
адамдар тек өзін көрсету үшін оқиды! Кемеңгер оқу арқылы өзін әдемі етуге ұмтылады,
надан адам [оларға міндет еткендей] басқалардың алдында мақтан үшін оқиды.
Сондықтан [адамдарға] сенен тіпті сұрамаған нәрсе туралы әңгімелеу — асығыстық деп
аталады. Бір ғана [іс] туралы сұраса, сен екі нәрсе туралы әңгімелесең — бүл беймазалық
деп аталады. Беймазалық та, сол секілді асығыстық та жексұрын қасиеттер болып
табылады. Кемеңгердің жауабы жаңғырыққа ұқсас келеді.
Кемеңгер [пәнді] жартылай және тыңғылықсыз үйренудің [білім алудың жақсы әдісі] деп
аталмайтынын біледі. Сондықтан ол оның мазмұнына терең бойлау үшін кітапты жаттай
оқиды, [оның мәнін] игеру үшін [жаттай оқылғанды] пайымдайды; [осының барлығын]
зерттей отырып, ол өзін басқаның орнына қояды; [ол] барлық зияндыны лақтырып тастап,
өзін тұрақты тәрбиелейді. Оның мақсаты — осындай [оқуға] қатыстыдан басқа ешнәрсені
көрмеуге ұмтылу; осындай [оқуға] қатыстыдан басқа ешнәрсені естімеуге ұмтылу;
осындай [оқуға] қатыстыдан басқа ешнәрсе туралы сөйлемеуге немесе ойламауға ұмтылу.
Ол осындай [оқу әдісін] құлай сүю шегіне жеткенде, ол көз — бес түсті ұнатқандай, құлақ
— бес дыбысты, ауыз — бес иісті сезгендей тұщынатын болады, жүрек Аспан асты
билеушісі [байлығынан] пайда алуды сүйетін болады. Сонда ғана [ешқандай күш]: билік
те, халық та, Аспан астындағы билеуші де оны шайқалта алмайды! Осы [жолды] ұстана
отырып өмір сүру және өлу қажет. Міне, осылар қайырымдылық және сыпайылық деп
аталады. Қайырымдылық пен сыпайылыққа ие бола отырып қана оз бойында беріктікті
тәрбиелей аласың; оз бойында беріктікті тәрбиелей отырып қана [заттарға] сәйкес келесің.
[Адам] беріктікке ие болып және сонымен бірге [заттарға] сәйкес келсе, ол сонда ғана
[білімді] табысты аяқтаған болып табылады. Аспан оз түсімен, жер — оз кеңістігімен,
кемеңгер болса өзінің толық кемелдігімен бағалы!