Page 289 - Ежелгі шығыс философиясы

Basic HTML Version

289
Сюнь-Цзы
1-тарау
"Ілімге уағыздау"
Кемеңгер былай дейді: "Ілім үйренуде кідіруге болмайды". Міне, мынау көк бояу: оны
индиго шөбінен алады, бірақ индиго [шөбінің түсіне] қарағанда көк түс күңгірттеу. Мұз
судан түзіледі, бірақ одан гөрі салқындау. Ағаш тіп-тік боп ілініп тұрған жіппен бірдей
болуы үшін барынша тіп-тік болуы мүмкін. Алайда, егер ағашты иіп, одан арбаға арналған
доңғалақ жасаса, ол дұрыс шеңбер формасын иемденеді. Содан кейін осы доңғалақты
қалай кептірсеңіз де, ол өзінің бастапқы тіп-тік күйін қалпына келтіре алмайды. Бүл
ағашты иіп, оны осылай жасағаннан болып отыр. Аташты ұста сымымен жонатын болса,
оның тіп-тік болатыны, егер металды қайраса, оның өткір болатыны осыдан көрініп тур.
Кемеңгер кең ауқымды білімге ие болып, оның үстіне күн сайын өзін-өзі тексеріл және
өзінің мінез-құлқын саралайтын болса, сонда ол дана болады, қателіктер жасамайды.
Сондықтан, биік тау басына көтерілмесең, аспанның биіктігін білмейсің. Таудағы терең
аңғарға көз тікпей, жердің қалыңдығын білмейсің. Ата-бабаның өсиетін тыңдамай,
ғалымдықтың ұлылығын білмейсің! Жаңа туған сәбилер барлық жерде бірдей жылайды:
ганьда да, юэде де, хэде де. Олар өскен кезде, олардың дағдылары әр түрлі болады. Бүл
тәрбиенің жемісі!
"Ши цзинде" былай делінген:
Ал, билеушілер! Ұмытыңдар
Алаңсыз, тыныш демалысты,
Адал қызмет етіңдер,
Өз борыштарыңды адал атқандар.
Шынайы, шыншыл болыңдар,
Осы қасиеттерді сақтаңдар,
Игі іс жасаңдар
Әділдікті сақтаңыздар.
Оу, кеңеске құлақ асаңыздар,
Оу, осы әнге бойлаңыздар —
Сонда ғана жолдарыңыз
Ұлы бақытқа бөленеді!
Ғажайып әлемде дұрыс жолға түсуден артық ұлы нәрсе жоқ, бақытта бәле-жаладан
құтылудан артық жақсы нәрсе жоқ! Мен күні бойы ойға шомып байқадым, бірақ тіпті
қысқа мерзімді оқу беретін нәрсені ала алмадым. Мен аяғымның ұшына тұрып ұзаққа
қарап байқадым, бірақ жоғарыдан көрінетін кең жазықты көре алмадым. Биік жерде
тұрып, қол бұлғап біреуді шақырғанда, қолың бұдан ұзарып кетпейді, алайда ол ұзақтан
көрінеді. Егер желдің бағытымен айқайласаң, дауыс бұдан күшті болып кетпейді, алайда
тыңдаушы оны барынша анық естиді. Егер аттар жегілген арбамен жүрсең, аяқтарың
бұдан жылдам болып кетпейді, алайда мыңдаған ли қашықтықты бағындырасың. Егер
қайықпен жүзетін болсаң, бұдан жақсы жүзгіш болып кетпейсің, алайда үлкен және
шағын өзендерді жүзіп өте аласың. Туған кезінде кемеңгер басқалардан ерекшеленбейді.
[Ол] заттарға сүйене білуімен қалғандарынан ерекшеленеді...
Орхидея өзінен өзі хош иіске ие, бірақ оны зәрге салса, онда кемеңгер оған
жақындамайды, ал қарапайым адамдар оны беліне тақпайды! Бүл орхидеяның өз қасиеті