290
бойынша жамандығын білдірмейді — оны салған зор жиіркенішті. Сондықтан кемеңгер
жақсы жерде өмір сүруді, ал білімді адамдармен достасқанды жөн санайды. Ол мұның
барлығын өзін өтірік пен оңбағандықтан оқшаулап, адал, тура адамдармен жақындасу
үшін істейді.
Заттардың әр түрлі санаттарының пайда болуының сөзсіз оз бастауы болды. Адамды
қоршаған атақ пен жеккөрініштілік міндетті түрде оның жақсы [немесе жаман] моральдық
қасиетімен байланысты. Егер ет борситын болса — онда құрттар пайда болады; балық
кепсе — онда жәндіктердің личинкалары пайда бола бастайды. Адамдар өзінің
жалқаулығынан өзін күтуді ұмытқан кезде пәлекетке душар болады. Егер тым қатал
болсаң, сәтсіздікке ұшырайсың; егер де тым жұмсақ іс-әрекет жасасаң, өзің орда қаласың.
Адамның жаман қасиеттері мен іс-әрекеттері өзіне байланысты; міне, осылар ашу мен
наразылықты туындатушы қайнар болып табылады. Егер [құрғақ және дымқыл] қурайды
бірге қосып, жататын болса, онда от құрғақ қурайға ұмтылады; егер [құрғақ және ылғал]
орын бір деңгейде орналасса, онда су үздіксіз [ылғалды жерге] ұмтылады. Шоп пен
ағаштар әрқашан біртектес топтармен өседі, құстар мен андар әрқашан да [біртектес] үйір
және табын болып өмір сүреді. [Бұл] барлық заттың өзіне ұқсасына ұмтылуына
байланысты болуында. Садақтан оқ ату үшін нысана қойылған кезде садақ пен жебе пайда
болады; орман тым қалың болып кетсе, орманға балта келеді; ағаштардың [бұтақтары]
қалың өсіп, [бірігіп], күн көзін көлегейлесе, [көлеңкелі жақтарыңда] құстар тобы пайда
болып көбейеді; сілті бар жерде, бәкене шыбындар (москиттер) ұшып келеді. Адамдардың
кейде өз сөзі арқылы өзіне бәле шақыратыны, ал іс-әрекетімен өзін-өзі ұятқа қалдыратыны
айдан анық. Сондықтан кемеңгер өз орнын таңдауда сақ болады.
Жер қалыңдай бергенде тау түзіледі, содан жел мен жаңбыр бастау алады. Су жиналғанда
ағын түзіледі, онда су айдаһары пайда болады. Игі істер істеу дағдыға айналғанда
қайырымдылық пайда болады, міне, осыдан керемет даналық пен рухани кемелдік келеді.
Сондықтан, жолда жарты қадамнан жинай бермей мыңдаған ли қашықтықты жеңе
алмайсың; егер ұсақ бұлақтар бір-біріне құймаса, өзен де, теңіз де құралмаған болар еді...
Сондықтан терең де жасырын тілектері жоқ адам айқын даналыққа ие бола алмайды; адам
іске толығымен берілмесе, керемет табыстарға жете алмайды. Екі жол бойынша алға артқа
адасып жүрген [жолаушы] мақсатына жете алмайды. Бір мезгілде екі билеушіге қызмет
ететін [шенеунік] адам төзгісіз. Көз бір мезгілде екі затқа қарап, оларды соншалықты
жақсы көре алмайды. Құлақ бір мезгілде екі дыбысты тыңдап, оларды айыра алмайды.
Ұшатын жыланның аяты жоқ, дегенмен ол ұша алады; аю бес түрлі қабілетке ие, сонда да
ол бейшара.
"Ши цзинде" былай делінген:
Алып тұттың бұтақтарында
Кептердің ұясын көремін
Жеті балапан сәбиді
Күні бойы ол қоректендіреді
Кім жақсы және кемеңгер болса —
Сол кептер секілді табанды
Онда бір ақ тілек бар
Оның алдында ірі мақсат тұр;
Ойлары, әрекеттері, қылықтары —
Барлығы бір мақсат дер ұмтылады,
Оның еркі Бас имейді,