28
86, 90-92, 101-103, 112-131, 145-146, 185-186, 213-214, 240-244)
ЙОГА СУТРАЛАРЫ
Бірінші тарау
Жинақталу туралы
Ом, Ганешаға тағзым! Кім өзінің мәңгі түрін қалдырып, [тірі жандар] әлеміне өмірін
жүргізеді, әр түрлі тәсілдермен [оған өзінің] игілікті ниетін көрсетеді, аффектілердің
барлық жиынтығын құртқан, қорқынышты заһар, көптеген ауыз бен күлпара иесі, бәрін
басқарудың жаратушысы, мәңгілік шат-шадымандыққа [бағыттайтын] жылан нөкері, ақ
терісіне дақ түспеген, жинақталу сыйлайтын, әрқашан жинақталуда болатын құдай
жыланы — сол Сізді қорғасын.
1.
Сонымен, йогаға нұсқау.
"Сонымен" сөзі мәнін — бүл жерде пәннің [жүйелі мазмұндалу бастауы], беделді ілімнің
[бастауы ретінде] йога мазмұнын ашатын деп түсінуге болады.
Йога — сана қызметінің барлық сатыларының қай — қайсысында да көрініс табатын
жинақталу. Сана сатылары: қаңғырма, ойсыз, еркін бағытталған (викшипта), бір жерге
жинақталған, тоқыраған болады. Олардың ішінен еркін бағытталған санадағы жинақталу,
дұрысын айтқанда йога аймағына жатпайды, өйткені ол жаңғалақтықпен бұзылып кетеді.
Бірақ, санада болатын, бір нүктеге жиналған, (жинақталу) объектіге жарық түсіреді,
ақиқатта оның қандай болатынын көрсетеді, аффектілерді жояды, карма жолын әлсіретеді
және [сана өрістеуін] тоқтатуды мақсат қылып қояды, ол йог санасы атауын алады. Бүл
[йога] іріктелумен, рефлекстік пен, шадымандықпен жөне өзіндік [өңделумен]
байланысты. Біз бүл [торт модусты] келешекте түсіндіреміз.
Дегенмен [сана] кез келген жұмысын тоқтатқанда санасыз жинақталулар яғни, дұрысын
айтқанда [ессіздік йогасы пайда болады]. [Патанджали] оның анықтамасын беру
мақсатында, сутраның келесі [тұжырымдамасын] таңдайды:
2.
Йога сана қызметінің тоқтатылуы болады.
[Сутрада] "әркім" сөзінің түсіп қалуына байланысты, йог санасы да йога деп аталынады.
Сана өзінің анықтыққа, белсенділікке [немесе] бейқамдыққа бейім болғандығынан үш
модальді болады.
Сана [модальдігі ретіндегі] табиғатына анықтық тән Саттва [өзге] екі раджас пен тамас
[модальдықтарымен] байланысып, үстемдікке сосын сезімдік объектілерге таңылады.
Тамаспен араласқан ол, әділетсіздікке, білімсіздікке, бас тартпауға жөне күшін жоғалтуға
ұмтылады. Оның өзі, білімсіздік бүркенішін тастағанда, оған тек раджас қана араласқанда
толық нұр шашқан нобайымен әділдікке, білімге, самарқаулыққа және күшке ұмтылады.
Және осы, [бұл сана саттвасы], қашан ол раджастың ең соңғы былғанышынан арылғанда
[демек, сана қуаты есебіндегі] өзіндік түріне келеді, болашақ тек саттва мен [сана қуаты
ретіндегі] Пуруша арасын айыру білімі бола тұрып, [пайымдау деп аталатын] "дхармалар
бұлты" — дхьянаға ұмтылады. Бұндай [сана жағдайын] пайымдаушылар Жоғарғы
ажырату деп жорамалдайды.