Page 287 - Ежелгі шығыс философиясы

Basic HTML Version

287
болады. Ян патшасы оған қатты ашуланады да, жіберген адамды өлтірмекші болған кезде,
патшаның жақсы көретін қызметшісі оған кеңес береді:
Адамдар көбіне өлімнен қорқады, көбіне өмірді бағалайды. Егер уағыздаушының
өзі өмірін жоғалтқан болса, онда ол патшаны қалай өлмейтін жасамақшы?
Шабарманды тірі қалдырады. Цицзы да осылай өлместіктің жолын үйренбекші болады,
бірақ уағыздаушының өлгенін естіп, өкініштен оз кеудесін соққылай бастайды. Мұны
естіген Бай да оған күле бастайды:
Неменеге үйренбекші болғанын өзі білмейді. Кімнен өлместікті үйренбекші
болғанның өзі өлді емес пе. Ол неменеге қапаланады!
Бай шындықты айтып тұрған жоқ! —дейді Хуцзы. — Амалын білетін адамның да оны
қолдана алмайтыны болады; сондай-ақ амалды қолдана алатын адамның да қолында ол
жоқ болуы мүмкін. Әлде бір Вэ патшалығының адамы санауды керемет білетін. Өлерінің
алдында ұлына ол оз құпиясын өсиет ретінде қалдырады. Ұлы оны сөз ретінде есінде
сақтайды, ал іс жүзінде қолдана алмайды. Әкесінің сөзін ол өзінен сұраған басқа адамға
береді. Әлгі адам оны өлген марқұмнан кем қолданбайды. Өлместік пен осылай болады!
Өлместік жолын қалай тану керектігін марқұмның өзі айта алмаған ба?
Ханьдан халқы жаңа Жыл күні Цзянь-цзыға орман кептерін тарту етеді. Цзяньцзы үлкен
қуанышпен жомарттанып барлығын сыйлықпен марапаттайды.
Неге? —деп қонақ сұрайды.
Мейірімділік танытып отырмын — Жаңа жыл күні қарсаңында құстарды еркіндікке
жіберіп отырмын.
Патшаның құстарды еркіндікке жіберу туралы ынтасы бәріне белгілі, сондықтан да
орман кептерлерін жарыса ұстауда және сонымен бірге сансыз құстарды өлтіруде.
Егер патша орман кептерлерін тірі қалдырамын десе, онда оларды ұстауға тыйым
салғаны дұрыс. Егер ұстағандарды еркіндікке жіберетін болса, онда мейіріммен
құтқарылғандар өлтірілгендердің орнын толтыра алмайды.
Рас! — деп, Цзянь-цзы келіседі. Тянь, Ци патшасы, құрбандық шалып, мыңдаған
қонаққа ас береді. Ортада отырғандарға қаз бен балық тарта бастаған кезде, патша
тойлаушыларға қарайды да, күрсіне былай дейді:
Аспан халыққа қандай жомарт! Біз үшін ол дақылды мол етіп, балық пен құсты
көбейтеді.
Барша қонақ онымен келісе отырып, бір ауыздан құптайды. Тек екінші қатардан
Тәрбиелеушінің он екі жасар ұлы шығып сөйледі. Ол алға шытып, былай дейді:
Солай деймісің, патшам? Аспан мен жер біз сияқты сансыз жаратылыстарды
жаратады. Жаратылғандар арасында игілер де, жексұрындар да жоқ. Біреулер
өзгелерге қарағанда көбірек, күштірек және ақылдырақ болғандықтан ғана
басқалардың үстінен билік жүргізеді. Біреулер өзгелерді жалмайды, бірақ олар
өздерін басқа біреу жалмасын деп үйренуге келеді, бірақ шәкірттердің жартысына
жуығы суға батып кете жаздайды. Шынын айтқанда, суға батуға емес, жүзуге
үйренді. Бір адамға әкелген қыруар пайда көпке қаншама, міне, зиян келтіреді!
Оташыдан қалғанын жеу не масқара!