285
Астана Төрешісі үндемей шығып кетті, ал Мэнсунь Ян оны кінәлай бастады:
—
Сен неге тақырыпқа жанаспайтын сұрақ қойдың? Ұстаз да оған көмескі жауап
берді. Мен одан сайын шатастым.
—
Амал не! Сен оның ілімімен жаттығып, Бұрын туылғанға жақын жүріп өстің, сонда
да оны нашар түсінесің! —деп жауап берді Төреші. — Егер қой жол айрығының
көптігінен жоғалған болса, онда философтар ғылымның көпқырлылығынан
өмірлерін жоғалтады. Бүл ілімнің түп тегінен әртүрлі, оның тамырының біреу
еместігін білдірмейді; бірақ ол оның бұтақтарының қаншама көпке жайылатынын
білдіреді. Өлмес үшін және жоғалтқанды қайтару үшін ортақ тамырға, бірлікке
оралуымыз қажет.
Ян Чжудың Бу деген кіші інісі ақ жейде киіп кеткен еді. Жаңбыр жауады. Ол ақ жейдені
қараға ауыстырып киеді. Үйге қайтып келген кезде, ит оны танымай, үріп қарсы алады. Ян
Бу оған ашуланып, итті ұрмақшы болады.
—
Ұрма! —дейді оған Ян Чжу. — Егер ит ақ түспен кетіп, қара болып оралса, сен өзің
де таң қалмас па едің? Сен де солай істеген болар едің. Ян Чжу былай дейді:
—
Жақсылық даңқ үшін істелінбейді, жақсылық соңынан даңқ келеді. Олжаны
күтпей-ақ даңқ үшін жасайды, ал даңқтың артынан олжа жүреді. Ауыртпалығын
ескермей, олжа үшін жасайды, бірақ олжа артынан ауыртпалық жүреді. Міне,
қайырымды ер неге жақсылық жасаудан байқауы керек болады.
Ертеде мәңгілік өмір жолын тануға үйрететін уағыздаушы өмір сүреді. Ян патшасы оған
адам жібереді, бірақ ол жіберген адам асықпай жеткенше, әлгі уағыздаушы қайтыс
болады. Ян патшасы оған қатты ашуланады да, жіберген адамды өлтірмекші болған кезде,
патшаның жақсы көретін қызметшісі оған кеңес береді:
—
Адамдар көбіне өлімнен қорқады, көбіне өмірді бағалайды. Егер уағыздаушының
өзі өмірін жоғалтқан болса, онда ол патшаны қалай өлмейтін жасамақшы?
Шабарманды тірі қалдырады. Цицзы да осылай өлместіктің жолын үйренбекші болады,
бірақ уағыздаушының өлгенін естіп, өкініштен оз кеудесін соққылай бастайды. Мұны
естіген Бай да оған күле бастайды:
—
Неменеге үйренбекші болғанын өзі білмейді. Кімнен өлместікті үйренбекші
болғанның өзі өлді емес пе. Ол неменеге қапаланады!
—
Бай шындықты айтып тұрған жоқ! —дейді Хуцзы. — Амалын білетін адамның да
оны қолдана алмайтыны болады; сондай-ақ амалды қолдана алатын адамның да
қолында ол жоқ болуы мүмкін. Әлде бір Вэ патшалығының адамы санауды керемет
білетін. Өлерінің алдында ұлына ол өз құпиясын өсиет ретінде қалдырады. Ұлы
оны сөз ретінде есінде сақтайды, ал іс жүзінде қолдана алмайды. Әкесінің сөзін ол
өзінен сұраған басқа адамға береді. Әлгі адам оны өлген марқұмнан кем
қолданбайды. Өлместік пен осылай болады! Өлместік жолын қалай тану керектігін
марқұмның өзі айта алмаған ба?
Ханьдан халқы жаңа Жыл күні Цзянь-цзыға орман кептерін тарту етеді. Цзяньцзы үлкен
қуанышпен жомарттанып барлығын сыйлықпен марапаттайды.
—
Неге? —деп қонақ сұрайды.