288
Қайыршы былай деп жауап береді:
—
Жер бетінде кедейшіліктен өткен ұят жоқ. Мен қайыр сұраудан ұялмағанда,
оташыдан ұялам ба?
Әлде бір сундық адам жолмен келе жатып, біреу лақтырып тастаған таңбалы тақтайшаны
тауып алады. Үйіне келген соң оны тығып қояды, елден тығыла ондағы таңбаларды санап
шығады да, көршісінің алдында мақтанады:
—
Мені байлық күтіп тұр!
Бір кісінің шынар ағашы қурап қалады және көрші қария оған былай дейді:
—
Құрғап қалған шынар — нәубеттің белгісі!
Ол кісі асыға ағашты кеседі, ал көрші қария оны отынға сұрайды. Көңілсізденіп, ол кісі
былай дейді:
—
Міне, менің көршім қандай! Оған тек отын керек болған екен, сондықтан да маған
ағашты кес деп үйретіпті!
Бір кісінің балтасы жоғалады. Өз көршісінің ұлынан қауіптенеді де, оны бақылайтын
болады: жүрісі де, қарағаны да, сөйлегені де балта ұрлаған адамға ұқсайды — сайып
келгенде, әрбір қимылы, әрбір жүріс-тұрысы оны ұры сияқты көрсетеді.
Бірақ аз уақыттан кейін, ол (адам) далада жер қазып жатып, оз балтасын тауып алады.
Келесі күні өз көршісінің ұлына қайта қарайды: ол енді жүріс-тұрысымен де, қимылымен
де ұрыға ұқсамайды.
Бэйгун Шэнды көтеріліс туралы ой билеп алады. Патшаның қабылдауынан кейін, ол аса
таяғын теріс ұстап, сүйеніп тұрады. Аса таяқтың үшкір жаты оның жағын тесіп
жібергенде, қаны жерге ағады, ал ол еш нәрсені сезбейді. Ол туралы чжэндықтар естиді
де, айта бастайды:
—
Егер өзінің жағын ұмытқан болса, онда ол бәрін де ұмытады. Жүрсе — бөренеге
соқтығысады, шұңқырға түсіп кетеді немесе басымен аташқа ұрылады. Өз бойын
тек ойға билетіп қойған да, басқа еш нәрсеге көңіл бөлмейді.
Баяғыда бір цилік кісі алтынды өте армандаған екен. Таңертең ертерек тұрып, үстіне
көйлек пен басына құлақшын киіп, базарға барады, тура айырбастаушыға келіп, алтынды
жұлып алады да тура қашады.
Күзетші ұстап алып, одан сұрайды:
—
Біреудің алтынын сен қалай ұрладың? Айнала толы адам болмап па еді!
—
Мен алған кезде ешкімді байқаған жоқпын, тек алтынды көрдім,— деп цилік жауап
береді.
(Дао: гармония мира. М.,-Харьков, 2000, с. 37-47, 48-66,
67-76, 77-88, 89-104, 105-116, 117-130, 131-147)